Үйірме бағдарламасын меңгергеннен кейін оқушылардан күтілетін нәтиже:
оқушының терең түсіну қабілеті дамиды, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білетін болады;
оқушылардың түйінді идеяларды анықтай білу, түрлі дерек көздерден алынған ақпараттарды таңдай және тиісінше өңдей алу,өз бетінше рефлексия жасау қабілеті қабілеті дамиды;
гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасайды;
мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құрады, бақылайды, эксперимент жүргізеді, зерттеу жұмсысының нәтижесін бағалайды және сипаттайды, пайымдайды, қорытынды шығарады;
ғылыми жоба жазуға дағдыланады.
Оқушының негізгі білім–біліктілігіне, икем–дағдысына қойылатын талаптар:
Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу, кітаптағы материалдарға сыни қарау дағдысы жетіледі;
ғылыми жобаның ғылыми аппараты. Тақырыптың өзектілігі. Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері. Зерттеу нысаны, пәні туралы біледі; ғылыми жобаның мазмұны, құрылымы жайлы түсінік қалыптасады;
кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс;
коммукативті дағдыларды қалыптастыру, соның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда,жарияланым мен электронды құралдарды қолдана алуы керек.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.
Оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді.
Бұл «Ғылымға қадам» үйірмесі бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:
БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;
дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;
сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану; заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;
басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;
аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |