Тақырыбы: Әдеби сын Мақсаты: «Бағалау және салыстыру. Әдеби сын» бөліміндегі оқу мақсаты бойынша жұмыс түрлерін ұйымдастыру жолдарын зерделеу


Кітаптың басылымға берілуі немесе қайта басылу себептері



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата01.03.2024
өлшемі1.32 Mb.
#493738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
7-күн 3,4-сабақ Қазақ тілі Т1

Кітаптың басылымға берілуі немесе қайта басылу себептері. Егер кітап белгілі адамның мерейтой қарсаңына, не белгілі бір конференцияға арнап 
басылса, онда оның себебі көрсетіледі. Кейде бұйрық бойынша шықса, ол да көрсетіледі. Мысалы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 
тамызындағы № 769 қаулысына сәйкес жоғары және арнайы оқу орындарының бағдарламаларына «Қазақ тілінде іс жүргізу арнайы курсы енгізілуіне 
орай тәжірибеден өтіп, сарапталып екшеленген [6].  
Ал егер кітап бұрын басылып қайтадан баспаға берілсе, онда оның да себебін жазасыз. Мысалы: Роман–эпопея түпнұсқа бойынша түзетіліп, қалпына 
келтірілген басылымы бойынша жарияланып отыр [7].  
Аудиторияны сипаттау. Аңдатпаның соңында кітап кімге арналғанын жазасыз. Онда оқырманның жасы, қызметі, қызығушылығы және т.б. 
ерекшеліктері жазылуы мүмкін. Мысалы: «Бұл кітап оқушы, студент, мұғалім және өзінің өміріне бейжай қарамайтын әр жастағы оқырманға 
лайық» [3] немесе «Кітап философтарға, мәдениеттанушыларға, филологтарға, сондай-ақ ұлт руханиятының жанашырларына арналған» [8].  



Ғылыми мақалаға арналған аңдатпа жазу үшін мынадай ережелерді ұстаныңыз:
 Ғылыми мақаланың аңдатпасы 3 тілде жазылады. Егер жұмыс қазақ тілінде жазылса, онда оған 
міндетті түрде орыс және ағылшын тілінде аңдатпа жазасыз. Ал орыс тілінде жазылса, онда қазақша 
және ағылшынша аңдатпа бересіз. Ғылыми мақала беретін журналдың ережесін оқыңыз, егер қазақша 
мақалаға қазақша аңдатпа жазу міндетті болса, онда оны тақырыптан кейін, кілт сөздерге дейін қоясыз.
Аңдатпа көлемі 100 сөзден тұрады. Ғылыми мақаланың көлем шағын болады. Мақалаңызды беретін 
журналдың талабына сай сөйлеммен (7-8 сөйлем) немесе сөзбен (100 сөз), не белгі (500 белгі) санымен 
берілуі мүмкін.
 Аңдатпа тақырыптан кейін орналасады. Оның орналасуы ғылыми журналдың ережесіне қарай 
әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда аңдатпа тақырыптан кейін, мақала мәтініне дейін 
орналасады.
Аңдатпаның құрамындағы баяндауыштар етістіктің келер шағында, ырықсыз етіс және пассив 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет