Т. Т. Ипалаков., Б. Апшикур маркшейдерлік іс негіздері



бет17/26
Дата26.12.2023
өлшемі1.29 Mb.
#487980
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
МУП маркшейдер. дела

Бастапқы мәліметтер

Траншеяның трассасын бөлу, карьер құрылысының басталуы кезінде келесі материалдар негізінде жүргізіледі: Траншея салынған аумақтың жер бетінің планын масштабы 1:1000 кіші емес масштабта траншеяның шекарасын (борт және табаны) көрсете отырып салу және планда оның өсін, бұрылыс бұрыштарын, шеңберленудің радиусын, бастапқы бағытқа жанасатын нүктелердің координатасын және жанасқан бағыттың дирекционды бұрыштарын көрсету; траншеяның өсі бойынша жер бетінің профильімен бойлық қима кесіндісін траншея табанының жобалық профильін жобалық еңістікпен табанының жобалық белгілерін көрсетіп салу; көлденең қима кесіндісін жер бетінің профильімен, борттың құлама сызығын және траншеяның табанының жағдайын жер бетінің көрсетілген белгілерімен, табанның жобалық белгілерімен және құламаның бұрыштарын көрсетіп салу.


Траншея трассасының негізгі нүктелерін нақтыға шығару үшін, бөлінетін элементтер мәні есептелінеді-яғни жанасатын бұрыш және геодезиялық тірек торлары пунктінен арақашықтық есептеу қажет.
Тау-кен өңдеудің (траншея, ашу кемері ) үстіңгі өткелі барысында топырақ қабаты жеке отвалға жиналады және келесі рекультивациялауда (жерді қайта қалпына келтіруге) пайдаланылады.
Есептеуге қажетті мәліметтер:
7.1 Суретінде жер бетінің жер бедері планы 1:1000 масштабымен келтірілген. Онда геодезиялық тірек торының пункті П келесі координаттармен берілген:

ХП = 94,805 м , УП = 67,910 м.


Бастапқы бағыттың дирекционды бұрышы П-Т (Т пункті 7.1 суретінде көрсетілмеген) ПТ = 281°18 00тең.


Жобада шығу траншеясының келесі конструктивтік элементтер мәні қарастырылған: нүктелердің координаталары А (X = 16,375м +1м х N , У = 30,625м + 1м х N ) – траншеяның басталуы, В (X =16,350м + 1м х N, У = 87,875м + 1м х N ) – траншея өсінің бұрылысы, бұрылыс бұрышы  = 70° + 1° х N , В нүктесінен траншеяның ұзындығы В - 130 м, траншея өсінің шеңберленуінің радиусы -R - 25 м, табанының ені -8м, табанының еңістігі i - 0,040, борт құламасының бұрышы -40° ( N – тізімдік бойынша студенттің нөмері, тапсырма нұсқасы), Z – А нүктесіндегі траншея түбінің белгісі.
Шығару керек:
1) А және В нүктелерін нақтыға шығару үшін, бөлу элементтерін есептеу;
2) Траншеяның жер беті өсін, табанын және борт шекарасын оның шеңберленуін есепке ала отырып планға салу;
3) Траншея өсі бойынша бойлық қима кесіндісін салу.



Сурет - 7.1- Жергілікті жердің жер бедері планы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет