32
Шешендікөнертарихы
Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика (көне
грек сөзі) дейді. Риторика ғылымының негізін салған со фист Прота гор
(б.з.б. 444 жылы туған) болып есептеледі. Протагор шешендік өнерге
бай ла нысты «Ай тыс өне рі», «Тартыс туралы», «Ғылымдар туралы»,
«Өк тем сөз» және «Жа рыс сөз» атты еңбектер жазған.
Шешендiк өнер көне Римде басты орында болды, онда сөз құ дi ре
тiне ие адамға тәңiрiндей табынған. Сенатта, сотта және т.б. жиын дар
да әрбiр ерiктi азаматтың сөйлеу құқығы болған. Сон дық тан шешен
сөй леудiң қырсырын меңгеру мeмлeкeт iстeрiнe ара ла сy талабынан
тyын дады.
Көнe Рим шeшeндiк өнeрiнiң алыбы дeп Цицeронды танимыз. Марк
Тyллий Цицeрон – шeшeндiк өнeр дiң тeо рeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк
өнeр туралы ұлы ойларын «Шeшeндiк өнeр дiң үш трактаты» eңбeгiндe
жа зып қалдырды.
Демосфен риторикадан сабақ беріп, пән ретінде негізін қалаған.
Оның 170 қолжазбасы мен 60 шешендік сөзі сақталған.
Сондайақ Сократ, Платон, Аристотель, Квинтилиандардың есім де
рін атап өтуге болады.
Қазақтыңұлттықшешендікөнерініңтарихы
Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын дөп
басып айту қиын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауыз
ша айтылып, халық жадында сақталып келді. «Түгел сөздің түбі бір,
түп атасы – Майқы би» дейтін де сөз бар. Бірақ шешендік сөз өнерінің
шығу тарихы әлдеқайда әріден басталса керек.
Біз білетін қазақ шешендерінің атасы – Жиренше шешен және ел
ау зында сақталған шешендік сөздердің ең көнесі де Жиренше аты мен
байланысты сөздер. Бізге жеткен аңызәңгімелерге қарағанда, Жи
рен ше – Әз Жәнібек хан мен Асанқайғы (XIV–XV ғғ.) заманында өмір
сүрген адам.
XVІ–XVIII ғасырларда шешендік өнерді Шалкиіз, Бұқар, Шортан бай,
Дулат, Мұрат, Төле, Қаздауысты Қазыбек, Әйтекелер жалғас тыр ды.
Шешендік өнердің кең қанат жайып, биіктеген кезеңі – XVIII ғасыр.
Бұл – қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы
тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Достарыңызбен бөлісу: |