Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің



Pdf көрінісі
бет49/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Ғылыми мақаланың үлгісі:
Бидай өскіндеріне натрий хлоридінің әсері 
З.Б.Сапахова 
Дүние жүзінде топырақтың тұздану қауіптілігі жыл сайын арта 
түсуде. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарда топырақтың тұздануы 
ауылшаруашылық өнімдері түсімінің төмендеуіне ғана емес, сондай-ақ 
адам өміріне де үлкен қауіп туғызатын негізгі фактор болып отыр (1). 
Топырақтың тұздануымен күресуде көптеген мәселелердің шешімі 
өсімдіктердің 
тұзға 
төзімділігімен 
өте 
тығыз 
байланысты. 
Ауылшаруашылығы үшін тұзға төзімді өсімдік қана емес, тұзға төзімділігі 
мен өнімділігі сәйкес келетін өсімдіктер қажет (2). Сондықтан тұзданған 
топырақта өсуге бейімделген және тұзды ортада түсімі жоғары өнім 
беретін өсімдік сорттарын алу күннен-күнге өзекті мәселе болуда(3). 
Өсімдіктің тұзды топыраққа бейімделу заңдылықтарын анықтау үшін 
және тұзға төзімділік қасиеттерінің ұрпақтарында сақталуы үшін тұзға 
төзімділігін арттыратын әр түрлі әдістер қолданылады(4). 
Бұл жұмыстың мақсаты жұмсақ бидайдың тұзға төзімділігі әлі 
зерттелмеген күздік «Жетісу», «Наз», «Қазақстан-4» сорттарының тұзға 
төзімділігін анықтау. 
ӘДІСТЕМЕ. Бидай өскіндері NaCl-дың 0,5%; 0,75%; 1,0%; 1,25% 
концентрациялары қосылған Кноп қоректік ортасында өсірілді. 5, 10, 15 
күндік өскіндердегі пероксидоза ферментінің активтілігі Бояркин әдісі 
бойынша анықталды. Ал бос пролин мөлшері Бредфорд әдісімен анықталды. 


89 
НӘТИЖЕЛЕР және оларды ТАЛҚЫЛАУ. Алынған деректер бойынша 
пероксидозаның активтілігіне тұздың әсері генотипке байланысты екені 
көрсетілді. Тұздың әсерінен өсуі қатты тежелген "Жетісу" сортының 
тамырындағы пераксидоза активтілігі басқа сорттарға қарағанда едәуір 
көтерілді. Тұзға төзімдірек "Наз" бен "Қазақстан-4" сорттарының өскіндері 
өсе келе фермент активтілігі тамыры мен жапырақта біркелкі өседі. Соның 
арқасында олардың стресті физиологиялық реакциялары іске қосылатын 
болуы керек. Зерттелген сорттардың бос пролин мөлшері бойынша өзара 
айырмашылықтары көп екені байқалады. Бос пролин мөлшері әсерінен 
өскіндер де арта түседі. Мұндай құбылыс, әсіресе, "Жетісу" сортында анық 
байқалды. "Қазақстан-4" және "Наз" сорттарының өскіндеріне 0,5% NaCl
әсер еткенде тамырындағы пролин мөлшері өзгерген жоқ, жапырақтарында
2,2-2,4 есе өсті. "Жетісу" сортының тамырларында 4-5 есе, жапырақтарында 
6-7 есе өсті. 
Қорыта айтқанда, тұз туғызатын стресті жеңу үшін әрбір генотиптің 
өзіне тән ерекшеліктері болатыны анықталды. 
Әдебиеттер тізімі:
1. Строгонов Б.П. Солеустойчивость растений. МГУ. 1987 г. с.355. 
2. Регуляция метобализма растений при засолении среды. Алматы.
1985 г. с.285. 
3. Кузнецов В.В. Пролин при стрессе. Алматы. 1993 г. с.30. 
4. Bates I. S. Rapid determination of free proline forwaters stress studies. 
1973. р.209.
Түйін 
Бұл жұмыста бидайдың "Жетісу","Қазақстан-4", "Наз" сорттарынң 5, 10, 
15 күндік өскіндерінің өсуіне, бос пролин мөлшеріне, пероксидаза 
активтілігіне натрий хлоридінің әр түрлі концентрацияларының әсері 
зерттелді. NaCl- дың әсері, әсіресе, "Жетісу" сортында жақсы байқалатыны 
дәлелденген. 
(Түйін орыс және ағылшын тілдерінде де қатар берілуі тиіс.) 


90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет