33
3.
Берілген тіл дік бір лік тер ді пайдаланып, атаулы сөйлемдерді қа -
тыс тырып, мәтін құрастың дар.
Риторика ілімі, ерте кезден зерттеле бастады, әл-Фа ра би,
ше шен
дік өнер дің табиғаты, нағыз шеберлері, жүре қа лып-
тасады, демократия лық қо ғамда, адам құ қы мен еркіне деген
көзқарас, қы зы ғу шылық артып отыр.
Сократ сөйлегенде,
біреудің бет-ажарына, байлығына не
басқа да жұрттан асқан артықшылығына бола үндемей қал-
ма ған. Ол барынша турашыл, қарапайым әрі қайырымды,
жа ны жайсаң жан болған.
(Платон)
Данышпан Сократ көшеде
жас ойшыл Ксенофонтты жо -
лық тырып:
– Ұнды қайдан сатып алуға болады? – деп сұрайды.
– Базардан, – депті Ксенофонт.
– Ал майды ше?
– Оны да базардан.
– Ал даналық пен ізгілік алу үшін қайда баруға болады?
Жас жігіт ойланып қалыпты.
– Маған еріп жүр, мен көрсетейін, – депті Сократ.
Осыдан бастап Ксенофонт Сократтың әрі шәкірті, әрі ше -
шен дік жолындағы сапарлас серігі болған екен...
(«Ғұламалар ғибраттары» кітабынан)
4.
«Даналық пен ізгілікті қайдан алуға болады?» деген сұраққа жа уап
беріп, өз ой ла рың ды дә лел деп, дис кус сив ті эс се жа зың дар.
5.
Шешендік негіздері
туралы ойларыңды жинақтап, өз бол жам да-
рың мен толықтырып, сұхбат құрыңдар. Талқылау сұрақтарын
құрас тырып, сыни тұрғыда баға беріңдер.
Шешендік өнер үш нәрсеге негізделеді:
1)
табиғи дарын, тума талант;
2) жан-жақты білім;
3) тынымсыз еңбек, жүйелі жаттығу.
34
Марк Туллий Цицерон былай деген: «Өзінің
сөзі мен
тың дау шы сына әрі білім берсе, әрі көңілін көтерсе, ең
мықты ше шен – сол. Білім беру – шешеннің міндеті, көңі-
лін көтеру –
тың дарманға көрсеткен құрмет, күшті әсер
ету – қажеттілік».
(«Шешендік өнер негіздері» жинағынан)
6.
Ежелгі Грекия мен Көне Римдегі шешендік өнердің көрнекті
өкілдері мен олардың еңбектерін сәй кес тен діріңдер.
Аристотель
(б.з.б. 384–322)
Сөздің шындықпен арақатынасы жө -
нінде софистерге қарсы бағыт ұс тан-
ған. Абсолютті шындықты адам та ны -
мынан жоғары қойған.
Сократ
(б.з.б. 470–399)
Сократтың шәкірті.
Софистердің ри-
то рикасын ғылым ретінде жоққа шы-
ға рып, шындыққа негізделген шы на-
йы сөзді ұстанған.
Платон
(б.з.б. 427–347)
Атақты қолбасшы А.Македон ский дің
ұстазы. «Ри то рика» атты үш кітап тан
тұра тын еңбектің авторы.
Квинтилиан
(б.з. 35–96)
Шешендік өнердің теоретигі. Өз ең бе-
гін білікті шешендер Лици ний Красс
пен Марк Антоний арасын дағы диа-
лог түрінде жазған.
Цицерон
(б.з.б. 106–43)
Он екі кітаптан тұратын «Шешендік
тәлім» атты еңбегінде шешендіктің
ережелерін белгілеген.
7.
Екі тапсырманың бірін орындаң дар.
1. «Ше шен дік сөз – те рең ой ға, ұт қыр ло ги ка ға құ рыл ған құн ды
мұ ра, асыл қа зы на» тақырыбында аргументті эс се жазың дар.
2. Риторика ғылымының негізін қалаған шешендер туралы ізде-
ніп, презентация немесе ойтұжырым дайындаңдар.