Тақырыбы: Болашақ маманның ұлттық санасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негізі



бет3/11
Дата19.05.2022
өлшемі136.27 Kb.
#457784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Болашақ маманның ұлттық санасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негізі

Зерттеудің мақсаты - Болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сананы қалыпастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін ғылыми теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу объектісі - жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні – студент-жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу болжамы – оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық сананы қалыптастыру тиімді болуы мүмкін, егерде оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны мен әдістемесі оқушылардың сана-сезіміне, ұлттық рухын, ұлттық мүддесін, ұлттық идеясын, ұлттық намысын, сенімін, еркін, қарым-қатынасын және мінез-құлқын ұлттық тәлім-тәрбиелік мақсаттылықпен қалыптастыруға бағытталған жүйемен қамтамасыз етілсе, жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде мақсатты түрде жүзеге асырылса.
Зерттеу міндеттері:
- педагогикалық пәндерді оқытуды ұлттық сананы қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін қалыптастыру;
- ұлттық сананы қалыптастырудың тәрбиелік мүмкіншіліктерін ашып көрсету;
- ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған жоспарлардың озық үлгілерін оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің нақты жолдарын көрсету.
Зерттеу көздері – ұлттық сана тақырыбына байланысты тарихшы-этнографтардың, философтардың, психологтардың және педагогтардың еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми құжаттары; зерттеу проблемасы бойынша жазылған ғылыми педагогикалық еңбектер; жоғарғы оқу орны оқытушыларының оқу-тәрбие жұмысындағы озат тәжірибесі; автордың педагогикалық тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: тарихи-этнографиялық, философиялық, психологиялық, педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқушылардан сауал-сұрақ, пікіртерім алу, интервью алу, әңгімелесу, педагогикалық бақылау арқылы озат педагогтық іс-тәжірибені зерттеу, оны қорытындылау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу болжамы, зерттеу көздері, құрылымы, ғылыми жұмыстың осы кезге дейінгі зерттеу деңгейі, теориялық және практикалық мәнділігі көрсетілді.Зерттеудің «Болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сананы қалыпастырудың педагогикалық негіздерідың ғылыми теориялық негізі» атты бірінші тарауында ғылыми теориялық жақтары қарастырылған.Зерттеудің «Педагогикалық сабақтарда ұлттық сананы қалыптастыру әдістемесі» атты екінші тарауында теорияның практикалық мәнділігі көрсетілді.Қорытындыда теориялық және тәжірибелік эксперимент нәтижелеріне негізделген тұжырымдар берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет