Тақырыбы: «Қазақ хандығы дәуіріндегі ханымдар»


Есімі ұранға айналған қазақ әйелдері



бет5/9
Дата09.11.2023
өлшемі59.62 Kb.
#482826
1   2   3   4   5   6   7   8   9
zhoba-2

2.3. Есімі ұранға айналған қазақ әйелдері.
Есімі ұранға айналған Аналар туралы тоқталсақ. Негізінен алғанда, қазақ халқының құрамындағы ру – тайпа ұрандарының шығуы мен пайда болуы мəселесі Отандық тарихнамада əлі күнге дейін арнайы тақырып ретінде зерттелмеген. Тек кейбір зерттеу еңбектерінде бұл мəселе жанама түрде қарастырылып өтеді [5,].
Біріншіден, барлық ру-тайпалардың ұрандарының негізіне белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген нақты бір тарихи тұлғалар алынады
. Екіншіден, тарихи тұлға есімі ұранға айналуы үшін оның ерекше қасиеттері – əулиелік, батырлық, көсемдік, шешендік секілді қасиеттері айрықша көрінуі керек.
Үшіншіден, кейбір ұрандар бірнеше ғасыр бойы қолданылып, кейіннен оның орнына жаңа ұрандар ауыстырып отырса, кейбір ұрандар өзі пайда болған кезінен бері уақыт тезіне шыдап отырған.
Төртіншіден, ұрандардың шығуын зерттеу қазақ халқының этногенезін кең түрде қарастыруда көмекші қызмет ете алады екен.
Қазақ халқының этникалық құрамындағы ірі ру-тайпалардың ұрандарына назар аударғанымызда, көзіміздің жеткені мынау болды. Барлық ұрандардың негізіне ерекше қасиетке ие болған ата- бабаларымыздың есімдері алынған екен. Тек бір ғана тайпаның ұранының негізіне – ана есімі алыныпты. Ол – арғын тайпасының құрамындағы ең белді ру – Қаракесек руының ұраны. Ұран – Қарқабат деп аталады. Қарқабат ананың кім, қандай тұлға болғандығы жөнінде ауыз əдебиетінің материалдарында көптеген мəліметтер кездеседі. Ол мəліметтерде Қарқабат ананың асыл қасиеттері туралы көп айтылады. Қарқабат ұранының бір ерекшелігіне – оның уақыт сынына төтеп беріп, пайда болған кезінен бері өзгермей келе жатуы жатады. Бұл да анаға деген құрметтің жарқын бір көрінісі болса керек. Қазақ халқында аналардың есімдерімен аталатын ру-тайпа бөлімдері көптеп кездеседі. Бұл да аруақты Аналарға деген бір құрметтің түрі болса керек. Қазақ халқының шежірелік құрылымындағы ру-тайпалардың құрамындағы бөлімдер мен бөлімшелерге, тармақтарға көңіл аударсақ, Аналар есімдерінің рулық тармақтарға берілу жолдары əртүрлі болғанымен, бір ортақ нəрсе бар. Оған – руға есімі берілген аналарымыздың бəрінің ақылды, көріпкел, кемеңгер, сабырлы, салмақты жəне тағы осындай жақсы қасиеттерді иеленген тұлға болуы жатады. Ауыз əдебиетінің мəліметтері мен шежірелік материалдарға сүйенсек, Кіші жүздегі Кете тайпасының атауы – Кете бике анамыздың есімімен байланысты [9,]. Кете бике анамыздың есімі қалай ру атына берілгендігі туралы ел арасында тараған аңыз- əңгімелер бар [10,]. Әлімнің ішіндегі Қаракесек тайпасында Қасай, Шектіде – Жекей деген тармақтар бар. Шежірелерде Қасай мен Жекейдің апалы-сіңілі қыздар болғандығы туралы айтылады[11,]. Найманның Матай тайпасындаҚызай,Қаракерей тайпасында – Мұрын атты рулық бөлімдердің бар екені белгілі [12, 125]. Ел арасында кең таралған аңыз əңгімелерде бұл екі анамыз Домалақ ананың қыздары болыпты. Бірінің есімі – Күнбибі, екіншісінің есімі – Жүзей екен. Күнбибі анамыз Қызай деп аталып, одан тараған ұрпақтар қызайлар деп аталып кетіпті. Ал Жүзей анамыздың лақаб есімі Мұрын делініп, одан тараған ұрпақтар мұрындар делінеді.Есімдері аталған Аналарымыздың асыл қасиеттері ғана олардың есімдерін ру тармақшасына бергізіп, олардың есімдерін мəңгіге қалдырып отыр. Бұл да халқымыздың аналарға деген сый-құрметтерінің бірі деп білеміз. Осылайша жоғарыда айтылған ойларымыздың бəрін түйіндей келе, қазақ халқының асыл қасиеттерінің бірі – Анаға деген құрмет ежелгі замандардан бері қалыптасып, хандық дəуірде де жалғасын тапқан дейміз. Хандық дəуірдегі осы асыл қасиет аналарымыздың есімдерін жазба деректерде, ауыз əдебиетінде, ру-тайпа ұранына, ру- тайпа атауларына қалдырады. Сол арқылы аналарымыздың есімдері күні бүгінге дейін жетіп, өз халқымен бірге жасап келеді жəне жасай береді де





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет