Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің


Әлемдік ғаламдану үрдісі: көзқарастар мен пікірлер



Pdf көрінісі
бет50/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Әлемдік ғаламдану үрдісі: көзқарастар мен пікірлер 
Ғаламдану дегеніміз не? Орыс ғалымы В.М.Межуевтың айтуынша, 
"ғаламдану - әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен 
аймақтардың бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ 
экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте 
тартылуы, интеграциялануы". Оған мысал - ЮНЕСКО, компьютерлендіру 
бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіләлемдік қуатты корпарациялар, 
Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық туристік ұйым сияқты әлемдік 
ұйымдар, әлемдік қаржы институттары т.с.с.
Ғаламдануды қарапайым тілмен былай сипаттауға болады: бір ел мен 
екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдасудың 
мәні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, 
ақпараттық салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады. 
Қазір әлемдік қауымдастықта ғаламдану үрдісі туралы оны жақтайтын 
және оны тіптен қабылдай алмайтын екі топ бар. Жақтаушылар, ғаламдану 
нарық жүйесінде баға біркелкілігін жүзеге асырады, сондықтан, түбінде 
бағаның реттелуін, бірыңғай әрі салыстырмалы түрде төмен болуы 
мүмкіндігін алға тартады. Олардың пікірінше, ғаламданудың басты мақсаты 
- дамудың біркелкілігіне жету, мысалы, бір елде жаңғыртылған іс екінші 
елде артта қалып қоюы жан-жақты тиімсіз. Егер бірнеше ел компьютер 
жүйесінің бір бағдарламасын ұстанып, екінші бір елдер екінші 
бағдарламасын ұстанса, олар біріне-бірі қиюласпаса, байланыстың қай түрі 
болмасын қиындайтыны сөзсіз. 
Ғаламдану - халықаралық қатынастарды біркелкілендіру. Халықаралық 
конвенциялар жүйесі қалыптасып, оған түрлі елдер мүше болып кіретіні, 
соған сәйкес өздеріне түрлі міндеттемелер алып, құқықтарға ие болу-
ғаламданудың нәтижесі. Жақтаушылар ғаламдану үрдісіне батыл кірігіп 
кеткен Шығыс Азия елдерінің жетістіктерін алға тартады. 
Бұлай болса, неге ғаламдану үрдісіне қарсы пікірлер қалыптасып, 
қарсыластар тобы күшейіп отыр? Бұл пікірді жақтайтындар, ғаламдану- 


91 
мықты елдің әлсіз елді езгілеуіне мүмкіндік беру немесе Батыстың 
Шығысты бағындыруы деп санайды, ал оны экономикалық, яки мәдени 
империализмнің, тіпті, колониализмнің жаңа түрі дейді. 
Ғаламдану кезінде қуат-күші әр түрлі елдерде, мәселен, экономикасы 
дамыған елдер мен экономикасы дамымаған елдерде, әскери күші мол 
елдер мен әлсіз елдерде бұл жіктелу тереңдей түседі дейді. Сөйтіп, бай байи 
түседі де, кедей кедейлене түседі, ең сорақысы, бай елдер кедей елдердің 
игерілмеген байлықтарын талан-таражға түсіреді деп санайды. Тұтас 
халықтар экономикалық босқындарға айналады, халықтардың ұлттық 
ерекшеліктері мен мәдениетіне қауіп төнеді дейді. Ал өмір көрсетіп 
отырғандай, мәдениеттер мен рәсімдердің текетіресі жақсылыққа 
апармайды. 
Ғаламдану үрдісі ұлттық мемлекеттер үшін тиімсіз дейді қарсылар 
тобы. Себебі, ғаламдану үрдісі нәтижесінде ұлттық мемлекеттердің 
егемендігі мен автономдығына нұқсан келеді, ұлттық және стратегиялық 
тәуелсіздігіне қауіп төнеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы ұлтшылдықтың 
өршуін ғаламдануға қарсы әрекет деп тану керек. 
Ұлттық 
мемлекеттердің әлсіреуіне ғаламданусыз-ақ әлемдегі 
миграциялық 
үрдістердің 
артуы, 
туризмнің 
жаппай 
өрістеуі,
экономиакалық байланыстар кешенінің пайда болуы өз әсерін тигізіп отыр. 
Ғаламданумен ұлтшылдықты арттыру арқылы күресу нәтиже бермейді. 
Түптің-түбінде ұлтшылдық көріністерін мықты ұстана отырып-ақ, ғаламдық 
даму үрдісімен қатарлас даму саясатын ұстағандардікі дұрыс болып шығады. 
Оның дұрыстығына ұлттық мәдениетпен бірге орыс, ағылшын тілдері 
арқылы келіп жатқан ғаламдық мәдениеттің қатар даму көріністері АҚШ 
долларының өз теңгемізбен бірге қолданысқа еніп кеткені, домбыра мен 
скрипканың бір әуенді бірге ойнай бастағаны дәлел бола алады. Осы арада 
тепе-теңдіктің болуына баса назар аударылуы тиіс, яғни ұлттық 
мемлекеттерге өзге мәдениет өз мәдениетінен артық еніп, оны тұмшаламау 
керек, елдің өз мәдениетінің дамуына жол ашылу керек. Ол үшін ғаламдану 
үрдісінің елге ықпалы ұдайы зерттеліп, талданып тұруы керек. Сонда 
ұлттық мемлекеттердің саяси және экономикалық қауіпсіздігіне қауіп 
төнбейді. 
Дәстүрлі мәдениет сырттан келетін мәдениетке төтеп беру үшін елдің 
рухы, санасы жоғары болумен қатар, күнделікті ақпарат беретін теледидар, 
радио, газет-журналдар теріс әсерді арттыратын хабарламалардан таза 
болғаны дұрыс. Ұлт тіліндегі хабарлар, дәстүрлі мәдениеттің озық үлгілері 


92 
жүйелі түрде, әрі, өзге тілдердегіден молырақ жасалуы көзделмесе, ұлт 
рухының әлсіреуі, әсіресе, жас буынның басқа бағытқа көшіп кетуі тездейді. 
Қазақстан мемлекетінде өзге ұлттардың да мәдениетінің өркендеуіне 
баса көңіл бөлінгені жөн. Дін мәселесі сөз боларда республикадағы 
сындарлы діндерге қолдау көрсетуді де ұмытпаған дұрыс. Еуразиялық 
мәдени кеңістік осылай қалыптасса керек. Ғаламдастыру да жергілікті 
мәдениетті сөзсіз бағындырып алуды немесе жойып жіберуді мақсат 
етпейді, бірге дамуды ұсынады. Компьютер бағдарламаларының ұлт тілінде 
сөйлеуі, интернет жүйесінде ұлт тіліндегі сайттардың пайда болуы осыған 
дәлел. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет