Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің



Pdf көрінісі
бет19/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Экологияның өзгеруінің себептері 
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі ХХ ғасырдың
60 жылдарындағы обьективті жағдайларға да тікелей байланысты. 
Біріншіден, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін тек он-он бес мемлекеттің ғана 
өнеркәсібі дамыған еді. Соғыс аяқталған соң көптеген елдер индустриалды 
даму жолына түсті. Өнеркәсіптің жаппай дамуы пайдалы қазбаларды игеруді 
ұлғайтып, қоршаған ортаның ластануын күшейтті. 
Екіншіден, дүниежүзілік демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары 
халқының саны тез өсіп кетті. 1700 жылы планетада 620 миллион адам болса, 
1850 жылы оның саны 1 миллиард 200 миллионға жетті. Яғни, екі есеге 
көбею үшін 150 жыл қажет болды. 1950 жылы жер шары халқының саны
2 миллиард 500 миллионға жетті және 1850 жылдан кейінгі еселенуге 100 
жыл уақыт кетті. 1986 жылдың орта шенінде жер бетінде 5 миллиард адам 
өмір сүріп жатты. Сонда еселену небәрі 35 жыл ішінде жүріп өтті. БҰҰ-ның 
болжамы бойынша 2050 жылға қарай планета халқының саны 11,9 
миллиардқа жетеді. Халық санының жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну 
қысымын» өсірді. Қазірдің өзінде табиғат ресурстары өзін-өзі қалпына 
келтіре алмайтындай дәрежеде пайдаланылуда. Үшіншіден, қалалар мен 
оларда тұратын тұрғындар саны тез өсіп келе жатыр. Егер 1900 жылы қалада 
300 миллион адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 миллионға жетті.
Қала тұрғындарының 1980 жылғы саны 20 % -дан 51,5% өскен. Осынша көп 
адамның салыстырмалы түрде шағын территорияға жиналуы бұл жерлерге 
түсетін салмақты ұлғайтып, қала және қала маңайының ластануын тудырды. 
Адамзаттың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында жүретін «зат 
алмасусыз» мүмкін емес. Алайда, бұл алмасу қоршаған ортаға зиян 
келтірмеуі тиіс. Өкінішке орай, адамда «бәрін бағындырам» деген қиял пайда 
болды. Ғасырлар бойы адамдар жасаған өндіріс құралдары қазір дамудың 
жоғарғы деңгейіне жетті. Енді сол жетістік адам денсаулығына, жер бетіндегі 


35 
тіршілік дүниесіне зиян келтіруде. Оның себебі әлі күнге дейін материалдық 
өндірісте обьективті баға үшін жеткіліксіз екі өлшемді (әлеуметтік, 
экономикалық) әдіс қолданылады. Мұның орнына көрсеткіштер мен 
факторлардың үш өлшемді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) 
жүйесіне көшу қажеттігі әлдеқашан дәлелденген. Бірақ экономистер мен 
экологтар арасында экологиялық проблемаға деген оортақ түсінік жоқ. Бір 
ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қарама-қайшы бірін бірі жоққа 
шығаратын пікірлер көп.Көбінесе техникалық, экономикалық көрсеткіштерді 
талдау мен талқылау әдетке айналған. Ал бағдарламаның немесе жобаның 
экологияға қатысты жағына көңіл бөлінбей қалады. Бүгінде біздің де 
еліміздегі экологиялық жағдай осындай іс-әрекеттерге байланысты нашарлап 
кетті. Экологиялық сауатсыздық, табиғатта жүріп жатқан заңдылықтарды 
білмеу және оларды ескермеу, табиғат ресурстарына деген бейқам көзқарас-
қоршаған ортаның қазіргі қиын халінің негізгі себептері. 
(«Парасат» журналынан ықшамдалып алынған.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет