Тақырыбы: «Қазақ хандығы дәуіріндегі ханымдар»


Қазақ әйелі тарих пен қазіргі заманның таным көзі



бет7/9
Дата09.11.2023
өлшемі59.62 Kb.
#482826
1   2   3   4   5   6   7   8   9
zhoba-2

2.5 Қазақ әйелі тарих пен қазіргі заманның таным көзі.
Байырғы қазақ əйелінің негізгі міндеті «қазан қайнатумен» ғана шектелмеген. Қазан-ошақ басында жүрді десек те, күллі ұлттың өткені мен болашағын бір жіпке байлап, оның бір ұшығын бүгінгі күнге аман-есен алып келгенін ешкім жоққа шығара қоймас. Осы күнгі қазақтың бар болмыс-бітімінде байырғы қазақ анасынан жұққан дарқандық, кеңдік, мейірім байқалса, сол баяғы құрт қайнатып, бие сауған, ұзын етекті əйел баласының бір белгісінің сақталғаны да. ХХІ ғасыр – əйелдер ғасыры. Бүгінгі əйел – өмірдің барлық саласында өзінің қолтаңбасын қалдырып үлгерді... Қазақ ұғымында мейірімділіктің де, қатыгездіктің де бастауында əйел-заты тұрады. Әйел адамдардың пірі саналатын «Бибі Бəтима», «Домалақ ана», «Айша бибі», т.б. ана тұлғалар, əйелдер мейірім мен қайырымдылық тың, сұлулықтың символы болғаны баршаға белгілі. Сонымен қатар, «Жезтырнақ», «Перінің қызы», «Жалмауыз кемпір» есіңізде ме? Левшиннің қазақ болмысын зерттеген еңбегінде қазақ əйелінің ер- азаматпен үзеңгі қағыстырып шайқасқа шығатынын, білек күшінің ер-азаматтардан кем түс пейтінін айтады. Жалпы, көшпенділер өркениетіндегі əйел рөлі ақылдылық пен жанкештіліктен құралғанын ешкім жоққа шығара алмас. Олар ері майдан даласына кеткенде қалалық өркениеттің əйелдеріне ұқсап «өрмек тоқып» отыра берген жоқ. «Ертөстігім не өлгенде, не келгенде белімнен шешілерсің» деп серттесіп, белін шарт буынып, ер-азаматтың мойындағы ісін өзі атқарып жүре беретін. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлудың кездесуін суреттейтін аңыздардың бірі былай демей ме: Жиренше бірде жолаушылап келе жатып, тезек теріп жүрген үш қызды көреді. Кенеттен жауын жауып кетеді де, екі қыз қаптарын арқалай үйіне жүгіре жөнеледі. Ал үшінші қыз шапанымен қабын жауып, өзі соның ығына отыра қалады. Мұны байқаған Жиренше əлгі қыздың жанына жақындайды. Қыз сұлу екен, ақылы қандай деген оймен: «Сен неге көп қыздан бөлініп жалғыз отырып қалдың», – деп сұрайды. «Ол қыздармен бірге ақымақ болайын ба», – дейді қыз. «Олар қалай ақымақ болады?» – деп сұрайды Жиренше. Сондағы қыздың жауабы мынандай болыпты: «Аспандағы бұлт бір-ақ шөкім. Жауын қазір жауады да, ана қыздар үйіне жеткенше басылады. Есесіне, олардың тезегі де, киімі де су болады. Су тезек оңайлықпен тұтанбайды. Ал менің тезегім құрғақ қалпында қалады. Жауын басылған соң, үйіме барып, от жағып, шапанымды кептіріп аламын...». Қарашаштың мұндағы жауын астында өзі су болса да, жанған отын сөндіргісі келмеген жанкештілігі мен ақылдылығы қазақ əйелінің көбіне тəн. Сол жанкештілік арыны айтпай-ақ қойғанның өзінде, өткен ғасырдағы ашаршылық, қуғын-сүргін мен соғыс, тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы дағдарыста қалың қазақты аман-сау алып қалған жоқ па. Сол жанкештілік қазақ əйеліне ашаршылықтан, қуғын-сүргін мен майданнан қайтпай қалған азаматының орнын жоқтатпай, перзентін арқалап жүріп, ауыр жұмыстар атқарғызды. Сол жанкештілік қазақ əйелін нарықтың қыспағында өмірі көрмеген, білмеген Балқан таудан асырып, қазақтың ділінде жоқ кəсіппен шұғылдануына итермеледі. Сол жанкештілікті бүгінгі қазақ əйелінің кез келгенінің мінезінен тауып алуға болады. Әуелі бүгінгі қазақ əйелінің орташа əлеуметтік портретін сөзбен бейнелеп алуды жөн көрдік.Жалпы, əлімсақтан қазақ əйелінің қайталанбас өзіндік рөлі қалыптасқаны – тарихи шындық. Қазақстанның Еуразия кіндігінде орналасуы Шығыс пен Батыс дəстүрлерін бойына қатар сіңірген қазақ əйелінің болмыс-бейнесін анықтады деуге толық негіз бар. Кез келген ұлт əйелінің қалыптасқан портреті болады. Мысалы, «француз əйелі», «италия əйелі», «араб əйелі», «жапон əйелі» дегенде, əрқайсының өзінше ерекшелігі еске түседі. Ал қазақ əйелінің портреті ше? Оның басты сипаты – халық дəстүріне адал, намысты, инабатты, ізетті, сыпайы, əдепті, қылықты, білімді, талапты қазақ қызы болатыны сөзсіз. Қазіргі қазақ қызы туған халқының мəдениетімен қатар əлем мəдениетін меңгерген, білікті, əлеуметтік ортаға бейімді, қоғамдық өмірде белсенді. Сонымен, еліміздегі əйелдің ортақ портреті мынадай: ұлты қазақ (Жалпыұлттық халық санағы көрсеткендей, елімізде қазақтардың саны көп), орта жасы – 33- те, (оның ішінде, ауылдағы əйелдердің орта жасы – 31, қаладағы əйелдердің орта жасы – 34), негізінен қалада тұрады (қалалықтардың саны соңғы статистика мəліметтерінде – басым), жоғары жəне орта білімді, 20-25 жасында тұрмыс құрады, 27-28 жасында ана атанады, республика халқының 52%-ын құрайды.. . Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының 1995–2004 жылғы сайлауларында əйелер өкілдігі орташа есеппен 11-12%-ды құраса, 2007 жылы 15,3 %-ға жетіп, ал 2012 жылы 24,5 %-ға дейін өсті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінде 28 əйел депутаттық қызмет атқарып, төменгі палата мүшелерінің 26 пайызын құрап отыр. Салыстыру үшін айта кетейік, əлем парламенттеріндегі əйелдер өкілдігінің орташа көрсеткіші – əлі 20 пайызға да жетпеген. Дамыған елдер бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізуге талпынып отыр. Жергілікті өкілді орган – мəслихат депутаттарының мандаттарын алған əйелдер саны соңғы 15 жыл бойы тұрақты көрсеткішке ие. 1999, 2003, 2007 жылдары əйелдердің үлесі 17%-ға дейін артса, ал 2012 жылы 18,2 %-ға жетті. Қазір қызметтегі 3.334 мəслихат депутатының 614-і (18,4 %) – əйелдер. Еліміздегі ауыл əкімдерін сайлауда да əйелдер белсенділігі жылдан жылға артып келеді. 2013 жылы сайланған əкімдердің ішінде əйел-əкімдер 32 адамға көбейіп, жалпы саны 280-ге (11,4 %) өсті. Соңғы уақытта əлеуметтік сауалнамаларға қатысқан əйелдердің 70%-ға жуығы өзінің қабілеттеріне сенетінін айтып отыр. Бұл мəлімет қыздарымыз өзін күшті, дербес тұлға ретінде сезінетіндігін көрсетеді Қазақстан əйелдері басшылық қызметке ер азаматтармен салыстырғанда үш есе азырақ ұмтылады екен. «Мемлекеттік қызметкер əйелдердің 10%-ға жуығы ғана саяси белсенді қызметте. Ал 43,5%-ы «шешім қабылдау деңгейіндегі» əкімшілік қызметте. Статистикалық мəліметтер басқару қызметтеріне байқау жарияланғанда өтініш негізінен ер азаматтардан келіп түсетінін айтады. Бұған əрине, əйелдер мен ер азаматтардың білім сапасы мен біліктілігі жайлы неге сөз қозғалмады деушілер табыла кетер. Білім сапасы жағынан сауаттылық деңгейі əйелдер мен ер азаматтарда бірдей дегенімізбен де, ЖОО-ларда қыздар көбірек оқитынын ешқандай статистикалық деректерді келтірмей-ақ, сенімді түрде айтуға болады. 2010-2014 жылдардағы мəліметтер бойынша, ғылым докторлары атағын алған ер азаматтар көп (2 134 ер азамат, 1 034 əйел), ал ғылым кандидаты дəрежесінде əйелдер саны басым (8 127 əйел, 6 051 ер азамат). Компьютерде сауатты негізінен əйелдер көрінеді (2,2 млн. əйел, 1,8 млн. ер азамат).Тəуелсіздік жылдары елімізде 6 миллионнан астам бала дүниеге келіпті. Соңғы он жылда Қазақстанда 23. 894 егіз, 277 үшем мен төртем дүние есігін ашыпты. Әйелдер қазіргі уақытта ерлермен тең дəрежеде қоғамның саяси, əлеуметтік жəне экономикалық өміріне қатыса алады. Олардың сайлауға белсене қатысуын – қоғамдық жасампаздығының айқын көрінісі деп қарауға боладыӘйел адамдар денсаулығына да жауапкершілікпен қарайды. Бүгінгі замананың əйел баласы көлік жүргізе алады, көлік жүргізгеніңізді былай қойып, негізінен ер азаматтар тамашалайтын футбол, хоккей, бокс секілді спорт түрлеріне қатысты бағдарламаларды да ерлермен таласа-тармаса, қызыға көретін болған. Несі бар? Тіпті, осы күні ер азаматтарға лайық деп саналған спорт түрлерімен шұғылданатын əйелдердің қатары да біршама. Осы күнгі əйелдердің көп бөлігі денсаулық сақтау, білім беру, мəдениет жəне өнер, ғылым, сауда, қоғамдық тамақтану секілді салаларда өнімді қызмет етіп жүр. Қазақ тіпті сұлу қыздың өзіне тамсанғанда «анаңнан сені тапқан айналайын» деп əн салған, қыздың тəрбиесіне риза болғанда «шеше көрген тон пішер» деп алғыс айтқан. Қазақ əйелі, жалпы ұлттың əйел заты Құдай берген негізгі сипаты – аналық мейірімі, аналық табиғаты арқылы өз мəртебесін айқындап, «бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербете» берер...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет