Тақырыбы: Әдеби сын Мақсаты: «Бағалау және салыстыру. Әдеби сын» бөліміндегі оқу мақсаты бойынша жұмыс түрлерін ұйымдастыру жолдарын зерделеу



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата01.03.2024
өлшемі1.32 Mb.
#493738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
7-күн 3,4-сабақ Қазақ тілі Т1

Эпиграмманың өзегі — сөзді ойната білу, тапқырлық, қысқа да болса нұсқалық. Эпиграммада кейіпкердің 
мінезін, қасиетін дөп басып, дəл тану жазушыдан үлкен шеберлікті қажет етеді. «Бірде тауып, бірде қауып» айту да 
абырой əпермейді. Сондықтан үнемі шеберлік шеңберінен шықпай нысанға алынған кейіпкерді жете тану үшін де 
қырағылық пен сезімталдық қажет. Эпиграммалардағы мінездеулер де көркем əдебиет талабына сай эстетикалық-
этикалық қарым-қатынастарды естен шығармайды. Сондай-ақ əр кейіпкердің өзгеден бөлекше мінезі, іс-əрекеті 
туралы айтыла отырып, кейбірінің айрықша қастерлер, кейбірінің өзгеге ұнай қоймас əрекеттері де көркем 
тіркестермен көрініс табады. 
Жарасқан Əбдіраштың Қабдеш Жұмаділовке жазған эпиграммасының тілдік ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Қабдеш Жұмаділовке:
Бала кезден жанкешті,
біледі жұрт Қабдешті
Алғашқыда сыншылар:
«Ақындығы бар!» - десті.
Содан кейін: «Бір сынар
Батылдығы бар!» - десті.
«Қабілеті – керемет,
қарасөзге, не керек,
Жақындығы бар!» - десті.
Құлақ асып дабырға.
Жанрдан соң жанрға
Қабдеш солай сан көшті...
Ауыл қайда, ел қайда,
биік-биік бел қайда?
«Соңғы көшің» әйтеуір,
соңғы көшу болғай да.
«Неге олай?» - деп сұрама,
Тұр ғой күтіп драма...


12 
ПАРОДИЯ 
 
Пародия – көркем шығарманың, стильдің, жанрдың күлкілі бейнесі. 
Пародия мақсаты - сыналатын құбылыстың ерекшеліктеріне, оның мазмұнына, нысандарына нұсқау. 
Пародиялар көркем әдебиетке, театр қойылымдарына, кинофильмдерге, өлеңдерге, музыкаға және 
тұрмыстық жағдайларга жазылады. 
Пародияның публицистикалық та, көркемдік те сипаты бар, ол көркем әдебиеттегі кемшіліктерді 
сатира уытымен түйреп, сынайды. Бұл жанрда публицистикадан гөрі әдеби сипаттың, сыншылдық 
мақсаттың басым. 
Пародияның басқа сын жанрларынан артықшылығы онда өнер жарыстыру бар. Сыншы 
пародияда ғана сынап қоймайды, қалай жазудың үлгісін де көрсетеді. Пародияда сыналып отырған 
шығарма «қисық айнаға» түскендей, кемшілігі күлкі тудырып келемежделеді. Сынға ұшырап отырған 
әдеби туындының тілдік, стильдік, идеялық ерекшеліктерін мазмұны мен түрін, жалпы көркемдік 
болмысын оқырманға сол күйінде жеткізе біледі. Бұл – пародияның басқа сын жанрларынан
бейнелілік, әсерлілік жағынан артықшылығын көрсетеді. Пародияны оқыған оқырман белгілі бір 
әдеби кемшілік туралы сыни пікір білумен бірге эстетикалық тұрғыдан тұшынады.


13 
Пародия жанрының үлгісі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет