Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы


Тақырыбы: Ұйымдастыру - менеджмент функциясы ретінде



бет16/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

Тақырыбы: Ұйымдастыру - менеджмент функциясы ретінде
1. Ұйымдастыру функциясының маңызы
2. Ұйымдастыруда өкілеттіліктер және жауапкершілік
3. Басқарушы персонал түрлері бойынша басқару қызметін ұйымдастыру
1. Ұйымдастыру функциясының маңызы
Жоспар және бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуге тиiстi ұйымдық құрылымды құруды басқарудың маңызды функцияларының бiрi - ұйымдастыру бередi. Аталған функцияның мақсаты - басқарушы және басқарылушы жүйелердi, сондай-ақ олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру болып табылады.
Ұйымдастыру функциясы еңбектi мамандандыру мен бөлiсудi құрай отырып, адамдар еңбегiнiң тиiмдiлiгiн арттырады. Әркім өз мiндетi мен жауапкершiлiгiн айқын түсініп, осы мақсатта өзгелермен қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бiрлесiп aтқapғaн жұмыстыңтиiмдi болатыны сөзсiз. Осыған орай процесс ретiнде ұйымдастыру ұйымдаспаған жүйеден ұйымдасқан жүйеге көшудi бiлдiредi.
Басқару функциясы ретiндегi ұйымдастырылудың объективтiлiгi адамдар мен материалдық бөлiктердiң бiрiгуi кездейсоқ емес, қайта белгiлi бiр мiндеттi орындауға және басқару заңдарына бағындырылуына байланысты болады.
Жалпы ұйымдастыру функциясында мынадай бiршама дербес, бiрақ өзара байланысты қызметтердi бөлiп көрсетуге болады:
- басқару жүйесiн ұйымдастыру;
- басқару объектiсi мен субъектiсi арасындағы байланыстар мен қатынастарды ұйымдастыру;
– басқару субъектiсiнiң iшiндегi байланыстарды ұйымдастыру.
Ұйымдастырудың негiзгi анықтамалары:
Басшының ең басты мiндетi өзiне бағынышты қызметкерлерiнiң күш-жiгерiн алға қойылған мiндеттердi шешуге, және оларды мейлiнше жақсы aтқapyғa қабiлеттi ұйым құpyғa бағыттау болып табылады. Осы тұста төменгі анықтамаларға көңіл бөлуiмiз қажет. Өкiлеттiлiктер - ұйым ресурстарын пайдалануда және қызметкерлердiң күш-жiгерiн нақтылы бiр мәселелердi шешуге бағыттауда берiлетiн шектеулi мүмкiндiк немесе құқық. Делегирлеу - мақсаттардың орындалуына толық жауап беретiн адамға өкiлдiкпен шешімдерді жүзеге асыруды жүктеу.
Жауапкершiлiк - алда тұрған мақсаттарды орындау жөніндегі міндеттеме және олардың қанағаттанарлық шешiмiне жауап беру..
Делегирлеу тек қанa өкiлеттіліктер қабылдаған кезде ғана жүзеге асады. Сондықтан жауапкершiлiктiң өзi делегирленуi мүмкін емес. Өкiлеттiлiктердi беру процесi eкi тұжырымдамаға жүгiнедi. Классuкалық тұжырымдама бойынша ұйым арасында өкiлеттiлiктержоғарыдан төменгi буынға берiледi және бұл өкiлеттiлiктi қабылдау тұжырымдамасы кейбiр жағдайда орындаушы ұйымдағы өз мiндеттерiн толық ұғынған кезде басшының берген өкiлеттiлiгiн қабылдамай тастайды деген ұғымға негізделеді. Дегенмен, кез-келген жағдайдаөкiлеттiлiктер шектеулi болып келедi.
Ұйымдастыру процесi көп жағдайда ұйымның мақсатына жауап бере алатын, оның ішкі және сыртқы ортасына ықпал eтетін тиiмдi құрылымды құрумен байланыстырылады.
Өзiмiз бiлетiндей, баскарудың ғылым ретiнде қалыптасуында орын алған процестiк, жүйелiк, бихевиористiк және жағдайлық көзқарастар құрылым құрған кезде қолданылады. Және де бiр бюрократтық /кеңсешiлдiк/ деп аталатын көзқарас еңбек бөлiсiнiң жетiлдiрiлуiмен,бұйрық беру тiзбектiлiгiмен, жүріс-тұрыс ережелерiнiң болуымен сипатталады. Сол жүйенi М.Вебер "тиiмдi бюрократия" деп атаған.
Ұйымдық құрылымды қалыптастыру төмендегiдей қағидаларға жүгiнедi:
1. Сызықтық және функционалдық басшылықтың арасындағы дәл шекараны анықтау;
2. Жарлық беру мен дербес жауапкершiлiктiң тұтастығы;
3.Лауазымға берiлетiн мiндеттердiң, өкiлеттiлiк пен жауапкершiлiктiң ара-қатынасының сәйкестiгi;
4. Жұмыс барысын бақылаудың өрiстеуi мен үздiксiздiгi;
5. Орта өзгерiстерiн сезiнуде икемдiлiк пен үнемдiлiк, жоғары бейiмделу қасиетiнiң болуы.
2. Ұйымдастыруда өкілеттіліктер және жауапкершілік
Өкiлеттiлiк берудiң, яғни басшының өз өкiлеттiгiн нақты мәселелердi шешкен кезде бағынышты адамдарға артуының зор маңызы бар.
Өкiлеттiлiк беру дегенiмiз - басқару қызметiн бөлiсу процесiн дамыта отырып, басқару жүйесiнiң икемдiлiгiн күшейтедi және штат құрылымын өзгертпей-ақ шаруашылық жүйесiн жаңа проблемаларды шешуге жедел реттеп отыруға мүмкіндік бередi. Дегенмен,мiндеттердiң өкiлеттiлiк пен жауапкершiлiктің арасында дұрыс ара қатынастың болуы жалпы басқару буындарына және жеке қызметкердiң еңбегiне үлкен әсер eтетінін атап көрсетуiмiз қажет.
Жауапкершiлiк аз, ал өкiлеттiлiк көп болса, әкiмшiлiк озбырлық, субъективизм, ойланыстырылмаған шешiмдер жасалуы үшiн жағдай туады. Өкiлеттiлiк аз болған жағдайда жауапкершiлiктiң зор болуына да жол беруге болмайды, ол оралымды қимылдап, қажеттi шешiмдер қабылдау мүмкiндiгiн жояды. Мұндай жағдайда ең ынталы деген қызметкердiң өзi көбiнесе дәрменсiз болып шығады. Сондықтан әрбiр орган үшiн ғана емес, сонымен бiрге, әрбiр қызметкер үшiн де өздерiне жүктелген мiндеттердi мүлтiксiз және мерзiмдi орындалуына жауапкершiлiгі берiлген өкiлеттiлiкке сәйкес белгiлеу ұйымдастырудағы өзектi мәселе болып табылады.
Өкiлеттiлiктер және компетенция
Басқару органына бекiтiлiп берiлген қызмет саласы компетенция /бiлiктiлiк/ деп түсiнiледi, ол өзiнiң функциясын сол қызмет шенберiнде iскe асырады, мәселелердi өз бетiнше шешiп, тиiстi құқыққа ие болады. Басқару органдарының компетенциясын белгiлеу оның өкiлеттiлiгi мен мiндеттерiнiң жиынтығын, олардың тиiмдi ара - қатынасын белгiлеудi бiлдiредi.
Басқару қызметкерiн мамандандыру бiртектес жұмыстарды шоғырландыруға, олардың орындалу әдiстерi мен тәсiлдерiн жетiлдiруге мүмкiндiк бередi. Басқару қызметкерлерiнiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауды, олардың бойындағы жауапкершiлiк сезiмiнiң дамуы ең алдымен олардың компетенттiлiгi мен саналылығына байланысты болады.
Өкiлетiлiктер және билiк.
Көп жағдайда өкiлеттiлiктер мен билiк ұштастырылады. Дегенмен, өкiлеттiлiк дегенiмiз - ұйым ресурстарын пайдалануда лауазымға берiлетiн шектеулi құқық, ал билiк - қалыптасқан жағдайда нақтылы ықпал ету мүмкіндігi болып табылады, сонымен қатарөкiлеттiлiкке ие болмай-ақ билiктi жүргiзуге болады.
Сонымен өкiлеттiлiк белгiлi бір лауазымның нақтылы жағдайда ic-әрекет ету құқығын, ал билiк сол ic - әрекеттiң нақтылы мүмкiндiгiн бередi. Билiктi тиiмдi пайдалану үшiн лауазымға берiлетiн өкiлеттiлiкке сәйкестiк қажет және жұмыстың орындалу барысын үздiксiз бақылап отыру туындайды.
Өкiлеттiлiктердiң жiктелiнуi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет