Тақырыбы: ҒылымғА Қадам



бет5/27
Дата24.04.2024
өлшемі3.31 Mb.
#499683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Ғылым

Оқыту әдістері

    • Диагностика;

    • Оқытудың интерактивті әдістері;

    • Шағын топтармен практикалық жұмыстар;

    • Пікірталас;

    • Рефлексия;

    • Сараптамалық жұмыстар;

    • Кеңес беру;

    • Проблемалық дәріс;

    • Іскерлік ойындар т.б.

Оқушылардың дайындық деңгейін бағалау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу материалдарының сипаттамасы:
Оқушылардың білімдерін бақылау:

  • Сауланама, тестілеу;

  • Сынақ;

  • Жоба жұмысы т.б.

Оқушылардың білім дәрежелерін анықтау олардың күнделікті білім деңгейін қадағалау осы оқу бағдарламасының үлгісін жүзеге асыру барысында белгіленген уақытта оқушылардың өзін-өзі тексеруі қарастырылған, бірақ емтихан қарастырылмаған. Оқу жылының барысында оқушылар шағын топта өз қызығушылықтары бойынша ақпараттық, шығармашылық, ғылыми жоба даярлаужоспарланған.
Оқушының өз бетімен ізденуі, метатануын дамыту үшін кейбір тапсырмалар, сұрақ-жауап, бақылау жұмыстары мен тест жұмыстары т.б электрондық почта арқылы кері байланыс, агент, ұялы телефон, скайп арқылы қарастыру көзделген.
Оқушылардың жұмыстары субъективті тұрғыдан бағаланбауы үшін, жұмыстарға қойылатын талаптарды алдын-ала айқындап алу оқушылардың өз жұмысында озық үлгілерге сүйеніп, қалай жазу керектігін есте ұстап, жұмыстарды сол тұрғыдан орындауына жол береді. Бұл өз кезегінде оқушы жұмыстарының сапасын арттырады.
Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс:

  • Критерийлер үшеу-төртеуден кем болмауы керек;

  • критерийлер оқушыларға алдын-ала белгілі болуы қажет;

  • критерийлер оқушылармен бірге құрастырылса тиімді;

  • мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек;

  • бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер құру қажет;

  • критерийлер жазбаша түрде берілуі керек.

  • критерийлер жария түрде келтірілуі керек, тақтаға жазып не іліп қойған орынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет