Тақырыбы: Болашақ маманның ұлттық санасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негізі


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ САБАҚТАРДА СТУДЕНТТЕРДІҢ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет9/11
Дата19.05.2022
өлшемі136.27 Kb.
#457784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Болашақ маманның ұлттық санасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негізі

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ САБАҚТАРДА СТУДЕНТТЕРДІҢ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Студент-жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру үшін педагогикалық сабақтардың тиімді әдістемелік бағытын белгілеу
Студент-жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру үшін педагогикалық сабақтардың тиімді әдістемелік бағытын белгілеу қажет. Осы мақсатта біз педагогикалық сабақтардың бағдарламаларына теориялық талдау жасадық. Сонан соң студенттердің ұлттық сана жайлы білім деңгейін анықтау мақсатында зерттеу жұмысын жүргіздік. Ол Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университетінің «музыка-педагогикалық» факультетінде оқитын 3-4 курс студенттерімен (барлығы – 60 студент) пікіртерім жүргізілді.
Пікіртерім негізінен төмендегі сұрақтарды қамтиды:
  1. Ұлттық сана дегенді қалай түсінесіз?


  2. Халық арасында “мәңгүрт” деп атап жүрген, ғылым тіліндегі “этнонигилистер” деп кімдерді айтады?


  3. Халық айтқан «тегінен нәр алған тозбайды» деген ұлағатты ойды қалай түсінесің?


  4. «Ұлттық идея» мен «ұлттық сана» ұғымдарының ара жігін ашыңыз.


  5. «Ұлттық намыс» ұғымын естігенде есіңізге кімдер түседі?


  6. Қазіргі жастардың бойында ұлттық рухты ояту үшін қандай шаралар өткізу керек деп ойлайсыз?


  7. Ұлттық салт-дәстүрлердің нешеуінің мазмұнын толық сипаттап бере аласыз?


  8. Ұлттық сананы қалыптастыру үшін ұлттық тарихты жақсы білу керек деген тұжырымға не айтар едіңіз?


  9. Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не?


  10. Ұлтық сананы қалыптастырудағы маңызды фактор деп сіз нені айтар едіңіз?


  11. Қазіргі жастардың бойында патриотизм мен ұлтшылдық сезімі жоғары дамыған болуы тиіс дегенге келісесіз бе?


  12. Әрбір қазақ азаматы туған тілін жоғары дәрежеде меңгеруі керек деп ойлайсыз ба?


  13. Қазақ ұлтына тән қандай ерекше қасиеттерді атап өтер едіңіз?


  14. Ұлттық санаға кереғар құбылыстар деп қандай құбылыстарды атай алра едіңіз?


  15. Қазақ ұлтының болашағын қалай елестетесіз?


  16. Ұлттық сана ұғымына сипаттама бере аласыз ба?


Анықтаушы эксперимент жұмыстары болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сана қалыптасу жағдайын анықтап берді (4 - кесте).


Анықтаушы эксперимент бойынша жүргізілген жүйелі зерттеу жұмыстары жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндер негізінде студенттердің бойында ұлттық сананы қалыптастыру жұмыстары жүргізілгенімен, жеткіліксізілігін, көбіне ол тек мәселе түрінде ғана қойылатыны және оны білім алушлар кей кездерде ғана, еш жүйесіз іске асыратыны байқалды. Сауалнама, тест нәтижелері студенттердің ұлттық сана ұғымына және бұл мәселеге аса мән бермейтіндігін, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тікелей маңызы бар екеніне, ұлттық сананы қалыптастыру қажет деп есептегенімен, оны жүзеге асыру әдіс-тәсілін білмейтіндігін көрсетті.

Кесте–4. Студенттердің бойында ұлттық сананың қалыптасу деңгейлерінің көрсеткіші




Курс. Студент саны




Деңгейлер


1-курс
47 студент




2-курс
45 студент




3-курс
39 студент




4-курс
42 студент




Орташа есеппен 173 студент


Төмен

36%

35,3%

34,1%

32%

34,5%

Орташа

49,8%

50,1%

50,4%

51,2%

50,4%

Жоғары

14,2%

14,6%

15,5%

16,8%



15,1%

.

Арнайы курстың «Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық сана қалыптастырудың маңызы мен көкейкестілігі» тақырыбындағы лекциялық сабақта өазіргі жаһандану жағдайында ұлт болашағын сақтап қалу үшін жастардың бойында ұлттық сана қалыптастырудың маңыздылығы атап көрсетілді. «Ұлттық сана ұғымының теориялық негіздері» және «Ұлттық сана ұғымы бойынша зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардың ой-пікірлеріне талдау» тақырыптарында ұлттық сана ұғымына берілген әртүрлі анықтамалар мен пікірлер жинақталып, талданды. «Болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сана қалыптастырудың мүмкіндіктері» тақырыбында педагогикалық пәндерді оқыту арқылы студенттердің бойында ұлттық сана қалыптастыру мүмкіндіктеріне тоқталып, студенттер өзіндік жұмыстарында тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп, ұсыныстарын ортаға салды. «Ұлттық санаға кереғар құбылыстар, олардың алдын алу жұмыстарының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы» тақырыбында қоғамда қазіргі таңда орын алып отырған келеңсіз құбылыстар, зиянды әдеттерге сипаттама беріліп, өзіндік жұмыстарда студенттер олардың алдын алуға арналған жоспарлары және бағдарламаларын ұсынды.
«Ұлттық сана деңгейінің кәсіби іс-әрекеттегі көрінісі, тәрбиелік мәні» атты практикалық сабақта студенттер-болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметінде ұрпақ бойында ұлттық сана қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспарлары, жүргізілу барысы, т.б. жұмыстарын ұсынды.
Бұл курсты педагог емес мамандықтар үшін де оқуға болады. Арнайы курс психология, педагогиканың теориясы, тәрбиелеу әдістемесі, философия, тарих пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан, осы пәндермен қатар не болмаса олардан соң оқыту тиімді нәтижелер беруі күмәнсіз.
Курс бойынша оқылатын дәріс, семинар жұмыстармен бірге реферат жазу, өзіндік жұмыстар астарласып қатар жүреді. Қазіргі кезде барлық жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі ендірілуде. Осыған орай, арнайы курстың тақырыптары бойынша өзіндік жұмыс орындау негізге алынды.
Арнайы курстың нәтижесінде студенттердің ұлттық сана жайлы білімдері, ой-тұжырымдары тереңдеп, ұлттық көзқарасқа ие болды.
Экспреиментіміздің бақылаушы кезеңінде жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ұлттық сана жайлы ұғымдардың ендірілу деңгейін анықтау мақсатымен ауызша сұраулар мен тексеру жұмыстары жүргізілді, соынмен қатар тапсырмалар кешенін дайындадық. Төменде сол тапсырмалардың бірнешеуі сипатталған. Тақырыбы: Ұлттық сана ұғымының теориялық негіздері
Мақсаты: ұлттық сана ұғымына теориялық сипат беру, аталған ұғым туралы зерттеу жүргізген ғалымдардың ой-пікірлерін талдау.
Ұлттық сананы құрайтын компоненттерді әртүрлі ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, топтастырыңызҰлттық сана ұғымына ассоциация жасаңыз.
Соңғы жүзжылдықта адамзаттың адамды зерттеу мәселелері оның дамуының барлық кезеңдерінде анағұрлым алға жылжыды. Жаңа білім қорының өсуіне, шынайы өмірдің әртүрлі салаларына педагогикалық ойдың таралуына байланысты педагогиканың жаңа салалары пайда болды. Сүйтіп, педагогика озінің қалыптасуы мен дамуының ұзақ жылдарында тәрбие туралы ғылымның тармақталған жүйесіне айналды.
Тәрбие туралы ғылымдар жүйесінің іргетасы жалпы педагогика, ол адамды тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді, кез келген типтегі және түрдегі тәрбие беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесінің негіздерін жасайды. Тәрбие жүйесіндегі ғылымдар жүйесінде жас ерекшелік педагогикасына қатысты салалар ерекше орын алады. Олар балалық шақтың барлық кезеңдерінде жас ерекшелік даму ерекшеліктеріне сәйкес туғаннан бастап есейгенге дейін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттеумен шұғылданады. Жас ерекшелік педагогикасының нысаны бала, ал зерттеу пәні – балалық шақтың түрлі сатыларындағы (ерте жас, мектепке дейінгі жас, мектеп жасы) оқутәрбие жұмысын ұйымдастырудың заңдылықтары, әдістері, құралдары, технологиялары
. Мектепке дейінгі педагогика – бала өмірінің алғашқы күнінен бастап (туғаннан мектепке барғанға дейін) оны тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым. Педагогика ғылымдарының басты саласы ретінде мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы Я.А. Коменский. Оның «Ұлы дидактика» атты кітабында алғашқы рет мектепке дейінгі тәрбие жүйесі берілген. Я.А. Коменский теориясының коптеген қағидалары заманауи педагока үшін де өзекті. Заманауи мектепке дейінгі педагогика, біріншіден, тәрбиелеу және оқыту процесін, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, оны жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін, құралдарын; екіншіден, бұл процестің баланың дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына әсерін қарастырады.
Мектепке дейінгі педагогика қолданбалы функция да атқарады – тәрбиелеу мен оқытудың жаңа, неғұрлым жетілдірілген бағдарламалары мен әдістерін жасаумен шұғылданады. Әлеуметтік ғылым бола отырып, жас ұрпаққа білім беру саласында заманауи қоғам талаптарымен тығыз байланыста болады. Мектепке дейінгі педагогика білім беру жүйесін дамыту 16 тенденциялары мен перспективаларын, тәрбиелеуді ұйымдастыруды қарастыратындықтан оның прогностикалық рөлі басым екендігі күмән тудырмайды.
Ғылыми болжам негізінде тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамалары, білім стандарттары жасалады; балаларды жанұя және мектепке дейінгі мекеме жағдайында тәрбиелеудің теориялық негіздері мен технологиялары қарастырылады, түрлі типтегі, оның ішінде балама типтегі мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесінің ерекшеліктері зерттелед
Педагогика, басқа ғылымдар сияқты, басқа ғылымдармен, әсіресе адамзаттық ғылымдармен өзара тығыз байланыста дамиды. Жоғарыда атап көрсетілгендей, педагогика философияның негізінде жетілді, содан тармақталып бөлініп шықты. Педагогика өзалдына дербес ғылым бола отырып, философиямен, оның салаларымен байланысты үзбейді. Қандай да бір философиялық тұжырымдамалар кез келген педагогикалық теорияның негізінде жатады. Философиялық ғылымдармен байланыс педагогикаға тәрбиелеу мақсаттарын анықтауда, адамның мәнін, табиғат пен қоғамның даму заңдарын және т.с.с.-ды түсінуге көмектеседі.
Педагогика философияның адамгершілік эстетикалық тәрбие проблемаларын шешуге ықпал ететін этика, эстетика сияқты салаларымен тікелей байланысты. Әлеуметтану деректері – заманауи қоғамның жағдайы туралы философиялық білімнің тағы да бір саласы – педагогикаға оқыту мен тәрбиелеудің «көкейтесті» проблемаларды ғылыми тұрғыдан зерттеуді орталықтандыру үшін қажет. Мысалы, әлеуметтанушылар облыста, қалада, ауылда және т.с.с. балалардың мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиеге жеткілікті дәрежеде қамтылмағандықтары жөнінде ақпараттар берді. Соның салдары ретінде, балалардың мектепте оқуға дайындығының төмен екендігі анықталды.
Педагогтың алдына: мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балалардың даму деңгейін қалай 2–7463 18 көтеру керек деген проблема туды. Үйде тәрбиеленетін балалардың жанұясына түрлі көмек түрлері қарастырылды; халыққа қосымша көмек аясы дамытылды; мектептердің жанында мектепалды топтар ашылды және т.с.с. Педагогика адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін психологиямен етене байланысты.
Педагогика, өз кезегінде, балалардың психикалық процестерінің, тәртібінің жағымды өзгеруіне ықпал ететіндей тәрбиелеу мен оқытуды қалай ұйымдастыру керек деген мәселелерді зерттейді. Барлық педагогикалық проблемалардың психологиялық негіздемесі бар. Ақыл-ой тәрбиесі проблемасы таным процестері мен ақыл-ой даму теориясына сүйенеді; тәрбиелеу заңдылықтары тұлғаның психологиялық теориясын ескеру арқылы ашылады. Педагогикалық іс-әрекет қорытындылары психологиялық көрсеткіштер негізінде шығарылады. Мысалы, оқыту нәтижелері жөнінде білім көлемі, оның беріктігі, бейнелілігі, қорытылғандығы, ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасқандық дәрежесі бойынша бағаланады.
Балалардың тәрбиеленгендігі істерінің мақсаттылығымен, оны түсінгендік мөлшерімен, өздігінен істей алу деңгейімен және т.с.с. көрсеткіштермен анықталады. Оқыту мен тәрбиелеу аясындағы кез келген мәселе психологиялық-педагогикалық ұстанымды талап етеді. Психология мен педагогиканы интеграциялау шекаралық салалар – психопедагогиканың, педагогикалық психологияның тууына алып келді. Анатомия и физиология – адамның биологиялық мәнін, әрбір жас ерекшелік кезеңіндегі организмнің даму ерекшеліктерін түсіну үшін негіз болады. Жоғары жүйке әрекеті туралы ғылыми білімді педагогика балалардың физикалық және психикалық дамуын басқарудың заңдылықтарын зерттеу үшін пайдаланады.
Сол білім бала өмірін реттеуде, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда, білім беру мекемелерінде, әсіресе ерте және мектепке дейінгі жастағы балалар үшін пәндік-материалдық ортаны құру принциптерін зертеуде негіз болады. Бүгінгі күні балалардың денсаулығы ойдағыдай емес (әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша), бұл педагогикадан медициналық ғылым салаларымен аса тығыз байланыс орнатуды талап етеді. Педагогиканың жаңа саласы – балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жүйесін жасайтын емдеу педагогикасы қажет болды. Ішімдікке, нашақорлыққа қарсы тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасын жасау үшін медицина мен педагогиканың күш біріктіруі қажет болды.
19 ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында педагогика генетика, кибернетика, информатика сияқты ғылымдармен өзара ықпалдастықты күшейтті. Соның нәтижесінде педагогикалық теория диагностика және дарынды балаларды тәрбиелеу бағдарламаларымен, математикалық логика, компьютерлік технология, бағдарландырылған оқыту идеяларымен және әдістерімен және т.с.с.-мен толықтырылды. Сүйтіп, қоғамның заманауи даму кезеңінде оқыту, тәрбиелеу, білім беру проблемаларын шешуде жалғыз педагогиканың күші тиісті нәтиже бере алмайды, оларға ғылымаралық көзқарас қажет болады. Педагогика өзінің қалыптасу және даму жолында (XVII ғасырдан бастап) әртүрлі санаттағы (жасына қарай, тәрбиелеу бағытына қарай, кәсіби бағытына қарай және т.с.с.) адамдарды тәрбиелеу туралы ғылым жүйесіне айналды.
Педагогикалық ғылымдар жүйесі салыстырмалы түрде бұрын педагогиканың саласы болып келген, кейінде одан бірте-бірте бөлінген өзіндік ғылымдардың бірлігін көрсетеді. Ондай ғылымдар жеткілікті. Педагогикалық ғылымдар жүйесінің іргетасы - жалпы педагогика. Педагогика ғылымдарының қазіргізаманғы жүйесіне педагогика тарихы, жалпы, мектепке дейінгі, мектеп педагогикасы, жоғары оқу орны педагогикасы, андрогогика (үлкендерге білім беру туралы ғылым), әртүрлі пәндерді оқыту әдістемелері, әлеуметтік, арнайы педагогика жас ерекшелік педагогикасының бөлімі, оның алғашқы салалары болып табылады. Педагогика ғылым ретінде адам туралы ғылымдармен тікелей байланысты




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет