Тақырыбы: Болашақ маманның ұлттық санасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негізі


Ұлттық сана ұғымының мазмұны мен сипаты



бет6/11
Дата19.05.2022
өлшемі136.27 Kb.
#457784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Болашақ маманның ұлттық санасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негізі

1.1 Ұлттық сана ұғымының мазмұны мен сипаты
Халқымыздың өмір жолына зер салсақ, жалпы түріктерге тән бұл мінез қазақ халқына да ортақ болғанын көреміз. Мұның солай екенін қазақтың өзінің: “Хас жаман қатынын мақтайды, бас жаман баласын мақтайды” немесе “Өзін өзі мақтаған өліммен тең” болмаса “өзін өзі мақтаған өлімнің қара басы” деген тәріздес ой тұжырымдары да дәлелдейді. Бұдан мақтануды хош көрмеген бұрынғы қазақтың, азат қазақтың ұлттық мінезі анық көрінеді. Кейінгі бодан қазақ бұл мінезден айырылып қалды. Дұрысы – айырылуға мәжбүр болды .
Отарлаушылар өздерінің үстемдігін толық орнату үшін бұрынғы қазақ қоғамында бар қалыптасқан кісілікті, парасаттылықты түрлі айла-амал қолдану арқылы біртіндеп қажеттіліктен шығарып, оның орнына қазақ жұртын қалайда жанын жалдап күн көрудің артықшылықтарын пайдаланып қалуға насихаттап бақты. Осы жолда кім отарлаушылардың ойынан шықса, сол жақсы адам ретінде бағаланып, марапатқа ие болды. Ал ойынан шықпағандар – неше жерден керемет болса да, жамандар қатарына жатқызылды. Соның салдарынан жұрт асыл мен жасықтың, жақсы мен жаманның парқын ажыратудан қалды. Осыдан келіп, өз тірлігінің өзгелерге қарағанда артық екенін, дұрыс екенін біліп тұрған анау адам биліктілер тарапынан жасалған әділетсіз бағалауға төзе алмай, “ау, мен бүттім ғой, мен сөйттім ғой” деп өзін-өзі көрсетуге тырысты. Бірақ оны құлаққа ілген жан болмады. Бағалаудағы әділетсіздік қайталанған сайын, қиянатқа төзбеушілердің үні де молая түсті. Олар алғашқыда ызамен, күйініп айтса, кейін өзін өзінен басқа бағалар ешкімнің жоғын біліп, өзі жөнінде барынша майын тамызып, сүйініп айтатын болды. Сөйтіп, мақтаншақтық жат мінез біртіндеп қазақтың болмысына еніп, әдеттегі тірлікке айнала бастады. Қазір мақтанды ұнатпайтын қазақ аз.
Кезінде мән-мазмұнын ұлы Абай ашып берген осынау жат мінез, жаман мінез еліміз тәуелсіздік алып, өз билігіміз өз қолымызға тиген қазіргі шақта да кәрі қойдың жабағысындай жабысып қалмай жүргені еріксіз ойға қалдырады. Қол жеткізген азды-көпті жетістігімізге желпініп, жер-көкке сыймай жарыса мақтанғандарды көргенде осы құрғыр жаман мінез ұлттық мінезге айналып кете ме деп қорқамын. Қалайда жаманның жамандығын жаныңмен сезініп, одан аулақ болғанға не жетсін! Ұлттық сананы зерттеуде құндылық мәселесінің маңызы зор. Құндылық мәселесі қазіргі таңда тек кана әлеуметтану мен философия саласының ғалымдарын емес, қоғамның барлык салаларын ойландыратын деңгейге жетіп отыр. Өйткені, ұлттың ұлттық санадан құндылықты іздеуінің өзі сол ұлттың руханилығьньң төмендеуі, ия артуы немесе бағалаушылық деңгейден айырылуы. Сондықтан да құндылықты кез-келген тұстан іздеу бүл қателік деп ойлаймын. Бүл белгілі бір идеалды нәрсе болуы керек. Мұндай қатынас тікелей, ия болмаса жанама түрде құндылықтың мәнділігінің жойылуына апаратыны сөзсіз. Ал құнсызданудың ар жағында дәстүрлі мәдениеттің дәрменсіздігімен ұлттық мұраттың утопиялық идеал екенін көрсетеді. Құндылык болса, өзінің болмыстық табиғаты бойынша бұл сапалық көрсеткіш. Сондықтан да қазіргі коғамдық ой-толғам шеңберінде ұлттық санадағы құндылық дегеніміз не? құндылық неден туындайды және казіргі таңдағы ұлтымыз үшін не құнды? деген сұрақтардың қойылуы заңды құбылыс деп ойлаймын.
Ұлттық санадағы құндылықтық бағыт-бағдар мемлекеттің әлеумет экономикалық-саяси жағдайының негізіне сай анықталуы мүмкін. Мәселен, Кеңестік дәуірде ұлт үшін ең маңызды құндылык ол партия идеологиясымен дәріптелінген Кеңестік ұлттардың моралдық-саяси бірлігімен мемлекет алдындағы борыштық парызы болса, Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Батыстан келген демократиялық басқару, нарықтық қатынастар, батыстық ойлау мен өмір сүру үрдісі біздің ұлттық санаға маңызды әсер етті. Бұл әрине, құндылықтың табиғатын күрделендіре түседі. Соның нәтижесінде қазіргі таңда құндылықты зерттеудің екі ұмтылысы анықталынып отыр. Ол:
1) санадағы бар, шынайы өмір сүретін құндылықтар;
2) жүрек қалауындағы мақсат-мүдделер мен идеалдар
Бұл бойынша жаңакантшылдықтық Баден мектебі (неміс философы Виндельбанд үшін философияның өзі жалпымәнділікті құндылықтар туралы ілім. Жоғары құндылықтар ол ақиқат, игілік, сұлулық, қасиеттілік) дамытқан аксиологиялық трансцендентализм үшін құндылық эмпирикалықпен емес, трансцендентализммен арақататынасты норма болмысы, идеалды болмыс, немесе нормалық санамен арақатынасты болмыс. Құндылықтық бағыт-бағдар өзіндік түрде сананың өзегінде қалыптасқан идеалды нәрсе және ол сана деңгейінде де, денгейінде де әсер етеді. Бұдан түсінетініміз құндылықтар-адам өмірінің бағыттарын анықтаушы күш болып табылады. Сондықтан да құндылық, біріншіден, экцистенциалдық және сапалық мінездемелеріне қарағанда белгілі бір объектінің жағымды және жағымсыз мәнін көрсететін ұғым. Екіншіден, қоғамдык (субьекті санасының) бағалаушылық, нормативті жағын көрсететін ұғым. А.М.Коршуновтың есептеуінше кез-келген идеалды мәнділікті (сапалы) құндылық деп түсіндіруге болмайды. «Құндылық жағымды мәнділік немесе адамның коғамдық-тарихи іс-әрекетінің жүйесіндегі сол немесе басқа құбылыстардың қызметі. Сол арқылы біздер мәнділіктің бір формасы ретінде түсіне отыра, құндылық өрісін шектейміз. Қоғамдық дамуда жағымсыз ролдегі құбылыс жағымсыз мәнділік ретінде түсіндіріледі. Сондықтан да құндылықтық болып коғамдық прогресске қызмет ететіннің барлығы табылады»
Ұлттық сананы жүзеге асырушы жеке адам санасы. Бұл тұрғыда субьекті өзінің таным логикасының процесі кезінде обьектіні бағалау актісі орындалады. Яғни обьектіні сезімдік сенситивті бейнеленуі кезінде салыстыру, белгілеу немесе керісінше ұқсамайтын нышандар, қасиеттерді айқындайды. Бұл түсінікте «бағалау» ұғымы «құндылық» ұғымымен арақатынасты. Бүдан түсінгеніміз құндылықтар бағалаудың негізінде жатыр . Ұлттық сана үшін құндылықтың мәнін айқындаушы ұлттық сапаның бағалаушылығы. Бұл орайда сонау еліміз егемендік алған кездері біздің елде де өзіндік бір ұлттык ренесанс басталғаны белгілі. Соның нәтижесінде ұлттық сана өзіндік дүниеге көзкарасының негізінде қайта бағалаушылық жасап, өмірлік күндылықтармен катар, тәуелсіздік, бостандық, дәстүрлі мәдениет, әдебиет, тіл, тарих, атамекен, дін, мемлекет, ұлттық рух, ұлттық мұра, ұлттық болмыс секілді ұлттық құндылықтарды айқындады.Мұндай құндылықтар адамзаттың мәдени әлеуметтенуінің көрсеткішіне айналып, даму идеясын дүниеге әкеледі. Даму идеясы құндылық ретінде дүниеге көзқарастың ұйытқысы. Бұл орайда ұлттық сананы жүзеге асырушы жеке адам санасы даму процесі кезіндс ең алдымен өзі үшін не пайдалы, не пайдасыз екенін анықтайды. Ал жоғары құндылықтар әлі де болса алда. Өйткені біздің ұлттық идеалдар (оны мойындауымыз кажет) шетелдік идеалдарға ұласып, әлемдік жахандастыру өз әсерін ұлттық санаға тигізуде. Сондықтан да ұлттық санадағы басты құндылық:
  • тарихи процесс;


  • сананың тұрақтылығы;


  • тұрақтылық (меніңше әлеуметтік, саяси-экономикалық);


  • ұжымдық (рушылдық) [61.193].


Нәтижесінде ұлттық мәдениет ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, сакталып, дами түседі. Ұлттың рухани мәдениеті бағалы құнды, өзіндік қайталанбас феномен. Мәселен, белгілі ғалым Мұхтар Арын үшін оның бес анығы бес құндылықты білдіретін секілді. Дегенмен де «ұлт үшін маңызды нышандардың бірі болғанымен де, тіл, дін, территория, мемлекеттік тәуелсіздік ұлттың болмысын анықтай алмайды. Ұлтты анықтайтын нышан ол тарихи тағдырының бірлігі. Бұл бірліктің санасы ұлттың санасы [62.18].


Құндылықтар ұлттық бірлік, тірлік, жігер мен қайрат. Бұл жөнінде Абай алтыншы қара сөзінде қазақтың «Өнер алды бірлік, ырыс алды тірлік» мақалы төңірегінде ұлттық бірлік туралы ой толғайды. Абайдың айтуынша бірліктің негізі ат ортақ, киім ортақ, дәулет ортақтық емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жолданып бірлік құрады. «Жоқ, бірлік-ақылга бірлік, малға бірлік емес»,-дейді Абай. Абайдың айтып тұрғаны дәстүрлі мәдениет дүниетанымындағы философиялык ой-толғамдармен тәлім-тәрбиелік үрдіс негізіндегі рухани құндылықтар. Бұл құндылықтар құндылықтардың ішіндегі ең құндысы
Рухани құндылық ең мағыналы құндылықтардың мекені. Егер ондай құндылықтар жоқ болса, рухани дүние де жоқ, ұлт та жоқ. Әрине, бұл жоғарыда айтылғандарсыз да өмір кешуге болады. Бірақ, белгілі құндылықты идеалдарсыз өмір сүру қиын. Бұл орайда карап отырсақ, Еураазиялық кеңістікте ұлт болып сақталып калудың өзі біз үшін құндылықты. Ұлтымызбен бірге дәстүрлі мәдениетіміз де сақталды. Ұлттық дәстүрлі мәдениет-ұлттық сананың негізі. Мәдениет-барлық құндылыктардың жиынтығы. Ол өзімен бірге құндылықтардың әмбебап жүйесін емес, тарихи әдіс арқылы анықталынатын терең мазмұнды, мәнді құндылықтар жүйесінің көптілігі.
Жалпы құндылық-әмбебап категория ретінде адам өмірінің бағыттарын анықтаушы күш. Ол әлемнің суретін жасаудағы ең басты категориялардың бірі. Өйткені, қазіргі таңда ұлт үшін құндылықты идеалдар шеңбері кең. Дегенмен ол ең алдымен ұлттың саналы бағалауымен койған мақсатына және де уақыт пен кеңістікке сәйкес жүзеге асады. Ол үлттың бостандығы. Бұл бостандық көп түрлі мәнділіктердің бәрін қамтитын түпкіллікті мән. Яғни, ұлт негізінде бостандыққа талпыныс болуы тиіс. Бостандық (немесе еркіндік) өзі мәндердің мәні. Бостандық-құндылық. Бостандық-өзінің жаның калаған нәрсені жасау. Бостандық - бұл еріктің бостандығы. Ерік-жігер-өзінің мәні жағынан әрқашанда еркінді ерік. Бұл катынаста біздің коғамымыздағы демократиямен азаматтық қоғам да құндылыктың ортасына дәлме-дәл келеді. Бұл жөнінде академик Асқар Жұмаділдаев: «Бостандық өзінің табиғаты бойынша салыстырмалы ұғым», «Бостандық ұлттық тәртіппен реттеліп, қазақ болмысына негізделуі қажет»,- деп атап көрсетті
Ұлтымыздың құндылықтарының бірі, ол – спорт. Спорт адамдардың денесімен қатар, рухын да шынықтырып, олардың дамып жетілуіне жағдай жасайды. Әр адам өмірде денсаулығы мықты болып, денесінің сымбатты болғанын қалайды. Адамдарға оған тек спортпен айналысу арқылы қол жеткізуіне болады. Қазақ халқы бұрын көшпенді мал шаруашылығымен айналысқандықтан оларда өзінің өмір салтына бейімделген спорттың түрлері қалыптасты. Көбіне ол ойындар жылқы малымен байланысты болатын. Атап айтар болсақ – бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу т.б. Қазақ қоғамында онан да басқа спорттың түрлері көп. Мысалы, қазақша күрес, жаяу жарыс, асық ойындары, тағы басқа.
Спорт ойындарының маңызы сол, олар тек жеке адамдардың денесін шынықтырумен шектелмейді. Жылда республика бойынша және халықаралық жарыстарға еліміздің спортсмендері қатысып, ол басқа елдің адамдарымен арадағы өзара қатынасты нығайтуға себеп болады және сол жарыста жеңіске жеткен спортшыларымыз еліміздің абыройын көтеріп, мемлекетіміздің беделінің өсуіне ықпал етеді. Қазіргі кезде республикамызда спорттың түрлері көбейіп, стадиондар, спорттық кешендер салынып, адамдарға спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасалып отыр. Бірақ та қазіргі кезде ұлттық ойындар, соның ішінде ат ойындары өте мардымсыз дамуда. Әсіресе қазақтар жиі орналасқан ауылдық жерлерде ұлттық ойындар жоқтың қасы деуге болад
Құндылықтар - кеңістік пен уақыт шеңберінде өлшенетін, адам және коғам табынатын идеялар, идеалдар. Ол идея-ұлттық идея. Ұлттық идея ұлттық сананың негізі. Адам, коғам, өркениет жоғары игілікті идеяларсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Сол идеялар өзінің мәнділігін мәдени байлықтан іздейді. Мәдени байлық және жеткен жетістіктер ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, өткен дәуіріміздің құндылықтарының жиынтығы ретінде мәдени мұраға айналады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтуынша «ұлт тарихын түгендеу, ұлт руханиятын қайта түлету», «халық бірлігі мен ұлттық тарихты нығайту. Міне, ұлт санасындағы басты құндылық осы»
Енді бүгінгі таңда қазак халкының сана-сезімінің өзгеру себептеріне тоқтала кетелік. Өткен жолымызды сараласақ, қазақ халқының сана-сезімінің өзгеруіне ғылым мен техниканың дамуы, саяси төңкеріс, экономикадағы алға басу, үлкенді-кішілі өзгешеліктер әкелді. Көшпенділер даласының каймағы бұзылмай тұрғандағы қазақ психологиясымен қазіргі қазақтың білім болмасында коп өзгешелік бары талас тудырмайтын мәселе. Біздің пайымдауымызша, қазақ баласы психологиясының өзгеруіне әсер еткен құбылыстарды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші, қазақ даласын Ресейдің отарлауынан басталып, Қазан төңкерісіне дейін созылған уакыт аралығы Қазақстанның патшалық Ресейдің қол астына кіруі қазақ еліне, жеріне біраз өзгеріс енгізгендігі ақиқат. Екінші, қазақ психологиясының өзгеруіне көп әсерін тигізген Қазан төңкерісі. Бұл кезең 1917 жылдан басталып, Кеңес үкіметінің құлаған уақыт аралығы айтқанда, 1990 жылдармен аяқталады. Үшінші кезең 90-шы жылдардан бастау алып, бүгінгі күндері де өз жалғасын табуда.
Енді осы мерзімдердегі құбылыстарға тоқтала өтейік. Қазақ елінің біртіндеп тәуелсіздігін жоғалтуы - басқасын айтпағанның өзінде ел баскару ісіне көптеген жаңалықтар әкелді. Хандық жойылып, аға сұлтандық жүйесінің енгізілуі, дін арқылы халықты бағындыру саясатын жүргізу, сот реформасын іске асыру қазақтың Ресей патшалығына бағыныштылығын арттырды, дала демократиясына тиген алғашқы соққы болды. Енді жүзге бөлу, болыстық сайлаулар өткізу, партияға бөліну сияқты алдын ала жоспарланған шаралар біртіндеп «басканың аузына қарау» психологиясының қалыптасуына әсер етті
. Халқымыздың ұлттық сана-сезіміне кері әсерін тигізетінін осы кезден бастап, қарастырған жөн сияқты. Айрандай ұйып отырған қазақ баласы жергілікті патша әкімшілігіне арыздану, қол жинау, ел ішіндегі дау-дамай өршіп, алауыздық туғызған халыктың бірлігіне кері әсерін тигізген құбылыстар осы кезде белең ала бастады. Алайда ол кездегі қалыптасқан жағдайлар халқымыздың психологиясын, оның қазақтың калпын айтарлықтай өзгерте алған жоқ.
Еліміздің өміріне әртүрлі жаналықтар кіргізген, жақсылықтан көрі жамандықты көбірек әкелген халқымыздың әдет-ғұрпына, тіліне, дініне зор әсер еткен Қазан төнкерісі еді. Әсіресе кеңес өкіметі дәуірлеп тұрған кезде ұлттық мінез-құлық көп өзгеріске ұшырады. Дәл осы кезеңде қазақ тұрмысы жаңа арнаға түсіп, салт-дәстүрге жаңалық кірді. Елдің қалыпты дағдысы, өмір сүру тәсілі түрленіп шыға келді. Әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы, қасиеттері, ерекшеліктері болатынын ескерсек аталмыш кезеңде казақтық, қалыпқа көп өзгешілік енді. Орталықтан бастау алған солақай саясат ұлтсыздану процесін мейлінше тереңдетіп жіберді. Әсіресе белең алған дінсіздік идеологиясы халкымызға кепрі әсерін тигізді. Қазақтың рухани-психологиялық қасиеттері орынсыз бұрмаланып күнделікті тұрмыстан шектелуге ұшырады. «Ескінің сарқыншағымен» күрес деген желеумен көптеген тарихи дәстүрлер, әдет-ғұрыптар жойыла бастады .
Халық сана-сезімінің көп өзгеруіне қазақтың туа біткен әсершілдігі де ықпал етпей калған жоқ. Әсіресе, тек халкымызға ғана тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге «жаңашылдық» кіріп, ел ішінде жат рәсімдер енгізіліп, тілдің шұбарлануына жол ашылды. Ата-бабалардың сара жолына, дініне іріткі салынды. Аралас неке дәріптелді. Ескіден безу мәдениеттілік деп түсіндірілді. Бұл дәуірде халқымыз басқалардың жақсы қасиеттерімен қатар жамандық жақтарын тез үйренді. Адамгершілік түрғысынан түкке тұрмайтын, имансыздыққа итермелейтін дәстүрлерді бойына сіңіре бастады. Бұлар ұлтымыздың табиғатына жараспайтын жат қылықтардың қалыптасуына әкеп соқты. Қазақ арақ ішуді дәстүрге айналдырды. Еліктегіш халқымыздың жер атаулары, адам есімдері өзгеріс тапты. Той-томалақ арақ-шарапсыз өтпейтін халге жетті. Мұндай «жаңалықтар» әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру басталған мезеттен халықтың әдет-ғұрпына тереңдеп кірді. Арабтан латынға, одан «кирил» әрпіне көшу ұрпақ арасындағы табиғи байланысты үзді. Әртүрлі дәрежеде тойланатын мерекелердің саны артты. 80-ші жылдардың ортасына қарай қазақ мектептері жабыла бастады. «Тірі ұлттық, мазмұны социалистік» деген ұран ұлттық дәстүр, тілді аяқ асты етті
Қазақ халқының ұлтық және тілдік ерекшеліктері бұзылып «біртұтас жаңа қауымдастық - Кеңес халқына» айнала бастағаны осы кезбен тұспа-тұс келді. Үкімет саясатынан берік орын алған құдайсыздық кағидалары адамды имандылық қасиеттерден ұзақ қалдырды. Дінге деген көзқарастың өзгеруі халық психологиясына кері әсерін тигізді. Кешегі инабатты, ибалы қазақ кызының мінезінде анайылық пайда бола бастады. Некесіз бала көтеру, ажырасу сияқты әрекеттер белең алып, көбейе түсті. Ел ішіндегі ағайын-туысқандардың қарым-қатынасында салқындық пайда болып, сыр берді. Бұл аталмыш - екінші кезең қазақтың өзіндік ерекшеліктеріне қатты әсер еткен үлкен соққы болды. Қазақ психологиясына, оның табиғатына түбегейлі өзгерістердің енуі халқымыздың түрленіп сала беруі - осы кезде тамырын тереңге жіберді. Аталмыш процестердің халық психологиясында қалыптасуына коммунистік идеология қызметкерлері аз тер төккен жоқ.
Әрине, өткеннің бәрі жаман деген пікірден аулақпыз. Ол кезде болған жетістіктер жөнінде аз жазылған жоқ. Кейбіріне тоқтала кетейік. Елде білімді адамдар көбейіп, көптеген оку орындары ашылды. Зиялы қауым қазақтың мақтанышына айналды. Ауылдар қанат жайып, қалалар көркейіп өсті. Елде тың әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар қалыптасты. Ең бастысы - жаңару қазақ психологиясына өзіндік ерекшеліктері желді ұлтымыз өзін басқалармен салыстырып, жетістік-кемшіліктеріне сыни көзбен карайтын болды. Өткен өміріміз адамзаттық даму тұрғысынан бағаланды. Әйтсе де Қазан төңкерісі - казаққа көп нәубет әкелген, ұлттық қасиеттеріміз бен ерекшеліктеріміздің жөнсіз жоғалуына себеп болғаны даусыз.
Біз елдегі саяси-әлеуметтік өзгерістердің үшінші кезеңін Кеңес үкіметінің құлау процесімен байланыстырдық. Оның өзіндік себебі бар. Саясатта, бүкіл Кеңестер Одағын «жұмса жұдырығында, ашса алақанында» ұстаған коммунистік идеология келмеске кетті. Егеменді еліміз солақай саясаттан бас тартты. ТМД елдері арасындағы бұрыннан келе жатқан байланыстар үзілді. Жаңа карым-катынастардың орнығуы оңай соқпады. Себебі - қазақ халқы қандай қиындықты басынан кешірсе де, дәл егемендіктің алғашқы жылдарындағыдай тарихи жауапкершілігі мол заманмен бетпе-бет келген жоқ-ты. Оның сыртында әлемдегі жаһандану процесі елге жаңа леп, өзгеше даму әкелді. Бүған бірден көндіге алмаған халық не істерін білмей, қиналды. Әлеуметтік тұрмыстың төмендеуі көп күттірген жоқ, өз нәтижесін берді. Жайбарақаттықты, жалқаулықты, есепсіздікті нарық экономикасы көтермейтінін көрсетті. Көптеген адамдар жұмыссыз қалды. Адамдардың моральдық азғындауы көбейді. Жезөкшелер ашық көшеге шықты. «Азаматтық неке» деген желеумен ер мен әйелдің бір шаңырақта тұруы үрдіске айналды. Баспасөз беттерінде «жезөкшелер үйін» ашу жөнінде пікір талас кылаң бере бастады. Есірткі мектепке жетті. Үй-күйі жоқ кезбелерге көз үйренді. Қоғам өмірінде парақорлық орын алды. Бұлардың бәрі жаһандану процесі әкелген келеңсіздіктер еді. Бірақ соны қарым-қатынастардың оң нышандары көрінбей қалған жоқ. Халқымыз дінге ден қоя бастады. Әсіресе жастардың дін қауымның негізін қалауы - көңілге қуаныш ұялатты. Бірте-бірте әлеуметтік тұрмыста тұрақтылық орын тепті. Нарықтың қатал заңы әрбір отбасыға жетті. Жаңа қазақтар көш бастады. Сөйтіп, халқымыздың сана-сезімі өзгеріске ұшырай бастады .
Бұл жерде айта кететін бір жай бар. Біздің пайымдауымызша, елдегі қазіргі катынастар ескі мен жаңаның тайталас күресінің нәтижесінде орнығып жатыр. Әрине, келтірілген әлеуметтік факторлар қазақтың мінез-құлқына, ұлттық психологиясына әсер етуде әрбір әлеуметтік топтың өзіндік ерекшеліктері көрініс беруде. Қазіргі қазақ тап мынадай деп айта алмайсың. Өйткені, халықтың рухына ықпал еткен күштері сан-салалы. Бүгінгі қазақ ұлтының тыныс-тіршілігі күрделі. Ұлтымыздың даму процесін алсақ, бұл көп сатылы, әр деңгейлі, әртүрлі құбылыстардың жиынтығы десек кателеспейміз. Ұлттың әрекеттілігі, маргиналдануы, өмірде әртүрлі бағытты ұстануы оның даму, жаңару бағыт-бағдарын айқындауы қиындатып жіберді. Жаһандану дәуірінен басталған үшінші кезеңнің әсері мол, аумалы-төкпелі, болғандықтан халқымыздың ұлттық қасиеттері мен ерекшеліктері әлі де талай өзгеріске ұшырататыны даусыз. Осындай жолайрықта тұрған күрделі кезеңде коғамымыз халықтың санасына әсер ететін күштерді тиімділікпен пайдалансақ, ұлтымыздың жағдайын көтеруге мүмкіндік бар. Өйтпейінше, қазақтың бойына біткен тамаша қасиеттерін жоғалтып алуымыз әбден мүмкін.
Ата-бабаны қастерлеу рулық құрылымның діни сенімінен де туындайды. Өйткені рулық жүйе салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды сақтаушы орта. Ол негізінен аруактың моласына тағзым етуден байқалады. Кезінде Ш.Уәлиханов қазақта қайтыс болған адамға корған немесе ескерткіш орнату балаларының парызы саналған деп атап өткен. Бұл -қазақ үшін киелі үғым.
Аталмыш мәселені қазақ халқының өмірі жайында жазылған көптеген тарихи-этнографиялық, археологиялық жазба, филологиялық деректерге сүйене отырып С.Н.Ақатаев зерттеген, ол ата-бабаны қастерлеу «бабаны құрметтеу арқылы ру-тайпалық топтардың этнонимдік байланысын өзінше көрсетеді» деп санайды
Қазіргі кезде қазақтардың ата-бабаны қастерлеуге деген ұлттық сана-сезімінің деңгейі өзінің рулық тегін («шежіре») ең құрығанда жеті атаға дейін білуге деген талпынысынан байқалады. Қазақтар үшін шежірені білу жерге, елге деген ерекше көзқарастан туындайды және ол айналасындағылардың өзіне деген құрметі деп есептейді. Мұның бәрі түптеп келгенде, қазақ халкының ұлттық сана-сезімін дамытады. Ал өз ата тегін, тарихын, тілін білмегендерді өзінің тарихи түп тамырынан мақұрым қалған мәңгүрт деп атайды. Ұлт ретінде өз-өзін сезінудің маңызды элементі адамның этникалық стереотиптің бір бөлшегі ретінде өз-өзін тануында. Оның тууы автоэтнонимнің қалыптасуымен, яғни озін «біз» нақты ұлт өкіліміз деп білуі болып табылады.
Қазақтарда ұлттық сана-сезімінің қалыптасуы қазақтардың біртұтас этникалық топ ретінде құрыла бастаған XV-XVI ғасырлардан бастау алады. «Қазақ», «Алаш» этнонимі өмірге келуі арқылы қазақтар өздерінің өзгелерден айырмашылығын көріп, қазақ халқының рулық негізде біріге бастады. Қазақ халкының ұлт ретіндегі біртұтастығы қазақ этносының үш жүзге - ұлы, орта, кіші жүздерге бөлінуімен ерекшеленеді.
Территорияның ортақтығы да қазақтар үшін үлкен маңыз атқарады. Олар өздерін шалқар даланың перзентіміз деп қабылдады. Қазақтардың ұлттық сана-сезімінде дала («Арқа») туған үйім, Отаным («Ата-мекен») деген ұғымдар қасиетті, қадірлі түсініктер тізбесін құрайды. Сондықтан қазақтардың ұлттық сана-сезімінде тарихи мәдениет өте маңызды. Ол ата-бабаны қастерлеумен, киені құрмет тұтумен байланысты. Қазақтар үшін Қожа Ахмет Яссауи мазары, Айша бибі мазары, Ұлытау тауы қасиетті орындар .
Тарихи мәдениет, фольклормен және халықтың тарихи тұлғалары (Абылай хан, Кенесары, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би немесе қазақ батырлары) атымен сақталып жеткен халықтың тарихи естеліктерімен тығыз байланысты. Халықтың тарихи естеліктерінде халық өміріне қатысты тарихта болған барлық жарқын оқиғалардың ізі бар. Кей жағдайда ол жағымсыз қырымен де көрініп қалып жатады. Мәселен, тарихтың көлеңкелі беттеріндегі ұлттық әліпбидің жоғалуы, сталинизм кезіндегі ең таңдаулы ел зиялыларының атылыл-асылып кетуі, т.б. жайттар көпшіліктің есіне түседі. Көп уақыттар бойы өз проблемалары жөнінде ауыз аша алмай келген халықтың қайта құру, жариялылық саясаткерлердің мемлекеттік тілді білмеуі, іс қағаздарын жүргізуге тиісті жағдайдың жоқтығы, тіл саясатын жүргізуге көптеген факторлар кері әсер етуі мүмкін. Бір халықтың екінші бір халықтың ұлттық мәдениетіне менсінбей қарауынан, ұлттық салт-дәстүрлерін білмеуінен этникааралық қатынастар күрделене түсе бермек. Сондай-ақ, жағымсыз этникалык стереотиптің қалыптасуына экономикалық даму денгейінің төмендігі де әсер етеді (нарықтық қатынастардағы теңсіздік, бюджет дефициті, экономикадағы ұлттық құрылымның дифференциясы).
Халықтың ұлттық сана-сезімінің оянуына әсер ететін факторлардың бірі -тіл, оның «Қорғаушысы, тілдің жұтаңдана бастауы ұлттық сана-сезімнің құлдырай бастауының айғағы»
. Тіл арқылы орта ахуалы, шынайы акиқат айтылады. Сондықтан тіл ерекшелігін зерттей отырып халықтың ұлттық өзіндік болмысын тануға болады. Тіпті тіл аркылы адамның-адамға деген қарым-қатынасын түсінуге болады. Маңызы мұнан кем емес тілдің атқаратын тағы бір функциясы-этноинтеграциялық. Ол рухани құндылық ретінде адам тұрмысының барлық қырларын жалғайды. Сонымен катар, тіл арқылы біз бір-бірімізбен, ортамен қарым-катынас жасаймыз және ұлттық, жалпы халықтық мәдениетпен жалғасамыз.
Республикамызда қазақ тілі толық құқылы мемлекеттік мәртебеге ие. Сондай-ақ Қазақстан территориясында ресми тіл ретіндегі орыс тілінің кұқын шектемей тең дәрежеде колданылады. Сондықтан да біз Р.Овсянико-Куликовскийдің бір тілге мемлекеттік мәртебе беру арқылы, сол халық өкілдеріне артықшылық беру ескіліктің арыны деген жалған пікіріне үзілді-кесілді қарсымыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет