Бангладеш
1. Бангладеш Халық Республикасының құрылуы
2. 1972 жылғы конституцияның негізгі ережелері
3. Кӛппартиялық жүйенің қалыптасуы. Тӛтенше жағдай
кезеңіндегі Бангладеш
4. Әскери тӛңкерістер кезеңіндегі және армия басқаруы
жылдарындағы Бангладеш
73
5. Әскери режимге қарсы күрес. Х.М.Эршад әскери режимі
кезеңіндегі Бангладеш
6. Бангладештің саяси даму ерекшеліктері
Бангладеш Халық Республикасы (бенг.
), Бангладеш (бенг.
[baŋladeʃ]) – Оңтүстік Азиядағы
мемлекет.
Оңтүстік-шығысындағы
Мьянмамен
және
бенгал
шығанағымен аз ғана территориясынан басқа барлық жағынан
Үндістанмен қоршалып жатыр. Қазіргі үнділік Батыс Бенгал
штатымен бірге этнолингвистикалық Бенгалия аймағын құрайды.
Бангладеш атауы ресми бенгал тілінде «Бенгалия елі» дегенді
білдіреді. Бангладеш 7 әкімшілік ауданға бӛлінеді (дивизиондар),
олардың әрқайсысы ауданның ірі қаласының атауын иеленген:
Барисал, Читтагонг, Дакка, Кхулна, Раджшахи, Силхет және Рангпур.
Ресми тілі – бенгал
Астанасы – Дакка
Ірі қалалары – Дакка, Читтагонг
Басқару формасы – парламенттік республика
Президент - Зиллур Рахман
Премьер-министр - Шейх Хасина Вазед
Мемлекеттік діні – ислам (сунниттік бағыттағы)
Территориясы - 144 000 км² (дүние жүзінде 92-ші)
Халқы - 142 319 000 адам (2011 ж.), тығыздығы - 1099,3
адам/км²
Ақша бірлігі – така (BTD, код 50)
Бангладеш картасы
Бангладеш Халық Республикасы 1971 жылы Пакістан
құрамынан Шығыс Бенгалияның шығуы нәтижесінде дербес
мемлекет ретінде құрылды. Пакістанда билікке келген Мұсылман
74
лигасы партиясының Шығыс Бенгалияға қатысты дискриминациялық
саясаты қарсылық туғызды, ол кейіннен Авами лиг (халықтық лига)
бастаған тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық кӛтеріліске ұласты.
Шығыс бенгалдықтардың ұлт-азаттық қозғалысы ӛз дамуында
бірнеше кезеңдерден ӛтті: экономикалық және саяси тепе-теңдік
талабынан бастап бенгалдықтардың ұлттық бірлігі ұранымен
тәуелсіздік үшін қарулы күреске дейін. Бангладеш мемлекеттілігінің
қалыптасу тарихы қайғылы оқиғаларға, қантӛгісті тӛңкерістерге,
азаматтық және әскери биліктің кезектесуіне толы болды.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде қабылданған бірінші мемлкеттік
конституциялық акті 1971 жылғы 26 наурыздағы тәуелсіздік
Прокламациясы
болды,
кейіннен
ол
Шығыс
Пакістан
территориясында Бангладеш Халық Республикасының құрылуын
жариялаған тәуелсіздік Декларациясының құрамдас бӛлігіне енді.
Республика президенті және барлық қарулы күштердің бас
қолбасшысы болып Авами лиг кӛсемі Муджибур Рахман жарияланды,
оның қолына барлық атқарушы және заң шығару билігі шоғырланды.
Президенттің билікте болу мерзімі, ол тағайындайтын үкімет
басшысының ӛкілеттілігі, парламент сайлауын ӛткізу тәртібі
декларацияда қаралмады. «Әскери кабинет» ролін ойнаған басында
Таджуддин Ахмедов болған Уақытша үкімет құрылды.
1971 жылы қыркүйекте құрамында Авами лиг, Бангладеш
коммунистік партиясы, индустар мүддесін қорғаған Ұлттық Конгресс
болған Ұлттық азаттық майдан (НОФ) құрылды. Параллельді түрде
онға жуық саяси партиялар мен ұйымдарды біріктірген Үйлестіруші
комитет қызмет етті. Республиканың армиялық күші екі бӛліктен
қалыптасты: тұрақты әскер (бұрынғы пәкістан армиясының шығыс-
бенгалдық бӛлігі) «мукти фоудж» және бенгал қоғамының түрлі
ӛкілдерінен тұрған партизан отрядтар «мукти бахини». Олардың
шығыс-бенгалдық территорияны батыс-пакістан әскерінен босату
кезеңінде мемлекеттік басқару органдары қызметін жергілікті
жерлерде ӛз қолдарына Авами лиг партиялық комитеттері алды. 1971
жылдың
аяғына
қарай
Бангладеш
үкіметі
елдің
барлық
территориясын ӛз бақылауына алды. 1972 жылы 12 қаңтарда үкімет
1972 жылы 10 сәуірде Бангладеш Ұлттық жиналысында бекітілген
уақытша конституция туралы декрет шығарды.
Уақытша
конституция
(тәуелсіздік
Декларациясынан
ерекшелігі) парламенттік басқару формасын қарастырды және
премьер-министрге заң шығару және атқару билігі саласында кең
ӛкілеттіліктер берді. Уақытша конституция мемлекеттік органдар
құрылымын анықтады. Мемлекет басшысы парламентте кӛпшілік
75
орынды иеленген партия кӛсемі болды. Ол Муджибур Рахман болды.
Президентті,
мемлекет
басшысын,
министрлер
кабинетін
тағайындады. Ол премьер-министр ұсыныстарына сәйкес әрекет етуі
тиіс болды. 1971-1972 жылдар Бангладеш ұлттық мемлекеттілігінің
қалыптасу кезеңі болды.
Бұл кезеңде ӛзіне ел экономикасының маңызды салаларын,
оның ішінде банктерді және сақтандыру компанияларын, мақта-мата,
қант және ӛнеркәсіптің басқа да салаларын ұлттандыру
бағдарламасын
біріктірген
әлеуметтік-экономикалық
даму
стратегиясы жасалды. Жерді қайта бӛлу және егістікті бӛлу жүйесін
реттеу мақсатымен аграрлық реформа ӛткізу қарастырылды. Әділет
министрі және парламент істері бойынша жетекші М.А.Чоудхури
және Шейх Муджибур Рахман қатысуымен арнайы конституциялық
комитет құрылды. Конституция жобасы кӛп жағынан үнділік үлгіге
бағытталды және 1967 жылы Рахманмен қалыптасқан Авами лиг
партиясының «алты пункт Бағдарламасына» негізделді. Жаңа
конституция жобасының кейбір бӛлімдері Үндістан конститу-
циясының сәйкесінше ережелерін сӛзбе-сӛз қайталады. Үндістанмен
қатар Бангладеш мемлекеттік құқығына ағылшын құқықтық жүйесі
ықпал етті.
1972 жылы 4 қарашада Ұлттық жиналыс кӛпшілік дауыспен
Бангладеш Халық Республикасының конституциясын қабылдады.
Кейіннен оның сипатын ӛзгерткен кӛптеген толықтырулар мен
қосымшалар енгізілді. Декларативті сипат алған және заңдық күші
болмаған
преамбула
мемлекеттің
негізгі
мақсаты
ретінде
«демократиялық жолмен социалистік мемлекет құруды» жариялады
және Бангладеш коғамының басты тӛрт принципін бекітті:
ұлтшылдық, социализм, демократия және секуляризм. Ұлтшылдық
«бенгал халқының бірлігі мен ынтымақтастығының негізі» ретінде
анықталды. Оңтүстік Азияның саяси кӛшбасшылары үшін дәстүрлі
болған «социализм» түсінігін пайдалану Бангладеш басшыларынан да
тыс қалмады. Билеуші Авами лиг партиясының идеологиясы оның
негізгі мазмұнына қосылды. Конституцияда бекітілген «экономикада
социализм негізін құру» туралы, «демократиялық социализмді құру»
туралы, «демократиялық құралдар арқылы біртіндеп социализмге
жету» туралы ережелер мемлекеттің республика азаматтары үшін
экономикалық, әлеуметтік және саяси әділеттілікке қол жеткізу
бойынша міндеткерлікті ӛз мойнына алатындығын білдірді.
Бангладеш қоғамын құрудағы тӛртінші принцип ретінде секуляризмді
жариялау коммунизмді, конфессионалдық белгі бойынша бӛлушілікті
жою, дінді саясаттан бӛлу ұмтылысын бейнеледі. Мемлекеттік
саясаттың тӛрт негізгі принципі тарихқа «муджибизм принципі»
76
атауымен енді және мемлекет және басында Муджибур Рахман
болған билеуші партия мүдделерінің теңестірілуін бекітті.
Бангладеш
конституциясы
қоғамды
ұйымдастырудың
кӛппартиялық жүйесін орнатты. Оның қабылдануы кезінде елде 30-
дан астам саяси партиялар мен саяси ұйымдар болды, алайда елдің
қоғамдық-саяси ӛміріне олардың тек кейбіреулері ғана шынайы
ықпал етті. Шығыс-бенгалдық қоғамның сӛзсіз жетекші партиясы
Авами лиг болды, оның мүшелері барлық жетекші мемлекеттік және
әкімшілік қызметтерін иеленді. Авами лиг жұмысшы комитеті ӛз
кезегінде партияның жетекші қайраткерлерінен құрылған үкімет
қызметін бақылап отырды.
Елдегі екінші орындағы неғұрлым ықпалды партия, ортақ атауы
бар екі дербес ұйымға бӛлінген Ұлттық халықтық партия (ҰХП)
болды. Басында Музаффар Ахмед болған ҰХП демократиялық
күштердің одағы үшін қызмет етті және 1973 жылы бенгал
қоғамындағы айтарлықтай ықпалды Бангладеш Коммунистік
партиясымен бірге Ұлттық бірлік Майданы (ҰБМ) атауын алған елдің
үш жетекші партиясының – Авами лиг, ҰХП және БКП -
коалициясына кірді. ҰБМ «елде заңды және тәртіпті қамтамасыз ету,
ӛнеркәсіп
тиімділігі
үшін
күрес,
мемлекеттік
аппаратты
жемқорлықтан тазарту, спекуляция және котрабандамен күрес, жаңа
режим қарсыластарына әскери және экономикалық саботажды
қамтамасыз ету үшін» құрылды. Алайда ҰБМ ӛмір сүруі ұзаққа
бармады. Басында А.Х.Бхашани болған ҰХП М.Рахман үкіметін
құлатуды және Бангладеште исламдандырылған мемлекеттілікті
құруды жақтаған экстремистік ұйым ретінде кӛрінді. М.Рахманға
оппозицияда М.А.Джалилдің тӛрағалығымен Ұлттық социалистік
партия да тұрды, ол социализм үшін қарулы күресті үгіттеді.
Бангладеш кӛппартиялық жүйесі бытыраңқы, тұрақты және ұзақ
мерзімді құрылымдық коалициялық күштерді құрудың дәстүрлі-
лігінің жоқтығынан біртекті болмады. ҰБМ құрылуы күрделі саяси
жағдайды ӛзгерткен жоқ. Дүниежүзінің ең кедей елдерінің бірінің
ауыр экономикалық жағдайы соғыстан кейінгі құлдыраумен,
ұрлықпен, саяси ӛлімдермен және террормен, ӛндірістік саботаждың,
контрабанданың, диверсияның кӛптеген актілерімен шиеленісті.
Оппозициялық партиялар ашық басқыншылыққа шықты және
бағынбаудың жаппай кампанияларын ұйымдастырды. Ел саяси
дағдарыс шегінде тұрды.
1973 жылы президентке елде тӛтенше жағдай енгізу құқығын
берген, әрекет ету мерзімі орнатылмаған конституцияға екінші түзету
қабылданды. 1974 жылы сәуір айында баспасӛзге, партияларға,
одақтарға және басқа да қоғамдық ұйымдарға, кәсіподақ
бірлестіктерін қоса, бақылау туралы заң қабылданды. Бұның барлығы
77
үкімет
басшысы
бейнесіндегі
атқарушы
биліктің
күшею
тенденциясын заңды түрде бекітті, бір биліктіліктің орнатылуына
алып келді. 1974 жылы 28 желтоқсанда республика президенті
Мохаммедулла елдің барлық территориясында тӛтенше жағдай енгізу
туралы жариялады. Заңды және тәртіпті қамтамасыз ету міндеті
армияға, полицияға, қауіпсіздік күштеріне арттырылды. Тұрғын-
дардың негізгі азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға қатысты
конституция әрекеті уақытша тоқтатылды, саяси партиялар қызметі
тоқтатылды.
Тӛтенше жағдайдың әрекет ету жағдайында Ұлттық жиналыс
1975 жылы 25 қаңтарда Бангладеште бірпартиялық жүйені орнатқан
және президенттік басқаруды енгізген конституцияға тӛртінші түзету
енгізді. Барлық саяси партиялар және ұйымдар таратылды және оның
орнына бірыңғай жалпыұлттық партия құрылды, оған парламенттің
барлық мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер және әскерилердің кіруі
міндеттелді. Бұл партия Халықтық шаруа-жұмысшы лигасы атауын
алды (Бангладеш кришак срамик авами лиг), қысқартылған түрінде
БАКСАЛ. Жаңа партияның ұйымдастырушылық құрылымы түбірімен
бұрынғы билеуші, сондай-ақ оппозциялық партиядан ерекшеленуі
тиіс болды. Ол қатаң орталықтандырылуға және тәртіпке ие болды.
Партия Жарғысы партия жанынан бес бұқаралық қоғамдық ұйымның
құрылуын қарастырды – шаруа, жұмысшы, жастар, студенттік және
әйелдер, олар елдің қоғамдық ӛмірін реттеуге, ауыр экономикалық
және саяси дағдарысты жеңу үшін қажетті қатаң бақылауды жүзеге
асыруға шақырды. Партияның бас хатшысы премьер-министр
Мансур Али болды, ал Муджибур Рахман республика президенті
қызметін иеленді. Бангладештегі бірпартиялық жүйе жеке билікті
нығайтуға және жеке диктатура режимін орнатуға бағытталған
билеуші топ саясатының нәтижесі болды.
Президенттік басқару формасының енгізілуі елдің жаңа
президенті үшін шексіз мүмкіндіктер ашты. Конституция түзетулер
енгізуден кейін қорғаныс, сыртқы саясат, сот саласында тек
президенттің жауапкершілігін қарастырды және парламентті
президенттік басқару құрылымына толығымен бағынышты органға
айналдырды. Президентке абсолюттік вето құқығы берілді және
белгіленбеген мерзімге парламентті тарата алды. Мемлекеттің жоғары
қызметтік тұлғасы ретінде президент тек мемлекеттік институттардан
жоғары тұрған жоқ, сонымен қатар БАКСАЛ жетекші органдарынан
жоғары тұрып, жеке дара мемлекеттік саясатты қалыптастырды. Жеке
билікке ұмтылысты кӛздеген конституциялық ӛзгерістер Муджибур
Рахманды ерекше жағдайға қойды және одан кешегі жақын
ізбасарларын да аластатты.
78
1975 жылғы тамыз оқиғалары мұны дәлелдеді. 1975 жылы 15
тамызда елде Бангладеш армиясының жас офицерлер тобы
«жемқорлықпен, демагогиямен және билеуші топтың тиімсіздігімен
күресу» мақсатымен әскери тӛңкеріс жасады. Тӛңкерістен кейін ел
президенті қызметіне азаматтық тұлға – ӛзіне бас әскери әкімшілік
фукциясын алған, бұрынғы ішкі және сыртқы сауда министрі
Кхандакер Муштак Ахмед тағайындалды. Мемлекеттік басқарудың
ескі формасы бекітілді: конституция сақталды, ал парламент
таратылмаған күйінде қалды. Жаңа билік мемлекеттің жетекші тӛрт
принципін ұстанатындығы туралы жариялады. Сонымен қатар кез-
келген саяси қызметке, жаңа саяси партиялардың құрылуын қоса,
тиым салынды. БАКСАЛ партиясы таратылу жағдайында болды.
Алайда әскерилер арасында бірліктің болмауы К.М.Ахмед
билігінің тұрақсыз сипатын негіздеді. 1975 жылы қарашада
Бангладеште армиялық құрылымдар ішіндегі билік үшін күресін
бейнелеген бірнеше тӛңкерістер жүзеге асырылды, нәтижесінде елде
толығымен әскери диктатура орнатылды. 1975 жылы тамыз айынан
бастап қараша айына дейінгі кезең елдің ірі саяси қайраткерлер
тобының физикалық жойылуымен байланысты Бангладеш тарихының
қаралы парағы болды. Р.Рахман және оның отбасы мүшелері
ӛлтірілді.
1975 жылы қараша айында әскерилердің билікке келуі елдің
мемлекеттік-саяси ӛміріне айтарлықтай ӛзгерістер әкелді. Егер тамыз
тӛңкерісінен кейін әскерилер елді мемлекеттік басқарудың азаматтық
формасын сақтаса, енді 1975 жылғы қарашадан кейін саяси билік
толығымен армияның қолына кӛшті. Парламент таратылды,
министрлер кабинеті президент кезінде Консультативтік кеңеске
алмастырылды, 1975 жылы тамызда енгізілген бас әскери әкімшілік
қызметі армия штабының бастығына берілді. К.М.Ахмедтің
Президенттік ӛкілеттілігі Жоғарғы соттың бас судьясы С.М.Сайемге
берілді, вице-президент және министрлер қызметтерінен босатылды.
Мемлекеттегі барлық жетекші орындарды әскерилер иеленді. Саяси
шешімдерді Әскери кеңес қабылдады.
Биліктің армияға түпкілікті кӛшуі президент жарлығымен бас
әскери әкімшілік ӛкілеттілігі генерал Зиаур Рахманға берілген кезде
1976 жылы 29 қарашада жүзеге асырылды. Әскери диктатура
режимінің конституциялық рәсімделуі тағы бірнеше айды қамтыды.
1977 жылы сәуір айында С.М.Сайемнің отставкаға кетуі нәтижесінде
Бангладеш президенті болып Зиуар Рахман сайланды, оның қолына
барлық атқарушы және заң шығару билігі шоғырланды. Елдің
Конституциялық дамуы президент декреті түрінде жүзеге асырылды.
79
Әскери режимнің басты міндеті елде заңдылықты және тәртіпті
сақтау және экономиканы қайта ұйымдастыру деп жарияланды.
Президент елдің әкімшілік бӛлінуін қайта ұйымдастыруға әрекет
жасады: ол әскери аймақтарға және әскери жағдайдағы заңдар
бойынша жемқорлықпен және бандитизммен күресуге шақырған
Бақылау орталығының басшылығындағы округтерге бӛлінді. Елдегі
әкімшілік аппараттың реформасы штаттарды азайтуға және
мемлекеттік шенеуніктерге жұмсалатын қаражатты үнемдеуге
бағытталды. Заңдылықты және тәртіпті бекіту мақсатында
президенттің
бірқатар
жарлықтары
шығарылды.
1976-1977
жылдардағы конституциялық түзетулер Бангладештегі мемлекеттік
билік сипатын ӛзгертті: секуляризм принципі толығымен «исламға
абсолюттік сенім» принципімен алмастырылды. Мемлекеттік
экономикалық стратегиясы да ауысты: жеке секторды дамытуға,
ӛнеркәсіптің алдыңғы қатарлы салаларын ұлттандыруға, шетелдік
капиталды тартуға бағыт ұстанды.
1975 жылы шілде айында партиялар туралы қарар қабылданады,
ол бойынша Бангладеш саяси партияларының қызметі реттелді. 1976
жылдың қараша айының соңында әскери әкімшілікке 60-қа жуық
партиялар және топтар ӛтініштерімен келді, оның 21-і қызмет етуге
ресми рұқсат алды.
Бұрынғы билеуші Авами лиг партиясы ӛз қызметін енді
Бангладеш Авами лиг атауымен жандандырды. Партия қайта
ӛрлеуінің негізгі талаптары биліктің азаматтық институттарға
қайтарылуы және елдің қоғамдық ӛмірін демократияландыру болды.
Осындай ұқсас міндеттерді барлық тіркелген партиялар ӛз алдына
қойды: Демократиялық лига (К.М.Ахмед), Ұлттық халықтық лига
(Музаффар Ахмед), Халықтық лига (Алим-аль-Рази), Бангладеш
Еңбек партиясы (Абдул Матин), Ұлттық халықтық партия
(М.А.Османи), Ислам демократиялық партиясы (Сиддик Ахмед),
Ұлттық социалистік партия (М.А.Авдал), Ұлттық лига (А.Бегум).
Бангладеш комунисттік партиясы да ӛз қызметін жандандыруға
рұқсат алды.
1978 жылы ақпанда Зиаур Рахман ұлттық демократиялық
партияның (ДЖАГОДАЛ) құрылғандығы туралы жариялайды, оның
мақсаты экономикалық дағдарысты жеңу бойынша президенттік «19
пункт» бағдарламасын орындауға кӛмектесу болды. Партия 1978
жылы шілде айына бекітілген президенттік сайлауда Зиаур Рахман
кандидатурасын қолдау үшін құрылды. Ӛз жарлығына сәйкес ол
армия штабының бастығы қызметінен кетті және президент қызметіне
ӛз кандидатурасын ұсынды.
80
ДЖАГОДАЛ Ұлттық майданға біріккен бес саяси партиядан
қолдау тапты. ҰМ сайлаудан кейін бірден таратылды, ал оны құраған
күштер Зиаур Рахман бастаған Ұлттық партияға қосылды.
1978 жылы 3 шілдеде Зиаур Рахманға жеңіс әкелген
президенттік сайлау ӛтеді. Оған сайлаушылардың 3/4 бӛлігі дауыс
береді. З.Рахманның басты қарсыласы Біріккен демократиялық
майданнан (БДМ) кандидат, отставкадағы генерал М.А.Г.Османи
болды. БДМ сайлау қарсаңында Халықтық лигадан, М.Ахмадтың
ҰХП, халықтың Ұлттық партиясынан, халық еркіндігі Лигасынан
және Бангладеш коммунистік партиясы қолдауымен Бангладеш халық
лигасынан құрылды.
Кейіннен біртіндеп биліктің азаматтық институттарға берілуі
күтілді: президент 1979 жылы 27 қаңтарда ұлттық жиналысқа сайлау
ӛткізу туралы жариялайды. 1979 жылғы Парламенттік сайлау
парламентегі 300 орынның 207-сін алған Зиаур Рахманның Ұлттық
партиясына жеңіс әкеледі. 39 мандатты Авами лиг, 8 – Ұлттық
социалистік партия, 1 – М.Ахмадтың Ұлттық халықтық партиясы, 20
– Мұсылман лигасы мен Исламдық демократиялық лиганың
коалициялық блогы алды.
Зиаур Рахман экономикалық даму бағдарламасын ұсынады, оны
«бейбіт индустриалды революция» деп атайды. Оның негізінде
ауылшаруашылық ӛндірісі деңгейін кӛтеру, сауатсыздықты жою
шаралары жүзеге асырылды. Оның жүзеге асырылуы елдің
экономикалық
ӛмірінің
жандануына
алып
келді,
алайда
экономикалық тепе-теңдіктің болмауы, шетелдік кӛмекке тәуелділік,
кедейшілік және қалыптасқан жағдайдан шығудың шынайы
болашағының жоқтығы партиялық жүйенің легализациялануы
жағдайында оппозициялық қоғамдық-саяси қозғалыстардың кеңінен
ӛрістеуіне жол ашты. Үкіметке қарсы компанияларға алуан түрлі
күштер қосылды: буржуазиялық-ұлттық партия, діни-қауымдық
топтар, солшыл экстримистік күштер, армиялық топ, Зиаур Рахман
саясатының бағытындағы азаматтар тобы.
З.Рахман режимін құлатуға бағытталған қозғалыста кӛрнекті
орынды М.Рахман қызы Хасина Вазед басқарған Бангладеш авами
лиг партиясы иеленді. Муджибур Рахман есімінің қайтарылуы және
«муджибизмнің мемлекеттік тӛрт принципін» ӛмірге енгізу ұранымен
әрекет еткен Авами лиг билікке қайта оралуды ӛзінің мақсаты етіп
қойды. Бангладештің одан әрі исламдандырылуын жақтаған діни-
қауымдық партия ықпалы күрт ӛсті. Олардың ішінде Джамаат-и-
ислами және Исламдық демократиялық лига неғұрлым кӛп санды
болды. Басында М.Тоха болған бес солшыл экстремистік топтан
81
құралған Демократиялық майдан және Демократиялық лига
(К.М.Ахмед) үкіметтің тез арада құлатылуын және мерзімінен бұрын
президенттік және парламенттік сайлаудың ӛткізілуін талап етті. Тек
Бангладеш компартиясы мен ұлттық халықтық партия З.Рахманның
авторитарлық басқаруын сынға ала отырып, оны алмастыруға
шақырған жоқ.
З.Рахман әкімшілігінің президент қызметін сатқындық деп
есептеген армиялық ортамен де шиеленісі ӛрістеді. Бұл қарама-
қарсылықтың шырқау шегіне жеткен жері 1981 жылы 30 мамырда
Чииагонгта әскери бӛлімдердің бүлігімен З.Рахманның ӛлтірілуі
болды. Президент міндетін уақытша атқарушы, сондай-ақ ұлттық
партияның тӛрағасы Бангладеш вице-президенті Абдус Саттар болды.
Елде саяси партиялар қызметінің сақталуымен тӛтенше жағдай
енгізілді. Президент сайлауына дайындық басталды. Ӛз үміткері
ретінде Абдус Саттарды ұсынған БҰП сайлау алды кампаниясында
президент Зиаур Рахман саясатын ұстану ұранын жақтады. Президент
сайлауы қарсаңында саяси партиялар топтаса бастады, одақтарға
бірікті, алайда олардың бірде біреуі тұрақты болған жоқ. Ресми
тіркелген 60 саяси партия жағдайында президент қызметіне барлығы
83 үміткер тіркелді. Оның 11-ін сайлау комиссиясы қабылдамады.
1981 жылғы кезектен тыс президент сайлауы нәтижесінде президент
қызметін Абдус Саттар иеленді, үкіметті қалыптастырды, армияда
қолдауға ие болған жоқ.
1982 жылы 24 наурызда президент А.Саттардың ант
қабылдауынан тӛрт айдан кейін Бангладеште тағы да әскери тӛңкеріс
жасалды, әскери жағдай енгізілді, саяси қызметке тиым салынды.
Әскери әкімшілік басшысы генерал-лейтенант Х.М.Эршад ӛзіне
мемлекетті басқару бойынша шексіз ӛкілеттілік алды. «Елде
жемқорлықты, қылмыстылықты түп-тамырымен жою және тәртіпке
келтіру» үшін әскери соттар және трибуналдар желісі құрылды.
Әскери әкімшілік басшысы Консультативтік комитет құрды, ол
министрлер кабинетінің қызметін атқара бастады. Ол тек
әскерилерден тұрды. Әскери әкімшіліктің басшысы Х.М.Эршадпен
президент қызметіне Бангладеш Жоғары сотының бұрынғы бас
судьясы Абдул Ф.М.А.Чоудхури тағайындалды. Жаңа әскери тӛңкеріс
бұрынғыларынан жоғары дайындығымен және оның жүзеге
асырылуына барлық қарулы күштердің қатысуымен ерекшеленді.
1983 жылы наурыз айында Х.М.Эршад әлеуметтік-экономикалық
салада ӛз әкімшілік қызметінің бағдарламасын жариялады, ол «18
пункттен тұратын бағдарлама» атауын алды. Бұл бағдарлама да
бұрынғы Зиаур Рахманның «19 пункттен тұратын бағдарламасымен»
ортақ декларативті сипат алды және кӛптеген ережелері бойынша
онымен ұқсас болды. Жаңа бағдарламада ауылшаруашылығын
82
дамыту міндеті сақталды. Оған популистік ұрандар енгізілді -
«ұлттық байлықты тең бӛлу», «кедейлер мен байлар арасындағы
алшақтықты жою», «шаруалар ӛміріндегі әділеттілікті қамтамасыз
ететін аграрлық қайта құруларды ӛткізу». Х.М.Эршад үкіметінің
қызметіндегі маңызды орынды елді исламдандыру бойынша шаралар
иеленді. Білім жүйесін исламдандыру әрекеті студенттер арасында
жаппай қарсылық туғызды. Студенттік бас кӛтерулер 80-ші
жылдардың екінші жартысындағы Бангладеш саяси ӛмірінің
ерекшелік белгісі болды.
Тӛңкерістен кейін елдегі саяси партиялар әскери режимге
қатынасы бойынша біртіндеп оппозициялық блоктарға топтаса
отырып, аңдушылық позицияны иеленді: 15 партия одағы, 7 партия
альянсы және 10 партия блогы. 15 партия одағын Авами лиг
басқарды, 7 партия альянсын – Ұлттық партия, 10 партия блогын
мұсылмандық күштер біріктірді. Әскери режимге қарсы неғұрлым
шешуші күресті елдегі екі ірі партия жүргізді – Авами лиг және
Ұлттық партия. Билікке қарам-қарсылықтың негізгі формасы хартал –
бүкілхалықтық ереуіл болды. Оған қатысушылар әскери жағдайдың
тоқтатылуын және парламенттік және президенттік сайлаудың
белгіленуін талап етті.
1983 жылы желтоқсанда Х.М.Эршад президент қызметін
иеленді. Елдегі билікті қолына шоғырландыра отырып, ол басқарудың
демократиялық формасына кӛшумен байланысты мәселелер бойынша
оппозициялық саяси партияларға диалог ӛткізуді ұсынды. Алайда
әскери әкімшілік ӛкілдерінің саяси партиялар жетекшілерімен
алғашқы кездесуі биліктің оппозицияның негізгі талаптарын
қанағаттандыруға ниеті жоқ екендігін кӛрсетті. Парламент сайлауы
1985 жылдың 6 сәуіріне белгіленді, ал әскери жағдайды жаңадан
сайланған парламенттің бірінші сессиясында жоюға уәде берілді.
Әскери режимге демократиялық сипат беру мақсатында 1985
жылы 21 наурызда референдум ӛткізілді, оның барысында әскери
билік саясаты туралы және Х.М.Эршадтың президент қызметін
жалғастыруына ӛз пікірін айту мүмкіндігі туды. Саяси қызметке тиым
салу жағдайында ӛткен референдум Х.М.Эршадқа жеңіс алып келді:
дауыс беруге қатысқандардың 94%-дан астамы оны жақтады.
Х.М.Эршад бірқатар оппозициялық партиялардың құлдырауын
ӛз пайдасына шеше білді және бірқатар оппозициялық партиялардың
саяси қайраткерлер тобын ӛз жағына тартты (Ұлттық партия, Біріккен
халықтық партия, Демократиялық партия және Мұсылмандық лига).
Үкімет «кӛппартиялық сипат» алды.
1985 жылы тамыз айында үкіметке кірген бес партия
жетекшілері жаңа блоктың – әскери әкімшіліктің басты саяси тірегі
болған Ұлттық майданның құрылуы туралы жариялады. Әскери билік
83
үй қамауынан Хасина Вазедті және Халед Рахманды босатты.
Оппозициялық күш жетекшілері саяси күреске белсенді араласты.
Қуатты студенттік қозғалыстар ӛздері туралы тағы да жариялады.
1990 жылы генерал Хусейн Мохаммед Эршад студенттік
демонстрациялар және оппозция тарапынан қысым нәтижесінде
отставкаға кетуге мәжбүр болды. Ал 1991 жылы парламенттік сайлау
ӛтті және кӛп жылдық әскери режимнен кейін парламенттік
демократияға кӛшу жүзеге асырылды. Сайлау З.Рахманның жесірі
басқарған Бангладеш Ұлттық партиясына (БҰП) жеңіс әкелді.
Премьер-министр Бегум Халеда Зия Рахман елдің демократиялық
жолмен сайланған алғашқы жетекшілерінің бірі болды. Оның
сайлаудағы басты қарсыласы оппозициялық Авами лиг кӛсемі Хасина
Вазед болды, шейх Муджибур Рахманның қызы.
1996 жылы маусым айында ӛткен және кезекті рет саяси
тұрақсыздықпен аяқталған келесі парламент сайлауларында Авами
лиг жеңіске жетеді, ал премьер-министр Шейх Хасина Вазед болды.
Х.Вазед ӛз әкесінің саяси принциптеріне адал болды.
Достарыңызбен бөлісу: |