10
ЭПИГРАММА
Эпиграмма (грек. epiqramma - қолтаңба) - белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл
тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры.
Эпиграмма – қысқа жазудың, белгілі ойды емеурінмен, тұспалмен түсіндіру құралы. Эпиграмма
фактісі мен объектісіне қарай нақты және шартты; сынап-мінеу, суреттеу дәрежесіне қарай сатиралық,
юморлық және жағымды. белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын
сатиралық поэзияның шағын жанры.
Эпиграмма жанры әр кезеңде де қазіргі оқиғаға, автордың көз алдында өтіп жатқан көріністерге
арналады.
Эпиграмманың тағы бір қасиеті - ол әрқашанда ақынмен замандас тірі адамға арналып
жазылатындығы. Ертедегі қазақ айтыскер ақындарының көптеген айтыстарда, әсіресе, қыз бен жігіт,
бәдік айтыстарында дөрекі әзілге бару, қарсыласын уытты сөздермен кекетіп-мұқату тәсілдері көп
кездесетін.
Қазақ әдебиетінде халық ақындары, әсіресе айтыс ақындары шығармасында жиі кездеседі. Абай
өлеңдерінде эпиграмманың элементтері мол. Қазақ әдебиетінде эпиграмма жанрына А.Тоқмағамбетов,
Ә.Тәжібаев, Ш.Смаханұлы, Ж.Әбдірашев, К.Әмірбеков, т.б. сатирик жазушылар қалам тартты.