Мұхтар Шерім «КӨКТЕМ КЕЛДІ!» * * *
Үйленгенімізге бір апта да өтпеген келіншегімнің мінезі қызық. Есік алдына жүгіріп шықты да:
-Алақай! Көктем келді!—деп айқайламасы бар ма? «Көкем келді!» деп естіген шешем шалқасынан түсе жаздап:
-Шырағым, қай көкең келді? Үйге кірсін де...—деп далақтап жүр.
* * *
Күн сондай ашық, мамыражай еді, келіншегім жүгіріп барды да, есік алдындағы ақ қайыңды құшақтай алды:-
-Мен сені сүйемін, ақ қайың!—деді. Шешем ашуланып қалды. «Мына келіннің бұрын Аққайың деген жігіті бар ма
еді?—деп менен сұрайды. Мен де жаспын ғой, бірақ әйелім сияқты «романтичный» емеспін. Мен аққайыңды
сүймеймін. Маған ақ қайың ба, қара тал ма, томар ма, бәрі бір.
* * *
Бір күні келіншегім жоқ болып кетті. Сөйтсем, үйдің артындағы бақша ішінде дөңгелене билеп жүр, дауыстап
қояды: «Мен саған ғашықпын, жарық дүние!» дейді. Шешем жүгіріп барып, таңдайын көтерді. Таңдайын көтеріп
жатқанда, саусағын қыршып тістеп алыпты. «Мына жынды басты қайдан тапқансың, балам?»—деп, анам өзіме
ұрысты. «Келініңіз опера және балет театрында биші ғой, шығармашыл адам!» деп түсіндірдім. «Балетінің
атасына нәлет! Шайтан шапалақтап тастаған келінді, молдаға түкіртіп кел!» деді. «Молдаға барайық?» десем,
бармайды. Сосын амал жоқ молдаға өзім барып, қағазға түкіртіп, түкірігін кептіріп әкелдім. Қағазбен бетін
сүртпей қойды ғой. Әне, әлі төбесі жабылмаған қораның төбесінде аяғының ұшымен билеп жүр...
Рецензия – әдеби жанрдың бірі. Рецензия жазу стильдері:
Ғылыми жұмысқа жазылатын рецензия
ғылыми стильде жазылады.
БАҚ-қа арналған рецензиялар
публицистикалық стильде жазылады.
Көркем шығармаға арналған рецензия
көркем әдеби стилінде жазылады.