Тақырыбы: «Қазақ хандығы дәуіріндегі ханымдар»


Қазақ тағылымындағы әйел тұғыры



бет2/9
Дата09.11.2023
өлшемі59.62 Kb.
#482826
1   2   3   4   5   6   7   8   9
zhoba-2

Қазақ тағылымындағы әйел тұғыры

  • Қазақ хандығы дәуіріндегі ханымдар.

  • Есімі ұранға айналған қазақ әйелдері

  • Қазақ ханымдарының әлеуметтік және саяси өмірдегі орны

  • Қазақ ханымдарының әлеуметтік және саяси өмірдегі орны

  • Қазақ әйелі тарих пен қазіргі заманның таным көзі.

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
    Қазақ хандығы дәуірінде ел үшін ерен ерлік көрсеткен батыр аналарымыз туралы деректер зерттеліп , Ру ұранына айналған Кіші жүздің Әлім тайпасының ру аналары Қасай, Жекей туралы толық мәліметтер берілуі.
    Қазіргі заманда қоғамда оз орны бар , Отаны үшін еңбек еткен аналарымызды келер ұрпаққа насихаттау зерттеу жұмысымыздың ғылыми жаңалығы болады.

    М А З М Ұ Н Ы:

    І. Кіріспе
    ІІ. Зерттеу бөлімі
    ІІІ. Қорытынды
    Ұсыныстар
    Пайдаланған әдебиеттер
    Пікірлер

    І. Кіріспе
    Зерттеу өзектілігі.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі» [1]. Елбасының осы төрт сөйлемнен тұратын тарихымызға қатысты тебіреніспен айтқан терең тұжырымды ойы – қазақ тарихының өте ежелгі замандардан басталатынын, нақтырақ айтсақ, біздің жыл санауымызға дейінгі II-I мыңжылдықтар шегінен басталатынын көрсетеді. Қазақ мемлекеттілігінің қайнар бастауларын, қазақ этногенезінің негіздерін, қазақтың арғы мəдениеті мен рухани өмірінің іздерін, қазақ халқының арғы ата-бабаларының шаруашылық түрлерін зерттеуде қоғамтанушыларға, тарихшыларға тигізер көмегі зор. Тарихымыздың хандық дəуірінде өмір сүрген асыл Аналарымыздың есімдері тарихи санамызда мəңгіге сақталып, олар мынадай дерек түрлерінде көріністер береді: «Батыр да анадан туады» деген халық мəтеліне сай, хандық дəуірдегі əрбір хан, сұлтан мемлекет басшысы, мемлекет қайраткері болып қана қоймай, əрі батыр, əрі қолбасшы бола білген Үш мың жылдық тарихымызда көптеген оқиғалар болды, өзгерістер жүрді. Көптеген мемлекеттер мен мемлекеттік құрылымдар пайда болып, бірін –бірі ауыстырды. Әртүрлі замандар болды, небір ірі тарихи тұлғалар мен ғұламалар өмір сүрді. Көптеген құндылықтар ауысты, олардың орнын жаңа құндылықтар басты. Бірақта өзгермеген, өшпеген бірнеше құнды қасиеттер халқымыздың бойында мəңгі сақталып қалды. Олардың біріне, əрі бірегейіне – руханилық тұрғыдан алғанда Анаға деген құрмет жатты. Анаға деген құрмет қазақ халқының тарихында мемлекеттілік тарихымен, қазақ халқының этногенезімен, халқымыздың мəдениетімен, рухани өмірімен қатар дамып, біте қайнасып келеді. Оның ежелгі замандардағы көрінісін бүкіл түрік тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке-молшылық тəңірісі болып саналған – Ұмай-анаға деген табынуынан көрсек, мың жылдан астам уақытқа созылған ортағасырларда, əсіресе оның ислам дəуірі кезеңінде «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» жəне осындай сипаттағы қағидалар арқылы берік орнығады. Аналарға арнап шығарылған əрбір əннің сөздері жүректің тереңінен шыққаны белгілі. Дегенменде, белгілі «Анашым» əніндегі «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген жолдарды білмейтін қазақ баласы жоқ деп ойлаймын. Бұл дегеніміз – бірнеше мың жылдардан бері үздіксіз жалғасып келе жатқан Анаға деген сыйдың, құрметтің қазіргі күндердегі бір ғана көрінісі. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Анаға деген құрмет қазақ тарихының барлық дəуірінде сақталынып келді. Біз оны хандық дəуір деп аталатын – XV-XVIII ғасырлардағы тарихымыздан анық байқаймыз. 2015 жылы 550 жылдығын атап өтіп отырған Қазақ елінің тарихында Керей мен Жəнібек хандардың ұлттық сипаттағы қазақ мемлекетінің шаңырағын көтеруімен жаңа белес басталады. Үш жарым ғасырдан астам уақытқа созылған хандық дəуірде ел есінде небір аяулы аналарымыз бен əжелелеріміздің есімдері мəңгіге сақталып қалды. Осыған орай зерттеу жұмысымның тақырыбын «Қазақ әйелі : тарих және қазіргі заман » деп алуға негіз болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет