Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы


Ауғанстанның әкімшілік бӛліну картасы



Pdf көрінісі
бет19/66
Дата31.01.2023
өлшемі2.21 Mb.
#468971
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

Ауғанстанның әкімшілік бӛліну картасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ирак 
 
1. Ирактың империализмнің негізгі тірек базасына айналуы. 
2. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары азаттық қозғалыстың 
ӛрлеуі. 
3. 1958 жылғы революция. Касем билігі кезіндегі Ирак. 
4. 1968 жылғы қайта құрулар. 
5. 80-90 ж.ж. Ирак. 
 
Басқару формасы және территориялық қҧрылысы: 
Парламенттік республика, 18 провинциядан тұратын унитарлы 
мемлекет. Заң шығарушы орган - құрамында 275 парламентарийлер 
бар парламент (Ұлттық ассамблея).
Астанасы: Багдад (5,6 млн. адам). 
Ирак территориясында шамамен б.э.д. ІҮ мыңжылдықта пайда 
болған Шумер патшалығы болды. Қазіргі Ирак тәуелсіздігін 1921 ж. 
тамызда алды, бірақ 1932 ж. дейін Ұлыбритания елді басқару 
мандатына ие болады. 2003 ж. басында АҚШ болған ирактық 
коалицияға қарсы әскерилер қалыптасқан басқару режимін құлатады.


131 
Географиялық жағдайы: Оңтүстік-Батыс Азия. Үнді мұхитына 
шыға алады (Парсы шығанағы). Түркиямен, Иранмен, Кувейтпен, 
Сауд Аравиясымен, Иорданиямен, Сириямен шектеседі. 
Жер кӛлемі: 438 мың км
2

Халқы: 26,1 (57,9) млн. адам. Арабтар (80 %), курдтар (17 %), 
түрікмендер. Тығыздығы: 60 адам/км
2

Мемлекеттік тілі: араб, курд. 
Ақша бірлігі: динар. 1 евроға 2,34. 
Ирактағы әскери жағдай тек 1946 жылы ақпанда ғана 
жойылады. Бейбіт кезеңдегі Тауфик ас-Сувейди басқарған алғашқы 
кабинет әскери цензураны жойып, саяси партиялар қызметін 
жекешелендіру туралы шешім шығарып, 1930 жылғы келісімді қайта 
қарау үшін комиссия құрады. Бұған дейін жасырын қызмет жасап 
келген патриоттық ұйымдар ӛздерінің заңсыз қызметін бастайды. 
Камил аль-Чадарчи басқарған Ұлттық-демократиялық партия ерекше 
белсенділік танытты. Қоғамдық қозғалыстардың белсенділігі 
жергілікті реакцияны қатты шошындырды. Әсіресе 1947 жыл Ирак 
тарихында ерекше болды. Саяси репрессиялар жағдайында наурыз 
айында парламент сайлауы ӛтеді. Парламентте монархиялық билік 
ӛкілдері басым дауысқа ие болады. Әсіресе 1948 жылы қаңтарда 
Портсмутта қол қойылған жаңа тең емес ағылшын-ирак келісімі 
тӛңірегіндегі мәселе шиеленісті болады. Бұл келісім ағылшын әскери 
оккупациясының қорытындыларын шығарды және Ирактың тәуелді 
жағдайын сақтап қалды. Ирак үкіметі сыртқы саясатында да 
дербестігін алған жоқ. 1949 жылы 6 қаңтарда үкіметті Нури Саид 
басқарды, ол оның кабинетінің басты міндеті – «коммунистік 
қауіппен» күрес деп мәлімдеді. 1949 жылы желтоқсанда коммунистік 
топтар мен демократтардың үстінен сот ісі жүргізіледі. Сот шешімі 
бойынша Ирак Коммунистік партиясының бас хатшысы Юсеф 
Сальман Юсеф (Фахид) және ИКП ОК-нің мүшелері Хусейн 
Мухаммад аш-Шабиби мен Заки Мухаммад Басим Бағдадта халық 
алдында дарға асылады. 1949 жылдың аяғында саяси тұтқындар саны 
бірнеше мыңдаған адамға жетеді.
1949 жылы қараша айында Нури Саид ӛзінің Конституциялық 
одақ партиясын құрады, ал 1951 жылы маусымда Салех-Джабардың 
Ұлттық-социалистік партиясы тіркеледі. Алайда үкімет 1952 жылы 
күзде парламентке тікелей сайлау ӛткізуге келіседі. Сайлау 1953 
жылы ӛткізіледі, оның ӛткізілуі кезінде сайлаушыларға үлкен қысым 
кӛрсетіліп, бұл парламентке монархиялық құрылыс жақтастарын 
ӛткізуге мүмкіндік береді. Ирак халқының үкіметке қарсы 
баскӛтерулерінің қысымымен биліктегілер парламентті таратып, жаңа 


132 
парламент сайлауын ӛткізу күнін белгілеуге мәжбүр болады. 
Маусымдағы сайлауда Біртұтас ұлттық майдан жеңіске жетеді. 
Парламент 
сайлауы 
Ирактағы 
британ 
әскери-саяси 
және 
экономикалық озбырлығын жою, демократиялық реформаларды 
ӛткізу және тәуелсіз сыртқы саясат ұранымен ӛтті. Нури Саидтің 
монархиялық билеушілері мемлекеттік тӛңкеріс жасауға қадам 
жасайды. 1954 жылы тамызда ол жаңа ғана сайланған парламентті 
тарату туралы мәлімдеді және барлық саяси партиялар қызметіне 
тиым салды. Елде ашық әскери диктатура режимі орнатылады.
Елде әскери-полицейлік режим орната отырып Ирак билеуші 
топ ӛкілдері бірмезгілде Батыстың империалистік тобымен де 
жақындаса түседі. 1950-1954 ж.ж. Ирак АҚШ-мен елдің 
экономикалық және саяси ӛмірінде АҚШ неоколониалистік 
топтарына 
ӛз 
позицияларын 
нығайтуға 
мүмкіндік 
берген 
экономикалық, техникалық, әскери және мәдени «кӛмек» туралы 
бірнеше келісімге қол қояды. 1953 жылдың аяғы - 1954 жылдың 
басында Ирак билеуші топ ӛкілдері антикоммунистік және 
антикеңестік кампанияны кең түрде жүргізе бастайды, насихаттаудың 
ресми органдары Ирактың империализмнің әскери жоспарларына 
қатысуы үшін үгіт жұмыстарын жүргізеді. 1954 жылы тамызда 
билікке келген Нури Саид үкіметі жаңа антидемократиялық 
декреттерді енгізе отырып, Орта Шығыста империалистік бағыттағы 
режимнің әскери-саяси блогын құру туралы келісімдерге кіріседі. 
1955 жылы 24 ақпанда осы блокқа бастама болған ӛзара 
ынтымақтастық туралы ирак-түрік келісіміне қол қойылады. 1955 
жылы 4 сәуірде 1930 жылғы келісімнің орнына Ирак пен Англия 
арасында Арнайы келісімге қол қойылады. Кейіннен, 1955 жылы 23 
қыркүйекте ирак-түрік келісіміне Пакістан, ал 12 қазанда Иран 
қосылады. Осылайша бірқатар орташығыстық елдердің реакциялық 
билеуші топтарының және Орта Шығыстағы империалистік 
державалардың келіссӛздерінің нәтижесінде Багдад пактісі (СЕНТО) 
атауымен белгілі әскери агрессиялық блок құрылады.
Жаңа әскери-саяси ұйым Орта Шығыстағы демократиялық 
қозғалысқа қарсы бағытталған империализм саясаты мен жергілікті 
реакцияның маңызды құралына айналады. Ӛзінің ӛмір сүруінің 
алғашқы күндерінен бастап Багдад пактісі Сирия, Ливан және басқа 
да араб елдерінде реакциялық режимді орнатуға бағытталған 
қызметін жүргізеді. Сонымен қатар Багдад пактісі Кеңес үкіметіне 
қарсы ашық саясат жүргізеді. Ирак-түрік келісімі (1955 жыл 3 қаңтар) 
жасалуы 
қарсаңында 
Нури 
Саид 
үкіметінің 
кеңес-ирак 
дипломатиялық қатынастарының үзілетіндігі туралы мәлімдеуі 


133 
кездейсоқ емес еді. Багдад пактісінің құрылуы және оған ирактың 
қосылуы араб әлемінің қарсы кӛзқарасын туғызады.
Монархиялық режим ел ішінде де қарсылыққа тап болады. Ішкі 
реакциялық және сыртқы империалистік бағыттағы сыртқы саясатқа 
қарсы жұмысшылар, шаруалар, интеллигенция, ұлттық буржуазия 
қарсылықтарын білдіреді. Ирак реакциясы ӛз бақылауынан армияны 
да шығарып алады: 1956 жылы онда құпия революциялық ұйым 
ошағы «Ерікті офицерлер» құрылады. Патриоттық рухтағы генерал 
А.К.Касем және полковник А.С.Ареф басқарған әскерилер билеуші 
режимге қарсы шығады. Әскери баскӛтерулер Ұлттық бірлік 
майданымен келісімді түрде жүргізілді. Баскӛтеру 1958 жылы шілде 
айының 13-нен 14-не қараған түні, король Фейсал ІІ мен премьер-
министр Нури Саидтің Бағдадтан Стамбулға Ирактың Ливанға қарсы 
Түркия интервенциясына қосылуы туралы келісімге қол қоюы үшін 
ұшуы қарсаңында орын алады. Екі армиялық бригада король сарайын 
және мемлекеттік мекемелерді басып алады. Әскерилерге қарапайым 
халық та қосылады. Астана және кейіннен барлық ел 
кӛтерілісшілердің бақылауында болды. Король Фейсал және оның 
отбасы, премьер-министр Нури Саид және ескі режимнің кейбір 
қызметкерлері тұтқындалып ӛлтіріледі. Кӛтерілісшілер Иракты 
тәуелсіз республика деп жариялады.
Республикалық үкімет құрамына жоғарғы офицерлік ӛкілдері 
және Ұлттық бірлік майдан қызметкерлері кіреді. Ирактың Багдад 
пактісінен шығуы, Ирак территориясында шетелдік әскери 
базалардың жойылуы туралы жарияланады. Мемлекет басшысы 
болып А.К.Касем тағайындалады. 26 шілдеде республикалық 
құрылымды бекіткен және заң алдындағы барлық азаматтардың 
теңдігін жариялаған уақытша конституция енгізіледі. Мемлекеттің 
басында президент тұрды, ол елдің жоғарғы заң шығарушы органы – 
революциялық басқарудың Ұлттық кеңес тӛрағасы болды. Атқарушы 
билік мүшелерін президент тағайындаған Министрлер Кеңесімен 
жүзеге асырылды. 1958 жылғы шілде оқиғаларын отаршылдыққа 
қарсы ұлттық революция деп бағалауға болады. 1958 жылы 30 
қыркүйекте ірі жер иеленуді шектеген аграрлық реформа туралы заң 
қабылданады. Бұл заң феодалдық жер иеленуді толығымен жойған 
жоқ.
1958 жылғы шілде революциясынан кейінгі саяси процестердің 
басты мазмұны екі неғұрлым ықпалды партиялардың – Араб 
социалистік қайта ӛрлеу Партиясы (ПАСВ Баас) және Ирак 
Коммунистік партиясы (ИКП) – қарама-қарсылығы болды. Екі партия 
да ел дамуының біртұтас даму мақсатын – ұлттық социализм құру 


134 
және халық тобының ықпалы үшін күрес жүргізді. Баасистер мен 
коммунистер арасындағы күрес 1959 жылы кӛктемде Ұлттық бірлік 
майданының құлауына алып келді. 1960 жылы үкімет саяси 
партияларды жекешелендіру туралы заң енгізеді. ИКП – 
жекешелендіруге қарсылық білдіреді. 
Жас Ирак Республикасының экономикасын орнықтыру үшін 
КСРО-мен сауда-экономикалық қатынастарының дамуы зор маңызға 
ие болды. 1958 жылы 11 қазанда Бағдадта кеңес-иран сауда келісіміне 
қол қойылады. Жаңа үкіметтің осы бағыттағы қызметтері феодалдық 
және буржуазиялық-компрадорлық реакция қарсылығын туғызады. 
Саяси теке-тірестер жағдайында мемлекет басшысы Касем ӛзінің 
жеке диктатурасын нығайта бастайды, бұл саяси одақтастары 
тарапынан қарсылыққа тап болады: әсіресе, Касемге қолдау кӛрсетуге 
Баас, Араб ұлтшылдар қозғалысы (ДАН) және Египетте насерлік даму 
жолының жақтастары ирактық насерліктер бас тартады. Олар бірігіп 
оппозициялық үкіметтің Социалистік блогын ұйымдастырады. 
Қалыптасқан жағдайды революциялық процесті ӛрлетуге ұмтылған 
күштер пайдаланады. 8-10 ақпанда ӛздеріне сенімді армия 
бӛлімдеріне арқа сүйеген Кавемнің саяси қарсыластары мемлекеттік 
тӛңкеріс жасайды. 8 ақпандағы тӛңкеріс нәтижесінде биліктің жаңа 
органдары – революциялық басқарудың Ұлттық кеңесі және маңызды 
орындарды Баас мүшелері иеленген үкімет құрылды. Президент 
болып Абдель салям Ареф, премьер-министр болып – Ахмед Хасан 
аль-Бакр тағайындалады. Баасистер мен насерліктер арасындағы 
шиеленіс Социалистік блоктың құлауына алып келеді.
1968 жылы 17 шілдеде баасистер мен армиялық офицерлік 
топтар мемлекеттік тӛңкеріс жасап, мемлекеттік билікті ӛз қолдарына 
алады. Президент Ареф тұтқындалады және шетелге жер аударылады, 
президенттік билік баасистер кӛсемі генерал Ахмед Хасан аль-Бакр 
қолына кӛшеді. Билікті басып алғаннан кейін Баас бірден ӛз 
қатарында күрделі қайта құрулар ӛткізеді. Бес адамнан тұратын жаңа 
партиялық басшылықты құрады, олардың ішінде армиялық офицер 
және партиялық белсенді Саддам Хусейн маңызды роль атқарады.
1970 жылы 16 шілдеде жаңа уақытша конституция қабылданып, 
Иракты «халықтық демократиялық республика» деп жариялады. 
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы революциялық басқарма 
Кеңесі (СРК) болды. Атқарушы билікті Министрлер Кеңесі жүзеге 
асырды. РБК (СРК) тӛрағасы және республика президенті А.Х.Аль-
Бакр болды. Ең ірі маңызды оқиға үкіметтің 1972 жылы «Ирак 
петролиум компания» меншігін ұлттандыру туралы шешімі болды. 
Елде барлық мұнай ресурстарын ұлттандыру 1975 жылдың аяғында 


135 
аяқталды. Мұнай байлықтары мемлекет қолына кӛшеді, сол арқылы 
Ирактағы шетел капиталы позициясына үлкен соққы беріледі. 1972 
жылы сәуірде Ирак үкіметі КСРО-мен достық және ынтымақтастық 
туралы Келісімге қол қояды. 1970 жылы мамырда аграрлық реформа 
туралы жаңа заң қабылданады. Ол шаруаларды салық тӛлеуден 
босатып, феодалдарға компенсацияны жойды. Экономикадағы қайта 
құрулар маңызды әлеуметтік шараларды қамтыды. Олардың ішіндегі 
бастылары – 1970 жылы еңбек туралы заңның және 1971 жылы 
әлеуметтік және зейнетақылық қамту туралы заңның қабылдануы 
болды. Екі заң да тұрмыс деңгейінің ӛсуіне және еңбек жағдайының 
жақсаруына алып келді.
Баас жетекшілері елде тұрақтылықты және демократиялық 
қайта құруларды қамтамасыз ету мақсатында барлық саяси партиялар 
мен қоғамдық ұйымдарды ынтымақтастыққа шақырды. Үкімет бейбіт 
жолмен курдтар мәселесін шешуге, ұлттық аз топтардың азаматтық 
құқықтарын қалпына келтіруге және саяси партиялар қызметін 
жекешелендіруге уәде берді. Баасистердің неғұрлым күрделі саяси 
қарсыласы коммунистер болды. Бірақ бұл кезеңде ИКП екі бӛлікке 
бӛлінді: Азиз аль-Ходж басқарған Орталық басшылық және Азиз 
Мұхаммед басшылығындағы кеңестік бағыттағы орталық Комитет. 
1968 жылы баасистер ИКП екі фракциясына да үкімет кабинетіне 
кіруге ұсыныс білдіреді. Орталық басқарма бұл ұсыныстан бас 
тартады. Орталық комитет үкіметтегі Баастың жетекшілік ролін 
мойындайды.
1979 жылы 7 шілдеде А.Х.аль-Бакр мемлекеттегі барлық 
қызметтен және армиядан шеттетіледі. Ол үй күзетіне алынады, ал 
ресми мәліметтер бойынша – ауруына байланысты отставкаға кеткен. 
Президентік билік С.Хусейнге беріледі, ол сонымен қатар республика 
президенті, премьер-министр, революциялық басқарма Кеңесінің 
басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы және партияның бас 
хатшысы болды. Осылайша, Саддам Хусейн ӛз қолына абсолюттік 
билікті шоғырландырады.
Билеуші партияның және оның жетекшілерінің алғашқы кезек 
күттірмейтін 
мәселелерінің 
бірі 
мемлекетке 
ӛзінің 
толық 
идеологиялық, саяси және әкімшілік бақылауын орнату болды. 
Партиядағы, армия мен мемлекеттік аппараттағы жауапты 
қызметтерге баасистік партияға және жеке С.Хусейнге берілген 
тұлғалар тағайындалды. 1979 жылы мамырда 30-дан астам 
коммунистер 
және 
олардың 
жақтастарын 
С.Хусейн 
ирак 
революциясына сатқындығы үшін айыптап, ӛлім жазасына кесіледі. 
1979 жылы министр-коммунистер үкіметтен шығарылып, компартия 


136 
Ұлттық майданға ӛзінің қатысуын тоқтатады, ал оның жетекшілері 
елді тастап кетеді. ИКП-ның құлауымен Иракта билікте баасистік 
партияның монополиясымен бір партиялық жүйе орнайды.
Ішкі ӛзгерістердің және бірқатар сыртқы факторлардың әсерімен 
Ирактың сыртқы саясаты да ӛзгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет