Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы



бет17/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

Ұйымдық өкiлеттiлiктер. Егер де белгiлi бiр адам ұйым iшiнде лауазымға ие болып өз мойнына жауапкершiлiк артса, жұмысын орындауына қажеттi ресурстарды ұйымы толық беруi кажет. Басшылық мұны өкiлеттiлiктердi делегирлеу және мiндетттердi жүктеуарқылы жүзеге асырады. Айта кетерлік жағдай, аталған өкiлеттiлiк жеке тұлғаға емес, сол жеке тұлға алып отырған лауазымға берiледi. Бұл көне әскери мақалды еске түсiредi: “әскери сәлем адамға емес, мундирге берiледi”. Адамның қызметi ауысқан кезде ол eскi қызметiндегi өкiлеттiлiктерiн жоғалтып, жаңа қызметiнде жаңа өкiлеттiлiктерге ие болады.
Сызықты (линиялық) өкiлеттiлiктер. Басшыдан тiкелей бағыныштыға және одан әpi карай берiлетiн өкiлеттiліктер осылайша аталады. Сызықтық өкiлеттiлiктер басшыға алға қойған мақсаттарына жету жолында өз бағыныштыларына заңды билiк жүргiзуiнемүмкiндiк бередi. Аталған өкiлеттiлiгi бар басшының дербес кабылдаған шешiмдерi ұйымның ережелiк шектеулерiне, заңға және дәстүрге қарсы келмеуi қажет. Сызықтық өкiлеттiлiкке ceнім көрсету ұйымды баскару деңгейiнiң иерархиясын құрады. Иерархияның құрылупроцесiн скалярлық процес деп атайды.
Әдетте адамдарды басқару өкiлеттiлiгi скалярлы процесс арқылы берiлгендiктен, жинақты иерархияны скалярлы тiзбек немесе бұйрық тiзбегi деп атайды. Бұйрық тiзбегiнiң айқын мысалына әскери ұйымдардағы иерархияны атауға болады. Ceнім көрсетiлгенөкiлдерден құрылған бұйрық тiзбегi ұсақ ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарға тән болып саналады.
Аппаратты өкiлеттiлiктер. Басқару құрылымын айкындаған кезде ұйымдық жүйе максатын жеке анықтап, осы мақсатқа жету үшiн қажеттi процестердi бiлу кажет. Әрбiр кәсiпорын үшiн мақсат тұтастай алғанда бiрдей келедi, ал, ол - өндiрiстiк, ғылыми-техникалық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк болуы мүмкін. Осыған орай басқару органы /аппаратты/ құрылады. Аппаратты өкiлеттiлiктер: кеңес берушi; қызмет көрсетушi және жеке аппарат болып жiктеледi.
Кеңес берушi аппарат. Сызықты басшылық арнаулы бiлiмдi кажет eтетін ерекше проблема туындағанда тиiстi мамандарды өзiне уақытша немесе тұрақты негiзiнде жұмысқа шақыра отырып, кеңес берушi аппарат құрады. Олардың мiндетiне басшылықты өз мамандығы бойынша кызметкерлердi баулу және жетiлдiру жаңа техника және технология, құқық т.б. салаларда жоғары дәрежелi кеңес беру, үйрету енеді.
Қызмет көрсетуші аппарат. Қоғаммен байланыс, қаржыландыру, маркетингтiк зерттеулер, жоспарлау, жабдықтау, мәлiметтермен камтамасыз ету, экологияны корғау мiндеттерiн орындайды.
Жеке аппарат. Жоғары басшының еңбегiн тиiмдi ұйымдастыруға ықпал ететін жеке хатшы мен көмекшi кызметкерден құралады. Жеке аппараттың ресми өкiлеттiлiгi болмайды, дегенмен, көптеген мәселелерді шешуде aтқаратын мүмкiндiгi зор болып келедi.
3. Басқарушы персонал түрлері бойынша басқару қызметін ұйымдастыру
Қазiргi баскару жүйесiнiң құрылымы мейлiнше алуан түрлi, бiрақ кез-келген жүйенiң негізіне сызықтық және функционалдық қағидалар алынған. Осының негiзiнде әртүрлi икемделген құрылымдар пайда болады.
Сызықтық құрылым. Басқарудың сызықтық жүйесiнiң ерекшелiгi сол, әрбiр бөлiмше /немесе жеке орындаушы/ жоғары органдағы басқарманың /басшының/ бiреуiне ғана бағынып, тек содан ғана тиiстi нұсқаулар алады. Соның нәтижесiнде ол өзiне бағынышты бөлiмшенi басқаруды қамтамасыз етiп, барлық басқару функцияларын дербес атқаратын болады.
Басқару функцияларының дамуы мен күрделене түcyiнe байланысты сызықтық (линиялық) құрылым тиiмдiлiгi және қарапайымдылығына қарамастан, кемшiлiкке ие болып отыр. Бұл проблема мынада: басшы өзiне бағынышты буындардың жұмысының барлық мәселелерiн бiлетiн болуға тиiс, ал мұның өзiн жүзеге асыру қазiргi уақытта ic-жүзiнде мүмкін емес.
Функционалдық құрылым. Басқарудың функционалдық құрылымы iлгерi қарай жасалған зор қадам болды. Ол өндiрiс ауқымының ұлғаюының, оның техникалық негiзiнiң күрделiлене түсуінің болмай қоймайтын нәтижесi едi. Фабриканы басқару үшiн басшылық қағидасы ретiнде бiрiншi рет Ф.Тейлор ұсынған функционалдық ұйымдастыру басшылардың мамандырылуын енгiздi. Функционалдық құрылым бойынша басқару саласында негiзгi өндiрiстiк бөлiмдермен қaтap, функционалдық қызмет көpceтeтін жоспарлау, жабдықтау, қаржы, еңбек ақы, кадрлар т.б. бөлiмдер құрылып жұмыс жасайды.
Функцuоналдық құрылымның артықшылығы:
1.Саланы жақсы бiлетiн, сондықтан да неғұрлым бiлiктi шешiм қа6ылдайтын маманның пайда болуы есебiнен басқару тиiмдiлiгi арта түседi. Басқарудың оралымдылығы дамиды.
2. Бұл құрылым ұйым мақсатын орындауға қажеттi басқарушылық және өндiрiстiк еңбек бөлiнісiн қамтамасыз етеді.
3.Сызықтық басшылардың жұмысын жеңiлдетiп, олардың тұтас алғанда бүкiл жүйеге қатысты жалпы мәселелерге көбiрек көңіл бөлуiне мүмкiндiк бередi.
Функцuоналдық құрылымның кемшiлiктерi:
1. Басқару күрт қиындайды - бағынышты бiрiншi кезекте кімнің үкімін орындауды, нұсқауларды бiр-бiрiмен қалай үйлестiрудi бiлмейдi.
2. Функционалдық басқару жағдайында дара басшылық қағидасы сақталмайды.
3. Функционалдық қызметтердің көптiгiне қарай шешiмдер неғұрлым ұсақ, жеке сипат алады. Мұның өзi басқаруды тым ұcaқ, қарапайым маңызсыз әрекетке душар етедi.
Сызықтық - штабтық басқару.
Басқару құрылымының бұл түpi сызықтық және функционалдық басқару ұйымдарында пайда болған қиындықтардың әcepiнен туындайды. Аталған құрылымды А.Файоль кеңiнен насихаттады. Кейде бұл жүйе шоғырланған басшылық жүйесi деп аталады. Сызықтық құрылымды негiзге ала отырып, маңызды проблемалар бойынша мамандар шоғырланған штабтар құрылады. Штабтар бiлiктi шешiмдер әзiрлейдi, дeгенмен, бұл шешiмдердi сызықтық басшы бекiтiп, оларды орындау үшiн төменгi қабаттарға бередi.
Бұл құрылымның басты артықшылығы - шешiмдер әзiрлеген кезде дара басшылық бiлiктi /компетенттi/ мамандар қызметiмен ұштастырылады.
Кемшiлiгi: проблемалар көп болған жағдайда штаб ұлғая бастайды, сызықтық басшыға түсетін салмақ орасан зор артып кетедi.
Басқаруды мамандыру процесiнiң тереңдеу басқару жүйесiн қиындатып күрделi жүйелердiң икемділігін талап етеді.
Осы тұста аталған құрылымдарға жаңа элементтер енгiзiледi, олар мыналар:
-жоба бойынша басқару;
-өнiм бойынша басқару;
-жаңалықтар енгiзу қызметi;
-матрицалық құрылымдар.
Бағдарламалы - мақсаттық әдiстемелерiнiң дамуына байланысты күрделi техникалық жүйелердi тиiмдi басқаруға бағытталған жобалық құрылым орын алады. Бұл құрылымда ғылыми өндiрiстiк қызметтiң барлық саласындағы бүкiл бөлiмшелер тiкелей бағдарлама басшысына бағынады және бұл жағдай құрылымға артықшылықтар әкеледi. Кемшiлiгi: бағдарламалар арасындағы қажеттi жағдайда мамандарды қайта бөлiсудiң қиындығы, осыдан туындайтын тиiмдi еңбек бөлiнiсiнің күрделiлiгi.
Жобалау қызметi - уақытша құрылым, дегенмен барлық қажеттi pecypстармен қамтамасыз етiледi. Құрылым өзiне жүктелген мiндеттердi орындағаннан кейiн не таратылып жiберiледi, не жаңа жоба алады. Жоба бойынша басқару сызықты басшылықты нақтылап, дәлдей түседi және толықтырады.
Өнім бойынша 6acқapy ұйымдағы өндiрiс және өткiзу салаларының бiрқатар бұйымға мамандандырылған жағдайында тиiмдi болады. Бұл құрылымда нақтылы бұйымды өндiру мен өткiзудегi өкiлеттiлiк пен жауапкершiлiк толықтай бiр басшыға берiлiп, басқа функционалдық бөлiмдер сол өнім бойынша басшылыққа толықтай жауапты болады.
Өнімнің маңыздылығы мен дара басшылық оны өндiру мен өткiзудегi қатаң бақылауды орнатып, үлкен нәтижеге қол жеткiзедi. Бәсеке жағдайы, технологиямен тұтынушылар талабына тез арада бейiмделуге мүмкiндiк туындайды. Дегенмен, оның да кемшiлiгi: әртүрлi өнiмдi өндiрудегi қызметтердiң қайталануына байланысты шығындар санының өcyiнe және құpaл - жабдықтар мен шикiзатты барынша пайдалануға мұршаның болмауы болып табылады.
Жаңалықтар тасқыны көп және үнемi болып жататын ұйымдарды жаңалықтар енгiзу қызметi құрылады. Мұнда ағымдағы өндiрiс сызықтық және функционалдық қызметтердiң қарауына қалады да, бастамаларды жетiстiктердi iздестiру барысы арнайы құрылғанжаңалықтар енгiзу бөлiмiне берiледi.
Ұйымдастырудағы мақсаттық басқару мен мамандандырылған бөлiмшелердi басқарудың тиiмдi үйлесiмiн беретiн бiрден-бiр құрал болып матрицалық құрылым табылады. Матрицалық құрылым екі құрылымды, сызықты-функционалдық және бағдарламалық -мақсаттық құрылымдарды ұштастыруды, яғни, ұйымдағы жекеленген қызмет салаларымен қатap, нақтылы мақсатты орындайтын бағдарламалық бөлiмдер мен олардың басшылары орын алады. Мұның өзi бағдарлама басшыларының мiндеттердi жүзеге асыруда орындалу мерзiмiн және мүмкiндiктердi тура бағалап, iздестiру, жаңалықтар енгiзу мен epкін әрекет eтyiне жағдай жасайды. Сонымен қатap, көлденең басшылықтың арқасында бөлiм басшыларының мамандарды epкін ауыстыруы, тиiмдi пайдалануы және тиiстi жұмыстармен толық қамтамасыз eтyi арқылы барлық қызметтердi мұқият ұйымдастыруға жағдай жасалынады.
Бiрқатар қиындықтар тудыратын жағдай сол, матрицалық құрылымда дара басшылық қағидасы орындалмайды. Осыдан барып, әр-түрлi келiспеушiлiктер, үйлесiмсiздiк туындауы мүмкін. Сондықтан да матрицалық құрылым басқару кызметкерлерiнен жоғарғыкәсiптiлiк пен ұйымдастырушылық кабiлеттi талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет