Сезуге негiзделген шешiмдер - бұл оның дұрыс екендiгiн түсiнiк-түйсiгi негiзiнде жасалған таңдау. Шешiм қабылдаушы бұл жағдайда "қостаушылар" және "қарсыластар" тәрiздi сапалы өлшемдермен айналыспайды, олармен санаспайды. Ол тек таңдауға ғанасүйенедi.
Пiкiрлерге негiзделген шешiмдер. Мұндай шешiмдер кейде интуициялық болады, сондықтан олардың қисыны да айқын емес. Пiкiрлерге негiзделген шешiмдер - бiлiм немесе жинақталған тәжiри6е арқылы келiсiлген таңдау. Пiкiр ұйымдық шешiмның негiзi ретiнде ғaнa пайдалы. Сол үшiн ұйымдарда көптеген жағдайлардың жиi қайталану тенденциясы бар. Шешiлетiн мәселердiң ауқымдылығы жағынан басқарушылық шешiмдердiң жалпы және жеке түрлерi бөлiнiп көрсетiледi.
Жалпы шешiмдерге жататындар - тұтас алғанда бүкiл шаруашылыққа қатысты шешiмдер.
Жеке шешімдерге жататындар - өндiрiстiң жекелеген жақтарын, қызметкерлердiң жекелеген топтарын қамтитын шешімдер.
Жалпы және жеке басқарушылық шешiмдердiң арасында байланыс бар. Әдетте, жеке шешiмдер жалпы басқарушылық шешiмдердi нақтылаудың және оларды орындаушыларға жеткiзудiң тәсiлi болып қызмет етедi.
Шешiмнiң жүзеге асырылуы ұзақтығы жөнiнен шешiмдердiң мынандай негiзгi түрлерiне: ұзақ мерзiмдi (перспективалық), орташа мерзiмдi (ағымдық), қысқa мерзiмдi (оперативтi) шешiмдер деп бөлінеді.
Ұзақ мерзiмдi шешiмдерге жүзеге асырылуы бiрнеше жылдарды керек eтетін шешiмдер жатады.
Орташа мерзiмдi шешiмдер бiр жыл iшiнде жүзеге асырылады және әдетте өндірістің жылдық циклiмен байланысты болады.
Қыcқa мерзiмдi шешiмдер мәселелердiң неғұрлым шағын тобын қамтиды да, өзінің сипаты жағынан көбiнесе жеке шешiмдер болады..
Ықпал ету объектiлерi жөнiнен сыртқы және iшкi шешiмдер деп бөлуге болады.
Cыpтқы шешiмдер белгiлi бiр шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен, басқа кәсіпорындармен қарым-қатынастарын қамтиды.
Ішкi шешiмдер шаруашылықтың өз өмірінің түрлi жақтарын қамтиды. Сыртқы шешімдердің белгiлi бiр тобын орындамайынша, iшкi шешiмдер, көп ретте жүзеге асырылмай қалады.
Функциялық сипаты жөнiнен экономикалық, технологиялық, қаржылық, әкiмшiлiк шешiмдер болып бөлінеді.
Экономuкалық шешiмдер жоспарлардың нормалар мен нормативтердiң еңбекке ақы төлеудiң бүкiл жүйесiн жасаумен, бағамен, өнiмдi өткiзу және табыстарды бөлумен байланысты.
Технологuялық шешiмдер өндiрiс процестерiн ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Бұл шешiмдер әрбiр салада тиiмдi технологияны таңдап алуды, жұмыстарды материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етудi белгiлеп бередi.
Қаржылық шешiмдер жоспарлық және есеп беру, қаржы баланстарын белгiлеп, бекiтуге, түрлi қорларды бөлуге, несиелер алып, оларды өтеуге бағытталады. Ол шешiмдерге ақшалай есеп айырысудың бүкiл жүйесi жөнiндегi шешiмдер де жатады.
Әкiмшiлiк шешiмдер әдетте басқару аппаратының өз жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың бөлiмшелердiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп отыруға, олардың жұмыс iстeyi мен өзара қарым-қатынасының тәртiбiн белгiлеуге бағытталады.
Басқару саласындағы шешiмдердiң сапасына қойылатын негiзгi талаптар
Fылыми жағынан негiзделуі. Шешiм экономикалық және басқа да әлеуметтiк заңдардың әрекеттерін есепке алу және өндiрiстiң нақты жағдайларына талдау жасау арқылы қабылдануға тиiс.
Бiрлiк. Белгiлi бiр мiндеттi шешер кезде әдетте басты мiндеттер келiп туатын бiрқатар қосалқы, екіншi дәрежелi мiндеттермен де айналысуға тура келедi. Олар шешiм қабылданып отырған басты мiндетке бағындырылуы тиiс.
Өкiлеттiлiгi болу. Шешiм басшыға берiлген құқықтар шеңберiнде ғана қабылданады. Шешiм оны даярлауға мiндеттi органдар мен адамдардан ғана шығуы тиiс.
Бағытталуы. Әрбiр шешiм нақты бiр адреске бағытталуы және орындаушы адамдарға түciніктi болуы тиiс. Шешiм тұжырымдамасы ойда айқын құрылуы керек және түрлi мағынада болмауы тиiс.
Мерзiмнiң нақтылығы. Басшы бағынышты адамға тапсырманы және оны орындау мерзiмiн көрсетпей бермеуі тиiсті емес. Шешiмде нақты іс-қимыл бағдарламасы баяндалып орындалуына жауапты адамдар және орындалу мерзiмдерi белгiленуi қажет.
Оперативтiлiк. Өндiрiс жағдайы нақ соны талап еткен күнде ғана қабылданған шешiм зиянды болып келеді. Шешiмдер өндiрiс жағдайларының өзгеруiн бейнелеп көрсетуге тиiс.
Тәуекел элементтерiнiң болуы. Экономиканың үздiксiз өзгеруi, тураланбауы жағдайында ұзақ уақыт бойы қолданылатын тиiмдi шешiмдер күтiлетiн нәтижелердi мейлiнше дәл қарастыруы мүмкін емес. Сондықтан шешiмдер белгiлi бiр тәуекелдi және қалыптасқан жағдай үшiн ең оңтайлы шешiмдi тандай бiлуi қажет.
3. Шешiмдердi азiрлеудiң және қабылдаудың негiзгi сатылары
Шешiм қабылдау - азды көптi ұзақ процесс. Бұл процесс бiрнеше сатыларды әзірлік сатысын, негізгі сатыны және қорытынды сатыны қамтиды.
Әзiрлiк сатысы жағдайға жалпы сипаттама берумен және оны бағалаумен, мақсатты айқындап алу, шешiм қабылдау үшiн қажеттi бүкiл ақпараттармен танысу және шешiмнiң болуы мүмкін варианттарын белгiлеумен байланысты.
Негiзгi саты - шешiмнiң түрлi варианттарын өзара салыстыра отырып, олардың ішінен ең жақсысын тандап алу және оны құжат түрiнде тұжырымдау үшiн қажет.
Қорытынды саты - шешiмдi орындаушыларға жеткiзу жөнiндегi жұмыстар: шешiмнiң орындалуын ұйымдастыру; шешiмнiң орындалу барысын бақылау және оның қорытындыларын шығару жөнiндегi жұмыстардың кешенi болып табылады.
Қабылданған шешiмнiң қалай жазылу формасына қарамастан шешiмнiң тұжырымдалуы мына төменгі мақсатты белгiлеуде айкынды болу, кімгe арналғандығы, орындалу мерзiмi, орындалу жолдары мен құралдарын көрсету тәрiздi мiндеттi талаптарға сай болуғатиiс.
Басқару процесiнiң жоғары тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн басшы шешiм қабылдаудың сол бiр уақыт аралығында мейiлінше тиiмдi болатындай жөн жобасын ұйымдастыруға тиiс. Шешiмдердiң варианттарын зерттеу, әдетте түрлендiру, әcipece иммитациялықтүрлендiру, эктрополяциялау, эксперттiк бағалау және т.б. әдiстерi арқылы жүзеге асырылады. Уақыт пен мүмкiндiктер бар жағдайда эксперименттер ғылыми тәжiрибелер қолданыла алады.
Еңбектi көп қажет eтетін есептеулердi жасау үшiн жекелеп айтқанда, сандық жағынан өлшеуге келетiн параметрлердiң өзгеруiн болжау кезiнде электронды есептеуiш машиналары ұйымдастыру техникасының құралдары кеңiнен пайдаланылады.
Күрделi мәселелердi шешудiң әр түрлi әдiстерi бар, олар:
– процестер мен құбылыстарды түрлендiру;
– күрделi мәселенi жеке бөлiмдерге бөлшектеу;
– құрамдастыру;
– стандарттау мен классификация мен лассификациялау.
Модель дегенiмiз- объектiнi бейнелей немесе оның cypeтін елестете отырып, оны алмастыра алатындай жүйе. Себебi, бұл жүйенi оқып-үйретудiң өзi осы объектi туралы ақпарат бередi. Әдетте, модель объектiге қарағанда оңайырақ болады, өйткенi ол модельдендiруарқылы көзделiп отырған мақсаттарға жету үшiн объектiнiң тек елеулi жақтарын ғана бейнелейдi. Мұның өзi күштердi әр түрлi жолдарын алуға мүмкiндiк бередi.
Алайда адамдар өте күрделi мәселенi ойша түрлендiру қабiлеттерi шектеулi келедi. Сондықтан олар суреттеменi және таңбалық жазу арқылы модельдендiрулердi пайдаланады. Суреттеменi модельдендiру дегенiмiз - болашақ қимыл әрекетi ситуациялық оқиғалардың алдын-ала шамаланған дамуының ауызша суреттемесі.
Күрделi проблемаларды шешудiң сценарийлерiн жазуда морфологиялық талдау үлкен пайда келтiредi. Оның мәнi – оқиғаның қалыптасуына барлық мүмкін ситуациялар мен жағдайларды анықтап, белгiлеу мен топтарға жiктеуде. Графикалық модельдендiрудешешiмдi қабылдау мен жүзеге асыру моделi диаграммалар, графиктер, схемалар және т.б. түрiнде көрiнедi. Шешiм қабылдау үшiн практикада мыңдаған әр түрлi жағдайларды қapacтыpy керек. Әрине, бұл жерде электронды есептеуiш машинасыз ic бiтпейтiндiгi түсінікті.Кез келген, модель шартты түрде алынады. Сондықтан объектiнiң шын мәніндегі қызметін ол толық белгiлей бермейдi. Сол себептен қабылданған шешiмнiң дұрыстығы шектеулi, әpi бақыланып отыратын эксперимент жағдайларында тексерiледi.
Кез-келген шаруашылық тәжiрибеде көптеген эксперименттер жүргiзiледі. Оларды жүргiзу процесiнде бұрын жасалған шешiмдердiң варианттары сыннан өткiзiледi. Талдап тексеру де күрделi мәселердi шешу жолдарының бiрi болып табылады. Бұл жағдайда бөлiктердi бөлiп қарау тәсiлi үлкен роль aтқapaды. Дұрыс талдап тексерудiң ең маңызды шарты бөлiнген бөлiктердiң бұрынғы бүтiн құрамдағы қасиеттерiн сақтауы болып табылады. Болашақты дұрыс болжай бiлу әрқашанда өткендiгi мен қазiргi процестерге тереңталдау жасауға сүйенедi.
Болжау әдiстерi сандық және сапалық болжау әдiстерi болып eкi топқа жiктелiнедi.
Caндық болжау әдiстерiне талдау, тексеру, себеп салдарын модельдендiрулер жатады, ал сапалық болжау әдiстерiне әдiл қазылардың ой пiкiрi, тұтынушының күту үлгiсi, сапартамалық баға беру, т.б. жатады.
Haқты күрделi шаруашылық мәселелерiн шешуде жоғарыда аталынған әдiстер кешендi түрде пайдаланылады.
Шешiмдердi жүзеге асыру процесiнде оларға түзетулер енгiзу мына төмендегi себептерге байланысты болуы мүмкін: шешiмдi орындауды нашар ұйымдастыру; сыртқы себептерге байланысты жағдайдағы күрт өзгерiстер; шешiмнiң өзiнде кеткен елеулi қателiктержәне басқалары.
Шешiмдi жүзеге асырудың қорытындыларын мiндеттi түрде шығарып отыру - басқарудың заңы болуға тиiс. Шешiмдердi қабылдау ең алдымен негiзiнен алғанда басқару жұмысының мазмұны болып табылғандықтан, шешiмдердiң сапасына қарап, басшының шеберлiгi туралы пiкiр түюге болады. Мұның өзi экономикалық ғылымның маңызды мiндетi - қабылданатын шешiмдердiң сапасын және орындалу дәрежесiн бағалау негiзiнде басқару еңбегiнiң нәтижелiлiгiн, бағалау методикасын жасап шығару болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |