Йемен
1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Йемен.
2. 1962-1980 ж.ж. Солтүстік Йемен. Әлеуметтік-экономикалық
және
саяси
құрылымындағы
ӛзгерістер.
Халықаралық
қатынастардағы рӛлі.
3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Оңтүстік Йемен (1945-
1963 ж.ж.)
4. Йемен Халық Демократиялық Республикасының саяси және
әлеуметтік-экономикалық дамуы (1967-1980 ж.ж.).
5. 1990 ж.ж. Йемен Республикасы. Сыртқы саясаты.
Басқару
формасы
мен
территориялық
қҧрылымы:
Парламенттік республика, 16 провинциядан тұратын унитарлы
мемлекет. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган –
Депутаттар палатасы. Астанасы – Сана (1,5 млн. адам).
191
Қазіргі Йемен территориясындағы алғашқы мемлекет б.э.д. 1200
жылдан 650 жылға дейін ӛмір сүрді. ХХ ғасырдың басында ел
Солтүстік және Оңтүстік Йеменге бӛлінеді. 1990 жылы біртұтас
мемлекет құрылады.
Географиялық орналасуы: Оңтүстік-Батыс Азия, Аравия
түбегінің оңтүстік бӛлігі. Үнді мұхиты шайып жатыр. Сауд
Аравиясымен және Оманмен шектеседі.
Жер кӛлемі: 528 мың км
2
.
Халқы: 20,7 (47) млн. адам. Йемендік арабтар.Тығыздығы: 39
адам/км
2
.
Мемлекеттік тілі: араб тілі.
Ақша бірлігі: йемендік риал. 1 евроға 227,3.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ағылшын-йемен
қатынастары шиеленіскен күйінде қала берді. Йемен мен Аденнің
британдық протектораты арасындағы шекара туралы мәселе
реттелген жоқ. 1946 жылы йемен тайпалары мен ағылшын
офицерлерінің басшылығында болған протектараттың армиялық
бӛлімдері арасында қақтығыстар болып ӛтеді.
1946 жылы «достық, сауда және теңізде жүзу туралы» бірінші
американ-йемен келісіміне қол қойылады, дипломатиялық қатынастар
орнатылады және Таизде АҚШ миссиясы, ал келесі жылы –
Вашингтонда йемен ӛкілділігі ашылады. 1940 ж.ж. екінші
жартысында Йемен соғысқа дейін басталған араб елдерімен
қатынасын кеңейту және нығайту саясатын жалғастырады, сондай-ақ
Араб Елдері Лигасын құруға қатысып, оның мүшесіне айналады, ал
1947 жылы БҰҰ-на қабылданады.
«Еркін йемендіктер» қызметі билеуші топтың алаңдаушылығын
туғызды. Имам Яхьяның оппозиция жетекшілерін отанға қайтару
әрекеті сәтсіз болды. Оған қоса, 1946 жылдың соңында
оппозиционерлер күтпеген жерден қорғаныс алады: Аденге
қозғалыстың белсенді қатысушысына айналған имамның тоғызыншы
ұлы ханзада Ибрагим эммиграцияланды. 1947 жылы күзде «еркін
йемендіктер» имаматты басқаруға кӛпжылдық үміткер аль-
Вазирлердің ықпалды отбасы ӛкілдерімен Сана режиміне қарсы
біріккен күрес туралы келісімге қол жеткізеді. 1948 жылы 17 ақпанда
Санаға жақын жерде Яхья ӛлтіріледі. Келесі күні Сананың улемдер
кеңесі жаңа имам және Йеменнің билеушісі етіп Абдалла аль-Вазирді
тағайындайды.
Мұрагер ханзада Ахмед жаңа билеуші тарапынан репрессияға
ұшыраудан қауіптеніп, мемлекеттік қазынамен елдің солтүстігіне
қашып, ӛзін сол жерде имам деп жариялап, тұрғындарды «қасиетті
соғыс» («джихад») бастауға шақырады. Солтүстік провинциялар
192
бұрынғы режимге адалдығын сақтайды, ал оңтүстік аудандардың
тұрғындары жаңа билікті тек формальды түрде ғана таныды. Имам
Абдалланың араб елдері тарапынан қолдау табу әрекеті де
сәтсіздікпен аяқталады: АЕЛ (ЛАГ) мүшелері жаңа үкіметті танудан
бас тартады және оған саяси қарсыластарымен күресте ешқандай
кӛмек кӛрсетпейді.
1948 жылы 14 наурызда Абдалланың әскери күштері
талқандалып, әмір Ахмедке адал тайпалар Сананы жаулап алады.
Келесі күні Ахмед жаңа имам деп жарияланып, «мутаваккиль аля-
Алла» («Аллаға үміт артқан») титулы беріледі. Ел Йемен
Мутаваккилий Корольдігі деп аталады. Оппозицияның жақтастастары
және кӛптеген ұйымдастырушылар жазаланды немесе түрмеге
қамалды.
1950 жылдың басында билеуші династия мүшелері арасында
билік үшін күрес басталады. Таққа Ахмедтің ұлы - әмір Мұхаммед
аль-Бадр және имамның інілері - әмір Абдалла және аль-Хасан
қызығушылықтарын танытады. «Еркін йемендіктердің» басым
кӛпшілігі әмір Мұхаммед кандидатурасын қолдайды. Армиялық
офицерлердің, кейбір тайпалардың шейхтарының, феодалдар мен
шенеуніктердің қолдауын алған әмір Абдалла 1952 жылғы Египет
революциясы үлгісінде әскери тӛңкеріс жоспарын жасады.
Оппозициялық таиздық горнизондарды бейтараптандыруға
тырысқан имам Ахмед 1955 жылдың басында сенімсіз офицерлерді
жазалауды және ас-Сауляйді тұтқындауды бұйырды. Бұған жауап
ретінде әскерилер бүлікке шықты, және имам сарайын қоршауға
алып, әмір Абдалла пайдасына тақтан бас тарту актісіне қол қоюға
мәжбүрледі.
Алайда
тӛңкеріс
жетекшілерінің
арасындағы
алауыздықтар кӛтеріліске шығушылар арасына келіспеушіліктер
салды, және имамның ұлы Мухаммед аль-Бадр сенімді тайпалар
жасағын жинап, 5 сәуірде бүлікті басты.
Сәтсіз аяқталған тӛңкерістен кейін имам Ахмед аль-Бадрды
мұрагер ханзада, министрлер кабинетіндегі ӛзінің орынбасары,
сондай-ақ сыртқы істер министрі және қарулы күштердің бас
қолбасшысы деп жариялады.
Тӛңкерістің басып тасталуынан кейін 1955 жылы елде
реформалар ӛткізу туралы жарияланады. Акционерлік компаниялар
(құрылыс, авиатранспорттық, электрлік, сауда бойынша, импорт
бойынша және т.б.) құрыла бастайды. Ұлттық капитал есебінен
бірнеше шағын ӛнеркәсіп орындары салынады. Бірмезгілде үкімет
мемлекет меншігінде болған тоқыма ӛнеркәсібінің орындарын
шетелдіктер кӛмегімен модернизациялауға тырысты.
193
1962 жылы 19 қыркүйекте Таизде имам Ахмед қайтыс болады.
Улемдер кеңесі келесі күні жаңа имам етіп мұрагер ханзада
Мұхаммед аль-Бадрды сайлайды. Оппозициялық режим күштері ӛз
қызметтерін күрт жандандырады. Әмір аль-Хасан жақтастары
имамды тұтқындау туралы бұйрық беруге күштеп, «Еркін офицерлер»
жетекшілерін шеттету әрекетін жасайды. Бұл туралы хабардар болған
ұйым жетекшілері кӛтеріліс бастау туралы шешім қабылдайды.
Қыркүйек айының 26-нан 27-не қараған түні оған адал әскери
бӛлімдер имам сарайына оқ жаудырып, радиостанцияны, пошта мен
телеграфты басып алады. Таңертең кӛтеріліс штабы монархияның
құлатылуы және республиканың жариялануы туралы жариялайды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ағылшындықтар
отарлар мен протектораттардың басқару жүйесін модернизациялауды
жалғастырады. 1947 жылы бұйрық бойынша губернатор жанындағы
атқарушы кеңеске қосымша Аденде Заң шығарушы кеңес құрылады,
оның мүшелерін отаршыл билік ӛкілдері тағайындайды. 1937 жылы
ағылшындықтар Аденді тақ отары деп жариялаған болатын, яғни енді
тікелей Лондоннан басқарылды. Бұрынғы барлық протектораттар енді
Аден Шығыс протектораты құрамына кірді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияның Египет,
Ирак және басқа да араб елдеріндегі позициясының әлсіреуіне
байланысты Аденнің әскери-стратегиялық маңызы күрт артады. 1957
жылы ол Суэц каналынан шығысқа қарайғы британдық ірі әскери
базаға айналады.
1954 жылы Лондон 1920 ж.ж. қалыптасқан Оңтүстіктің араб
әмірліктерінің Федерациясын құру жоспарын жүзеге асыру туралы
шешім қабылдайды. Ұзаққа созылған үгіт-насихаттан кейін бұл идея
Йемен билеушілері арасында жүзеге асырыла бастайды. 1959 жылы
11 ақпанда Далиа және Бейхан әмірліктері, Авадиль, Жоғарғы
Авалик, Фадли және Тӛменгі Яфи сұлтандықтары Федерация
құрамына кіреді. Жаңа мемлекеттік құрылымның пайда болуы
аймақтағы метрополияның позициясын нығайтты. Келісім бойынша,
Англия федерацияның сыртқы саясатына және қорғанысына
«жауаптылық танытты». 1962 жылы 4 сәуірде мемлекет Оңтүстік
Аравия Федерациясы деп атауы ӛзгертілді.
Отардың әлеуметтік-экономикалық дамуында тӛмендегідей
жағдайлар шешуші маңызға ие болды. Біріншіден, 1952-1954 ж.ж.
Аден-Бурейка қала маңындағы қуаттылығы жылына 8,3 млн.т. мұнай
ӛндірген «Бритиш Петролеум Компаниясына» тиесілі ірі мұнай қайта
ӛңдеу зауытының құрылысы. Екіншіден, Аден портының және
порттық құрылыстың кеңейтілуі. Үшіншіден, ағылшындық әскери
194
және азаматтық объектілердің, офицерлер үшін үйлердің, әкімшілік
ғимараттардың кӛптеп салынуы.
Сонымен қатар Аденнің реэкспорттық транизиттік сауда
орталығы ретінде маңызы күрт артады. Аден экономикасы ағылшын
әскери базасына қызмет етуге бағытталады. Ел экономикасы сыртқы
сауда балансының тапшылығынан зардап шекті.
1962 жылы 28 қыркүйекте Солтүстік Йеменде жаңа жоғарғы
билік органдары: 8 офицерден тұратын полковник Абдалла ас-Саляль
басшылығымен Революциялық басшылық Кеңесі, 4 адамнан тұратын
Мұхаммед Али Осман басқарған Президенттік кеңес және
Министрлер Кеңесі құрылады.
Революциялық басшылық кеңесі жариялаған манифестте
революция мақсаттары мен міндеттері қолдау тапты. Бұл «елде
абсолюттік режимнің және шетелдік ықпалдың» жойылуы және
«әлеуметтік әділеттілік принциптеріне негізделген республикалық
демократиялық исламдық құрылымды орнату». Шариат нормаларын
қатаң сақтау, тайпалық және діни келіспеушіліктерді жою
қарастырылды. Сыртқы саясат саласында жаңа билік арабтық
бірлікке, қосылмаушылық саясатына және позитивті бейтарап-
тылыққа адалдығын ұстанды.
1962 жылы қазан айының ортасында құлатылған имам аль-
Бадрдың тұтқыннан ӛзіне сенімді солтүстіктегі зейдит тайпаларына
қашып барғандығы туралы мәлім болады. Бұл жағдай ЙАР-ның
жауласушы екі лагерьге – республикашылдар мен монархистерге
бӛлінуіне және елде азамат соғысының басталуына алып келеді. ЙАР-
ғы ӛздерінің саяси жағдайын нығайтуға ұмтылған қарама-қарсы
тараптар
ықпалды
араб
мемлекеттерінен
қолдау
іздейді.
Монархистерге Сауд Аравиясы және басқа да консервативтік араб
режимдері кӛмек кӛрсетеді. Республикашылдар Египет тарапынан
қолдауға ие болады. Елде тӛтенше жағдай жарияланады. ЙАР-ның
барлық солтүстігін бақылап отырған оппозиция кӛсемдері – аз-
Зубейри, Нуман және Абд ар-Рахман аль-Арьяни қысымына жол бере
отырып, ас-Саляль Революциялық басшылық кеңесін таратты және
басында генерал Хасан аль Амри болған жаңа министрлер кабинетін
жасақтады.
1965 жылы тамыз айының соңында Джиддада (Сауд Аравиясы)
король Фейсал мен Г.А.Насер келісімге қол қояды. Ол бойынша,
Египет 9 ай ішінде ӛз әскерлерін ЙАР-нан шығаруға, ал Сауд
Аравиясы – монархистерге кӛмек кӛрсетуін тоқтатуға міндеттенеді.
Бұл шешім қос билік үшін күресуші қарама-қарсы топ тарапынан
теріс кӛзқарасқа ие болады. 1966 жылдың ортасында елдің саяси
195
күштері ас-Саляль және оның жақтастарына қарсы біртұтас
коалициялық блок құрады.
1967 жылғы соғыста Египеттің жеңілуі республикалық
басшылық позициясын күрт әлсіретеді. 1967 жылы 5 қарашада ас-
Саляль ресми сапарымен Иракқа кеткен кезінде Сана радиолары оның
барлық қызметтен босатылғандығы және барлық атақтарынан
айырылғандығы туралы жариялайды. Ұлтшыл демократтардың
бесжылдық басқаруы аяқталады.
Қантӛгіссіз тӛңкерістен кейін Абд ар-рахман аль-Арьяни
басышылығымен Республикалық кеңес және Мухсин аль-Айни
басшылығымен Министрлер Кеңесі құрылады, ал қарулы күштердің
бас қолбасшысы болып генерал Хасан аль-Амри тағайындалады.
Билікке жаңа республикалық басшылықтың келуі шиеленіс
ошақтарын жойған жоқ: азаматтық соғыс жаңа күштермен
жанданады. Имамат жақтастары қарулы жолмен монархияның
қалпына келтірілуіне қол жеткізуге шешім қабылдайды. ЙАР-ның
ішкі саяси жағдайына Оңтүстік Йемендегі республикалық күштер
позициясын нығайтқан ұлт-азаттық қозғалыстардың жеңісі (1967
жыл, қараша) үлкен ықпал етеді. Монархистер жүргізген әскери
қимылдар біртіндеп басыла бастайды және 1969 жылдың басында
толығымен тоқтатылады. Кӛп жылдық азамат соғысы Сауд Аравиясы
ЙАР тану туралы ӛзінің шешімін жариялаған мезгілде 1970 жылы
аяқталады.
Ел бейбіт даму жолына түседі. 1970 жылы желтоқсанда
қабылданған жаңа тұрақты конституциясында ЙАР «консультативті
парламенттік республика» деп жарияланып, барлық саяси партиялар
мен ұйымдар қызметіне тиым салынады. Ислам мемлекеттік дін, ал
шариат – барлық заңдардың қайнар кӛзі деп жарияланды.
1972 жылы ЙАР мен Оңтүстік Йеменнің шекаралас аудан-
дарында шиеленісті жағдай қалыптасады. ЙХДР-ның революциялық
басшылығының қарсыластары консервативтік солтүстікйемендік
тайпалар қолдауына арқа сүйейді. Іс диверсия, террор және ашық
әскери қимылдарға дейін барады. АЕЛ (ЛАГ) жетекшілігімен
жүргізілген жауласушы жақтарды достастыруға бағытталған
әрекеттері әскери қимылдардың тоқтатылуына және алдымен Каирде
(1972 жылы, 28 қазанда), ал кейіннен Триполиде (1972 жылы, 28
қарашада) құжаттарға қол қойылуға алып келеді. Онда екі Йемен
мемлекетінің басшылары болашақта елді бір мемлекетке біріктіру
қажеттілігін танып, олар «исламдық арабтық үлгідегі социализмге
ұмтылады» және «республикалық, ұлттық, демократиялық басқару
формасын» иеленеді деп кӛрсетіледі.
196
1974 жылы жаздың басында ЙАР-ғы билеуші режимнің елді
терең дағдарыс жағдайынан алып шығуға мүмкіндігі жоқ екендігі
анықталады. Сол кезде үшінші күш ретінде саяси аренаға армия
шығады. 1974 жылы 13 маусымда ел басшылығы отставкаға кетіп,
билікке подполковник Ибрагим аль-Хамди басшылығындағы
армиялық офицерлер келеді. Конституция қызметі тоқтатылып,
Республикалық және Консультативтік Кеңес таратылады.
Құрылған басшылық Кеңесі әкімшілік-қаржы реформасының
ӛткізілуі туралы жариялайды. 1977 жылы жазда ЙАР территориясы іс
жүзінде екі бӛлікке бӛлінеді. Билеуші режим демократиялық
күштермен де қатынасын реттей алмайды. 1976 жылы ақпан айында
алты прогрессивтік ұйымдар біртұтас Ұлттық-демократиялық
майданға (НДФ) бірігеді.
1977 жылы 11 қазанда сарай тӛңкерісінің нәтижесінде аль-
Хамди ӛлтіріледі. Басшылық Кеңесінің жаңа құрамын Ахмед Хусейн
аль-Гашими басқарды, ал Абд аль-Азиз, Абд аль-Гани және Абдалла
Абд аль-Алим оның мүшелеріне айналады. Аль-Гашими қарулы
күштердің бас қолбасшысы қызметін сақтады, ал Абд аль-Гани
үкіметті басқаруын жалғастырды.
Мемлекет басшысы ретінде нығаюуға тырысқан аль-Гашими
Халықтық Құрылтай жиналысын (ХҚЖ - УНС), консультативтік
орган, құру туралы мәлімдейді. ХҚЖ-ның тӛрағасы болып Абд аль-
Керим аль-Араши сайланады. 1978 жылы сәуір айында ХҚЖ-ның
шешімі бойынша басшылық Кеңесі жойылып, жоғарғы билік ел
президентінен және екі вице-президенттен тұратын Президенттік
кеңеске беріледі. Мемлекет басшысы болып кӛпшіліктің дауысымен
аль-Гашими тағайындалады.
Алайда саяси жағдайдың біртіндеп реттелуі кӛп ұзамай қайтадан
бұзылады. Оңтүстік йемендік эмиссар портфелінде болған бомба
жарылысының нәтижесінде 1978 жылы 24 маусымда ЙАР президенті
ӛлтіріледі. ЙАР-да ЙХДР-на қарсы бағытталған үгіт-насихат
жұмыстары кеңінен жүргізіледі. Екі мемлекет шекарасындағы
ұрыстар қайта жанданады.
1978 жылы 17 шілдеде ХҚЖ-ның тӛтенше отырысында
кӛпшілік дауыспен ЙАР президенті болып бұрынғы бас штаб бастығы
және Президенттік кеңестің мүшелерінің бірі Али Абдалла Салех
тағайындалады.
Ӛзінің
бағдарламалық
сӛзінде
ол
«қазіргі
орталықтандырылған, заң мен тәртіп мемлекетін құруға» уәде береді.
Президент басшылықтың барлық күші барлық әлеуметтік топтар мен
саяси күштер үшін тең құқықпен демократиялық қоғам құрылысына
бағытталатындығын мәлімдейді.
197
1979 жылы наурыз айында Кувейтте АЕЛ (ЛАГ) жетекшілігімен
ЙАР және ЙХДР оқ атуды тоқтату, әскерлерін кері шақыру және
шекараны ашу туралы келісімге қол жеткізеді. Бұл кездесуде біртұтас
Йеменнің конституция жобасын дайындау туралы айтылады.
Әскери қимылдардың тоқтатылуы екі елде де саяси жағдайдың
тұрақталуына алып келеді. 1980 жылы мамыр айында ЙАР-да
бағдарламалық құжат – Ұлттық хартия жобасын дайындау басталады.
1981 жылы күзде елдің басты саяси күші – Бүкілхалықтық конгреске
(БХК - ВНК) сайлау ӛтеді. 1982 жылы 24 тамызда БХК ӛзінің
алғашқы форумында Ұлттық хартия мәтінін бекітіп, ӛзінің жетекші
органы – Тұрақты комиссияны сайлайды. БХК Бас хатшысы және
Тұрақты комиссия тӛрағасы болып ЙАР президенті Салех сайланады.
Нәтижесінде ЙАР-ның саяси ӛмірін бірқатар демократияландыру
жаңа қоғамдық және кәсіподақ ұйымдарын құруға мүмкіндік берді.
Олардың кейбіреулері, әсіресе жазушылар мен журналистердің
йемендік одағы, екі йемендік мемлекет үшін ортақ болды. Елдің
қоғамдық-саяси ӛміріндегі маңызды оқиға 1984 жылы сәуір айында
Санада ӛткен ЙАР кәсіподақтық жұмысшыларының жалпыхалықтық
федерациясының (КЖЖФ) құрылтай съезді болды.
Жалпыхалықтық федерация бойынша біріккен дамудың
кооперативтік одақтарының саны артты, оның тӛрағасы президенттің
ӛзі болды. ЙАР-ғы кооперативтер елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуына және бірінші және екінші бесжылдық жоспарының
жобаларын, оның ішінде ауылшаруашылық объектілерінің, емхана-
лардың, ауруханалардың, мектептердің және ӛнеркәсіп орындарының
құрылысын, жол салуды жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосады.
Олардың қызметі 1985 жылы кӛктемде қабылданған заңмен
анықталды. Заңда кооперативтер ӛз қызметін мемлекеттік
ұйымдармен үйлестіруге тиіс деп атап кӛрсетілген.
1981 жылы бірінші бесжылдық жоспарының орындалуы
аяқталды және 1982 жылы ел екінші бесжылдық жоспарын орындауға
кірісті. Онда ӛнеркәсіп салаларын, бірінші кезекте ұлттық
экономиканың негізі болып отырған ауыл шаруашылығын (онда
экономикалық белсенді халықтың 70 пайызға жуығы қызмет етеді,
оның ӛнімі ҰІӚ-нің 30 пайызға жуығын құрайды), және тау-кен
ӛндірісін дамытуға баса назар аударылды.
Жоспарда ӛнеркәсіп объектілерінің құрылысына үлкен назар
аударылды. 1985 жылы елде саны бойынша тӛртінші цемент зауыты
ашылды, бірқатар шосселік жолдар салынды. Мемлекеттік сектор
айтарлықтай дамыған жоқ. Тек инфрақұрылым және энергетика
саласында ол жетекші позицияға ие. Бесжылдық жоспарларды
198
орындау жылдары әсіресе сауда және қызмет саласында жеке сектор
айтарлықтай жанданды.
Бесжылдық жоспарларды жүзеге асыру белгілі бір деңгейде
басқа
мемлекеттермен,
халықаралық
компаниялармен
және
фирмалармен берілген несиелер, займдар және кӛмектер есебінен
жүзеге асырылды. Тек 1985 жылы ғана тӛлем балансының
тапшылығын жабу үшін 16 млн.доллар мӛлшерінде несие берген
Араб валюталық қоры үлкен роль атқарады. Кең кӛлемді қолдауды
Дамудың Халықаралық агенттігі, сондай-ақ ЕЭС кӛрсетеді.
1979 жылы наурыз айында йемендік бірлік туралы декларацияға
қол қойылғаннан кейін ЙАР және ЙХДР арасындағы байланыс
кеңейді. 1981 жылы желтоқсан айында біріккен комиссия екі елдің
президенттерінің
қарауына
біртұтас
йемендік
мемлекеттің
конституция жобасын құрастырып, қарауына берді.
1980 ж.ж. 1990 жылы 22 мамырда жүзеге асырылған бірігуге
дайындық кезеңі жалғастырылады. Бұл күн жаңа мемлекеттік
бірлестік – Йемен Республикасының ұлттық мейрамы деп
жарияланады.
Соғыс аяқталғаннан кейін ағылшындықтар отарларды және
протектораттарды басқару жүйесін модернизациялау жүйесін
жалғастырды. Атқарушы кеңеске қосымша губернатор жанынан 1947
жылғы жарлық бойынша Аденде Заң шығару кеңесі құрылды, оның
мүшелері отарлық билікпен тағайындалды. Атқарушы кеңес Заң
шығару кеңесіне талқылау үшін қандай заңдар мен қаулыларды
шығаратынын ӛзі шешіті. Алайда губернатор кеңес пікіріне бағынбау
құқығына да ие болды.
Аравия түбегінің қиыр оңтүстігінің түрлі аудандарында отарлық
әкімшілікпен басып-жанышталып отырған тайпалардың отарлыққа
қарсы кӛтерілістері жиі болып тұрды (1858 жылдан 1937 жылға дейін
Аден
ағылшын-үнділік
басшылыққа
бағынған
Бомбейлік
президентпен
басқарылды).
Имам
Яхьяның
тәуелсіз
орталықтандырылған мемлекет құру бойынша қозғалыстарының
жетістіктері аймақтағы британдық үстемдікті шайқалтты. Тек үлкен
күш салудың арқасында ғана Лондонға Оңтүстік Йеменде билігін
сақтап қалу мүмкін болды.
Ӛздерінің жағдайын нығайтуға тырысқан ағылшындықтар 1937
жылы отарларды және протектораттарды басқару жүйесінің түрін
ӛзгертті. Аден тәж отары деп жарияланды, яғни енді тікелей
Лондоннан басқарылды. Аден отарлық әкімшілігінің басшысы саяси
резиденттің орнына бірмезгілде қарулы күштердің бас қолбасшысы
болып табылатын губернатор болды. Басқа территориялардың
199
билеушілерімен протекторат туралы конвенциялар және келісімдер
жасалды. Барлық бұрынғы протектораттар енді құрылған Аденнің
Батыс немесе Шығыс протектораты құрамына кірді.
Ұлыбританияның Египеттегі, Ирактағы және бірқатар басқа да
араб елдеріндегі позициясының әлсіреуімен Аденнің әскери-
стратегиялық маңызы күрт артты. 1957 жылға қарай ол Суэцтен
шығысқа қарайғы ең ірі британдық әскери база болды. 1954 жылы
Лондон 1920 ж.ж. жүзеге асыру ойластырылған Оңтүстіктің араб
әмірліктерінің Федерациясын құру жоспарын жүзеге асыруға шешім
қабылдады. 1959 жылы 11 ақпанда Далиа және Бейхан әмірліктері,
Авадиль, Жоғары Авалик, Фадли және Тӛменгі Яфи Федерация
құрамына кірді. Жаңа мемлекеттік құрылымның пайда болуы
метрополияның аймақтағы позициясын нығайтты және Оңтүстік
Йеменді Солтүстіктен әлсіретті. Шарт бойынша, Англия сыртқы
саясат және Федерация қорғанысы үшін «жауапты» болды. 1962
жылы 4 сәуірде мемлекет Оңтүстік Аравия Федерациясы (ОАФ) деп
ӛзгертілді.
1964 жылға қарай ОАФ құрамына кірген протектораттар саны
он жетіге жетті. Мемлекеттік биліктің жаңа жоғары органдары –
Жоғары кеңес және федеральдық үкімет, іс жүзінде ОАФ-ғы барлық
билік ағылшындықтардың қолында қала берді.
Отардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін тӛмендегідей
жағдайлар зор маңызға ие болды. Біріншіден, 1952-1954 ж.ж. Аден
маңайдағы Бурейка қаласындағы жылына қуаттылығы 8,3 млн.т
мұнай беретін «Бритиш Петролеум Компаниға» тиесілі ірі мұнай
ӛндіру зауытының құрылысы. Екіншіден, Аден портының кеңейуі
және порттық құрылғылар құрылысы. Үшіншіден, ағылшындық
әскери және азаматтық объектілердің, офицерлер үшін үйлердің,
әкімшілік мекемелердің және т.б. белсенді құрылысы.
Бұған қоса, Аденнің реэкспорттық транзиттік сауда орталығы
ретіндегі маңызы күрт артты. Аден экономикасы ағылшындық әскери
базаларға, порттарға, ағылшындық әскерилерге, шетелдік моряктар
мен туристерге қызмет кӛрсетуге бағытталған. Қызмет кӛрсету
саласының үлесі ҰІӚ құрылымында 79,2% құрады.
Арзан импорттық тауарлардың кӛптігі жергілікті ӛндірістің
дамуына кедергі келтірді. Ӛнеркәсіп ӛнімдерінің кӛлемі оның түрлері
сияқты кӛп болған жоқ. Мысалы, 1962 жылы 120,8 мың т. тұз, 279 т.
аллюминий ыдыстар, 34 т. темекі және табак, 3,8 млн.-нан астам тас
шығарылды, 6119 мың т. мұнай ӛндірілді. Ел экономикасы сыртқы
сауда балансының тапшылығынан зардап шекті. ОАФ бюджетінің
200
табыс бӛлігі бірінші кезекте ағылшындық субсидияларға негізделді.
Тоғыз шетелдік банк қаржыландырылды, ұлттық банктер мүлдем
болған жоқ.
Соғыстан кейінгі кезең Оңтүстік Йемендегі үлкен қоғамдық
ӛзгерістер кезеңі болды. 1950 ж.ж. бірінші жартысында Аденде
жұмысшы табының үш негізгі отряды қалыптасты: жұмысшы-
мұнайшылар (1960 ж.ж. басында 1,5 мыңға жуық), порттық
жұмысшылар (6 мыңға жуық). Үшінші отрядқа құрылысшы
жұмысшылар жатты. Йемендік жұмысшы таптың қалыптасуы
эмиграцияда да жүрді. 1950-1960 ж.ж. отанға оралған халықтың бұл
тобы
ұлттық-патриоттық,
арабтық
ұлтшылдық
идеясының
қозғаушылары болды.
Әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер патриоттық қозғалыс-
тардың пайда болуына және дамуына әсер етті. 1960 ж.ж. басында
Оңтүстік Йеменде алғашқы нағыз ұйымдастырылған ұлттық-
патриоттық күштердің жаппай бас кӛтерулері байқалады. Ұлттық
еркіндік үшін қозғалыстың катализаторы 1962 жылы 26 ақпандағы
революцияның жеңісі және Солтүстікте республиканың орнатылуы
болды. 1963 жылы 24 ақпанда Санада Оңтүстіктің патриоттық
күштердің конференциясында Ұлттық майданды (ҰМ) құру туралы
шешім қабылданды. Қол қойылған құжат – Ұлттық хартия – мәтінінде
барлық Йеменді біріктіру үшін күреске шақырған ұрандар болды. ҰМ
құрамына бұған дейін астыртын және жартылай астыртын әрекет
еткен патриоттық ұйымдар кірді: араб ұлтшылдары қозғалысының
йемендік бӛлімі (АҰҚ), Яфилық келісім майданы, Патриоттық
майдан, тайпалар Ұйымы, насершілдер Майданы, «Еркін офицерлер»
ұйымы, оккупацияланған Оңтүстік Йеменнің революциялық ұйымы.
ҰМ жетекшілігі басында Кахтан аш-Шааби болған АҰҚ қолында
болды.
ҰМ құрамына кірген ұлттық-патриоттық ұйымдар 1963 жылы
басталған Оңтүстік Йеменді азат ету үшін ұзаққа созылған қарулы
күрестің басты қозғаушы күші болды.
1967 жылғы араб-израиль соғысынан кейін ұлт-азаттық күрестер
кең кӛлемде жүргізіле бастайды. 1967 жылы қыркүйек айында
Ұлттық майдан 17 әмірлік пен шейхтықтың 12-сін бақылап отырды.
Жергілікті жерлерде азаматтық және әскери халық комитеттері
құрылды. Қараша айының соңында ұлттық-патриоттық күштер
қолына барлық ел территориясы шоғырланды. Британдық бас
комиссар Ұлттық майданды оңтүстік йемен халқының жалғыз заңды
ӛкілі ретінде тануға мәжбүр болады.
201
1967 жылы 22 қарашада Женевада ҰМ мен Ұлыбритания
арасында келіссӛздер басталып, нәтижесінде 30 қарашада ел
тәуелсіздігі және Оңтүстік Йемен Халық Республикасының құрылуы
туралы жарияланады. Дәл сол күні Ұлттық майданның саяси ұйымы
(ҰМСҰ - ПОНФ) биліктің Майдан қолына кӛшірілуі, президенттік
басқару формасын енгізу және Кахтан аш-Шаабиді ел президенті,
премьер-министр және қарулы күштердің бас қол басшысы етіп
тағайындау туралы мәлімдейді. Бас жетекшілік республиканың
жоғары заң шығару органы, ал ҰМСҰ – ел территориясындағы
жалғыз заңды ұйым деп жарияланды.
1968 жылғы 11 желтоқсандағы үкімет декреті бойынша
сұлтандар, әмірлер және шейхтер, басқа да феодалдық билеушілер
және федералдық қайраткерлер билігі жойылды. Жаңа әкімшілік бӛлу
енгізілді: республика 6 провинцияға бӛлінді.
Ұлттық майдан ішінде екі қанат – сол және оң – қалыптасады.
Президент аш-Шааби және оның жақтастары негізінен орта және ұсақ
қалалық буржуазия топтарына, дәстүрлі және селолық феодалдық
топтарға арқа сүйейді. Революциялық демократтарды, солшыл
экстремистерді және солшыл ұлттық ағымды біріктірген Абдель
Фаттах Исмаиль басшылығындағы сол қанат еңбекші халық,
прогрессивті интеллигенция, кіші офицерлер мен қатардағы армия
құрамының қолдауын пайдаланды.
Оң және сол қанат арасындағы шиеленіс 1968 жылы наурыз
айында ҰМ кезекті ІҮ съезінде ӛзінің шырқау шегіне жетеді. 1969
жылы мамыр айында президенпен ішкі істер министрі Мұхаммед Али
Хейтам арасында қақтығыс орын алады. 19 маусымда Майданның
басқа жетекшілерінің пікірін есепке алмай аш-Шааби министрді
қызметінен
босатады.
Сол
қанат
жетекшілері
президентті
диктаторлық басқаруға айыптап, оны отставкаға кетуге күштейді. 22
маусымда сол қанат президенттің қызметтен кетуі, 5 мүшеден
Президенттік Кеңестің және жаңа үкіметтің құрылуы туралы
мәлімдейді. Бұл шара оны ұйымдастырушылары тарапынан
«сауықтыру қозғалысы» деп аталады. Биліктен аластатылған
қайраткерлер ӛздерінің қорғанысына кейбір армиялық топтарды
кӛтеруге тырысты, бірақ сәтсіздікке ұшырады. Олардың кӛпшілігі
шетелге қашты.
ҰМ жаңа атқарушы комитеті сол қанат ӛкілдерінен құрылды,
оның бас хатшысы Абдель Фаттах Исмаил болды. Ел Президенті
функциялары Президенттік кеңеске жүктелді, оның құрамына Салем
Рубейя Али (тӛраға), Абдель Фаттах Исмаил және Мухаммед Али
Хейтам
кірді.
Республика
жетекшілерімен
қабылданған
202
бағдарламалық құжатта елдің ұлттық-демократиялық революция
сатысында екендігі атап кӛрсетілді.
«Сауықтыру
қозғалысының»
жеңісінен
кейін
Ұлттық-
демократиялық одақ және Баас жергілікті партиясы қызметіне
еркіндік берілді, және 1969 жылы желтоқсанда ҰДО кӛсемдері
Абдалла Базиб және Баас Анис Хасан Яхья үкімет құрамына кірді.
Ел әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар бағдарламасын
жүзеге асыруға кіріседі. 1969 жылы 27 қарашада шетелдік
компанияларды ұлттандыру туралы заң қабылданады. 1970 жылы 5
қарашада қабылданған аграрлық реформа туралы заң үлкен маңызға
ие болады. Республикада мәдени революция басталды, оның маңызды
бӛлігі сауатсыздықты жою бойынша кампания болды.
1970 жылы 30 қарашада мемлекет конституциясы күшіне енеді.
Ел жаңа – Йемен Халықтық Демократиялық Республика атауына ие
болады. Тікелей және жасырын дауыс беру жолымен 5 жылға
сайланған Жоғарғы халықтық кеңес – жоғарғы заң шығарушы орган
болды. Атқарушы билік басында премьер-министр болған үкіметке
бекітілді.
1970 ж.ж. басында ЙХДР ұлттық-патриоттық қозғалысының үш
жетекші отрядының жетекшілері біртұтас ұйымдық құрылымға бірігу
туралы мәселе бойынша келіссӛздер бастайды. 1975 жылы қазан
айында Адендегі біріккен съезде Біріккен саяси ұйым Ұлттық майдан
құрылды. Авангардтық партия құру бойынша саяси кампания 1976
жылы күзде аяқталды. 11-13 қазанда ӛткен құрылтай съездінде
Йемендік социалистік партияның (ЙСП) құрылуы туралы
жарияланды. Жаңа партияның жарғысында ол «шаруалармен және
басқа да жұмысшы халық топтарымен одақтағы йемен жұмысшы
табының авангарды болып табылады» деп жарияланды. Партияның
бас хатшысы болып Абдель Фаттах Исмаил тағайындалды.
1978 жылы 31 қазанда жүзеге асырылып жатқан қайта
құрулардың халықтық-демократиялық сипатын және қоғамдағы ЙСП
жетекші ролін бейнелеген жаңа конституция қабылданды. Желтоқсан
айында республиканың жоғары заң шығару органы – Жоғары халық
кеңесіне (ЖХК) алғаш рет сайлау ӛткізілді. Оны Абдель Фаттах
Исмаил басқарды.
1980 ж.ж. ЙХДР-ғы «социалистік перспективалар» кӛптеген
қиындықтарға тап болды. Ол ішкі, сонымен қатар сыртқы
факторларға да негізделді. Оның ең бастысы жалпы әлемдегі
«социалистік идеялар» дағдарысы болды.
1980 жылы кӛктемде республиканың екі жетекші қайраткерлері
Абдель Фаттах Исмаиль мен Али Насер Мұхаммед арасында
203
фракциялық күрес пайда болады. Йемен Социалистік партиясының
бас хатышысы Абдель Фаттах Исмаиль шетелге эмиграцияға кетуге
мәжбүр болады. 1985 жылғы қазан айындағы ЙСП-ның кезекті ІІІ
съездінде ішкі партиялық дағдарыс қайтадан кӛрініс тапты. Елге
қайта оралған Исмаил басшылығындағы партиялық-жетекшілердің
бір бӛлігі А.Н.Мухаммед қызметін ӛткір сынға алды. 1986 жылы
қаңтар айында ЙСП саяси бюро мүшелерінің кезекті отырысына
жиналғандарға қарсы террористік акция жасалды. Нәтижесінде
Абдель Фаттах Исмаил, Президиум тӛрағасының орынбасары Али
Антар, қорғаныс министрі Салех Муслих Касем, ЙСП партиялық
бақылау комиссиясының тӛрағасы Али Шайя Хади ӛлтірілді.
Бірмезгілде кӛптеген партиялық және мемлекеттік жұмысшылар,
әскерилер репрессияланды. Астанада және ішкі аудандарда
А.Н.Мұхаммед жақтастары және қарсыластары арасында нағыз
азамат соғысы орын алды. Билік үшін бұл қантӛгісті күресте
А.Ф.Исмаил ізбасарлары жеңіске жетті, ал бүлікшілер ӛздерінің
басшыларымен бірге шетелге қашты. ЙСП ОК-нің жаңа бас хатшысы
болып Али Салем аль-Бейд тағайындалды.
1986 жылы қазан айында ЖХК-ке сайлау ӛтті. Оның
депутаттары Президиум сайлады, оның басына Хайдар Абу Бакр аль-
Аттас тұрды.
1980 ж.ж. екінші жартысының барлығында елдің жаңа
мемлекеттік-саяси жетекшілігіне шаруашылықты кӛтерумен, ӛзара
тартыстардан жапа шеккен ұлттық бірлікті қалпына келтірумен
айналысуға тура келді.
Йемен Республикасы (ЙР) 1990 жылы 22 мамырда Йемен Араб
Республикасы мен Халықтық-Демократиялық Йемен Республика-
сының ерікті бірігу жолымен құрылады.
1991 жылы 15 мамырда елде біртұтас йемен мемлекетінің
конституциясын бекіту бойынша жалпыхалықтық референдум ӛтеді.
Сайлауға 18 жастан асқан тек ер адамдар ғана қатысады.
Референдумға қатысқандардың 98,3 пайызы негізгі құжаттың мәтінін
қабылдауға қолдау кӛрсетеді.
22 мамырда ел Солтүстік пен Оңтүстіктің бірігуінің бірінші
1 жылдығын тойлайды. 1994 жылы қыркүйек айында бірқатар
конституциялық түзетулер қабылданып, президент және вице-
президент институты енгізіледі. Президент А.А.Салех 1994 жылы
қазан айында парламент арқылы 5 жылға сайланады.
Жалпыхалықтық ұлттық конгресс (ЖҰК - ВНК) – парламентте
187 орын, тӛрағасы – А.А.Салех, реформаларды қорғаудың Йемендік
бірлестігі (ислах) – 53 орын және Йемен социалистік партиясы (ЙСП)
204
– сайлауға қатысудан бас тартуларын елдегі бірліктің жоқтығымен
түсіндірген елдің басты партиялары болып табылады. Біріншісі
билеуші блокты құрады. Ислах партиясы елдің саяси ӛмірінде
неғұрлым жоғары маңызды роль атқарады. Ол Сауд Аравиясының
ықпалды топтарының қолдауына ие. Кӛсемі – шейх аль-Ахмар.
Жоғарғы атқарушы және әкімшілік орган – басында премьер-
министр А.К.аль-Арьяни болған Министрлер Кеңесі болып табылады.
Бұдан басқа Президенттік кеңес жанынан кеңесуші орган ретінде
Консультативтік кеңес (41 мүше) құрылған.
БҰҰ
классификациясы
бойынша,
Йемен
дүниежүзінің
экономикалық жағынан тӛмен дамыған елдерінің қатарына жатады.
1990 ж.ж. ҰІӚ 11-12 млрд доллар кӛлемінде болды. Республика
экономикасы дағдарыс жағдайында. Тұрғындардың 70 пайыздан
астамы ауыл шаруашылығында, ҰІӚ-нің 20 пайызын береді.
Тұрғындардың 7 пайызы ӛнеркәсіпте, ал оның ҰІӚ - 12 пайыз.
Мемлекеттің экономикалық саясаты елге шетелдік капиталды кең
кӛлемде тартуға бағытталған.
Мареб ауданында 550 млн.т. мұнай қоры табылған. Мұнай
сонымен қатар Хадрамаут провинциясында (Масиля) да табылып
отыр. Йемендегі табиғи газ қоры 450 млрд. м
3
деп бағаланған. Ел
территориясында сондай-ақ алтын, полиметалл рудаларының, темір,
мыс, гипс, тас кӛмір, тұз, кварц, жанғыш сланец, жартылай бағалы
тастардың кен орындары орналасқан. Алайда жалпы алғанда табиғи
ресурстар аз зерттелген.
Елдің жалпы экономикалық артта қалушылығы және ауыр
табиғат жағдайының әсерінен Йемен азық-түліктік тұтыну ӛнімдерін
шеттен әкелуге мәжбүр. Йеменнің сыртқы қарызы – 8 млрд. доллар,
ал ішкі – 6 млрд. долларға жуық, сонымен қатар мемлекеттік бюджет
тапшылығы 5 млрд. доллар. Қаржы жағдайы йемен басшылығы
ирандық позиция ұстанған Парсы шығанағындағы соғыс пен
дағдарысқа байланысты тӛмендеді. Батыс елдері мен Сауд
Аравиясының кӛмегі айтарлықтай қысқарады. Ел тұрғындарының
басым кӛпшілігі сауатсыз. Бұрынғысынша ру-тайпалық қалдықтар
ӛте күшті.
Достарыңызбен бөлісу: |