Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің


қолданылу ерекшелігіне назар аударыңыз. 2. Мәтін мазмұнына



Pdf көрінісі
бет21/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

қолданылу ерекшелігіне назар аударыңыз. 2. Мәтін мазмұнына 
байланысты ойыңызды ортаға салыңыз.


37 
3. 4. Ғылыми мәтінде етістіктің шақ, рай және етіс категориялары- 
ның қолданылуы 
Ғылыми мәтіндер көбіне ауыспалы осы шақта жазылады және ІІІ 
жақта баяндалады
 
Берілген мәтіннің баяндалу ерекшелігіне назар аудара отырып, 
ауыспалы осы шақты табыңыз. 
 
Кез келген ғылым саласы сияқты экология да екі аспектіде 
қарастырылады. Оның бірі - таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші 
орынға табиғат дамуының заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру 
қойылады. Екіншісі - жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты 
мәселелерді шешу үшін қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын-
практикалық маңызы бар бірде-бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз 
компоненттері арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен 
түсіндіруге болады. Экологияның практикалық нәтижесі ең алдымен 
табиғатты пайдалану мәселелерін шешуден көрінеді. Тек экология ғана 
табиғи ресурстарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құрай алады. Табиғи 
процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу, табиғат пен адам 
арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырады. 
Ғылыми мәтінде етістіктің ашық және шартты рай түрлері жиі 
қолданылады.
Мысалы, 1. Егер ауа қабаты болмаса, жер бетіндегі тіршілік біткен 
космостық сәулелердің әсерінен жойылып кеткен болар еді. 
2. Егер ауа қабаты болмаса, Күн қуаты жерді күндіз 100 градусқа дейін 
ысытып, түнде 100 градусқа дейін суытып жіберер еді. 
3. Тұманның өзі адам үшін аса қауіпті емес. Егер тұман улы заттармен 
араласатын болса, өте қауіпті. 


38 
Екі популяция бір-біріне ықпал етуі де, етпеуі де мүмкін. Егер ықпал ету 
орын алса, ол жағымды не жағымсыз болады. Егер екі популяцияның 
әрқайсысы екіншісіне жағымсыз әсер ететін болса, онда олардың арасындағы 
қатынас бәсекелестік сипатта болады. Өзара әрекеттеспейтін популяцияда 
нейтрализм орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет