«Аннотация – сын жанрының
ішіндегі ең шағын көлемдісі, шын мəніндегі əдеби сынның бастау алар бұлағы.
Алғаш көрінген түрі десе де болғандай. Аннотация объектісі – бір ғана шығарма, кітап. Мақсаты –
кітаптың не
туралы екендігімен таныстыру. Əдеби сынның басқа жанрлары сияқты алдына көп міндеттер қоймайды,
жоғарыда айтылған бір мақсатты шағын көлемде орындау аннотацияның
негізгі жанрлық ерекшелігін
айқындайтын өлшем болып табылады».
«
Рецензия – сын жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр», — деп бастайды сыншы. Əрі
қарайғы оның ойы былай жалғасады: «Рецензия –
латын сөзі, қазақша тексеру, бағалау,
пікір білдіру дегенді
білдіреді. Рецензия дегеніміз — əдеби шығарманы сыни тұрғыдан талдап қарастырып бағалайтын,
пікір
білдіретін əдеби сынның жанры».
Әдеби сынның көркем жанрларының бірі -
әдеби пародия. Пародияның нақтылығы
бір шығарма немесе бір
кемшілікке негізделеді.
Эпиграмма шұбалаңқылау. Мұнда аздап болса да сын бар. Сатирашы Р.Бердібаевтың өз еңбектерінде орыстан
енген кейбір сөздердің кейбір сөздердің қазақша мағынасында шығыс сөздерін көбірек қолдана беретінін құптай
бермейді. Олар қалың көпшілікке оның ішінде маған да ұғу қиын, сондықтан да осының бәрін тәржімалау ләзім
дейді Р,Бердібаевтың мұндай ұлағаттары сол эпиграмма жазылған 1985 ж. аздап түсініксіз болса болған шығар,
ал қазір бұл сөздердің көпшілігі қалың оқырманға ұғынықты болып келетінін де айта кеткен жөн.