Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің


Мәтіндегі сан есімдерді пайдалана отырып, мәтін мазмұнын



Pdf көрінісі
бет20/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

1. Мәтіндегі сан есімдерді пайдалана отырып, мәтін мазмұнын 
әңгімелеңіз. 
2. Мәтінде көтерілген мәселе туралы өз ойыңызды ортаға салыңыз. 
Ғылыми мәтінде есептік, реттік, бөлшектік сан есімдер жиі 
қолданылады.
Есте сақтаңыз! 
Пайыз - процент; шаршы метр - квадратный метр; текше метр -
кубический метр;
дәреже - степень; деңгей - уровень. 
 
Байқоңырдың тарихы 
Байқоңыр тарихы 1955 жылдың 12 қаңтарынан басталады. Сол күні 
космодром салушылардың алғашқы легі шойын жолмен Қызылорда 


36 
жеріндегі Төретам бекетіне келіп жеткен еді. Ертеңіне болашақ ғарышкерлер
қаласы Байқоңырдың алғашқы қазығы қағылды. Ол 1957 жылы пайдалануға 
берілді. Сол жылы 15 мамырда 1-ракета ғарышқа ұшты. 1957 жылы 4 қазанда 
тұңғыш жасанды жер серігі ғарышқа бет алды. Бірінші ғарышкер Юрий 
Гагарин де 1961 жылы 12 сәуірде осы космодромнан ғарышқа ұшты.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының кешені бөлек-бөлек орналасқан 9 
космодромнан тұрады. Қазір олардың үшеуі ғана жұмыс істеп тұр. Оның 
аумағы 4,8 шаршы шақырым, зымырандардың құлау аумағы 6 млн.717 мың 
гектар. 
Бірінші ғарышкер ұшардан жарты жылдан астам бұрын 1960 жылдың 24 
қазанында космодромда ең алғашқы апат болды. Баллистикалық ракетаны 
ұшыру кезінде өрт болып, 124 адам қаза тапты. Одан кейінгі қайғылы оқиға
1983 жылы 28 қыркүйекте болды: бортында екі ғарышкер Виктор Титов пен 
Владимир Стрекалев бар «Союз» ғарыш кемесі ұшар алдында жарылды. 
«Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметі басталғалы бері 1200-ден астам ғарыш 
аппараттары және 1200-ге жуық континентаралық баллистикалық 
зымырандар ұшырылды. Осы мерзім ішінде ядролық қаруы бар 70 
зымыранның ірі апатына жол берілді. Олардың ішінде «Протон», «Циклон» 
және «Рокот» деп аталатын адам денсаулығы үшін аса қауіпті гептил отынын 
пайдаланатын зымырандар бар. Арнайы комиссияның есебіне қарағанда, тек 
қана Ұлытау ауданының аумағына 300 тоннадан астам гептил шашылған. 
Соңғы жылдарда болған үлкен апаттардың бірі - «Протон» ғарыш 
кемесінің аспанда жарылып, қалдықтарының елді мекендерге құлауы. Ол бес 
рет қайталанды. Онда ғарыш кемесі сынықтарының елді мекендер үстіне 
жауғанына қоса, аса қауіпті гептил отыны атмосфераға тарап кетіп, табиғат 
пен адамдар денсаулығына өлшеусіз зиян келтірді. 
1994 жылғы Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің арасындағы келісім-
шартқа сәйкес айлақ Ресей еліне 20 жыл мерзімге жалға берілген. Олар 
жылына біздің елімізге жал ақысы ретінде 115 миллион АҚШ долларын 
төлеп тұруы тиіс. 
1. Мәтінді оқып, сан есімдердің мағыналық түрлерін анықтап, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет