97
Пікірталасты өткізбестен бұрын мынадай дайындық жұмыстарын
жүзеге асыру керек:
- әлеуметтік маңызы бар, өзекті мәселені көтеретін тақырып таңдау;
- тақырыпты таңдап бекіткен соң, алға нақты міндеттер қою, яғни тақырып
аясында қаралатын мәселенің мазмұнын ашу үшін,
сұрақтарды нақтылап
алу;
- тақырыпқа байланысты таныс емес терминдер болса, оның ғылыми мәнін
ашу, мағынасын түсіндіру, қолданылу аясын нақтылау;
- пікірталасқа қатынасатын жақтың я адамның айқындамасын (позициясын)
нақтылау;
- мәселеге қатысты әдебиеттерді оқу, мамандармен әңгімелесу,
баспасөз
беттеріндегі осы мәселеге байланысты ой-пікірлерге жүгіну отырып өз
негіздемесін жасау;
- пікірталасты жүргізушіні бекіту.
-
Пікірталасқа қатысатын адамдарға немесе жаққа қойылатын
талаптар:
- өзгенің пікіріне
құлақ аса білу;
- өзгенің білімі мен мүмкіншіліктерін өз мүмкіншіліктерімен шамалау;
- өзгенің мінезі мен ой таластыру ерекшелігін ескеру.
Пікірталасты жүргізушіге қойылатын талаптар:
- пікірталасты жүргізушінің сөздік қоры бай, көзқарасы айқын болуы
тиіс;
- қарастырылған сұрақтан кейін жүргізуші түйін жасай білу керек; ол
жалпыға
ортақ болу керек;
- жүргізушінің білімі терең, жан-жақты болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: