2.6. Практикалық бөлім
Елбасымыз өз сөзінде былай деген: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Ендеше құзыреттілігі жоғары, заман талабына сай тұлға тәрбиелеу ұстаздар қауымына жүктеліп отыр. Бала мектепке дейінгі мекемеде алған білімін мектепте берілетін біліммен ұшталып жатуға тиіс. Оқушының логикалық ойлауын мектепке дейінгі мекемеден бастау керек екені баршаға аян. Ал бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына қойған міндет оқушының функционалдық сауаттылығымен қатар құзіреттілігін дамыту.
Мектепке келген баланың білім алуға деген қызығушылығымен қатар логикалық ойлау қабілетін де есепке алу мұғалімнің басты міндеті. Оқушының логикалық ойлау қабілетін айқындау және дамыту жұмыстары, біріншіден мектеп психологының көмегімен өтуі тиіс. Екіншіден оқушының жас ерекшелігін ескере отыра, логикалық тапсырмалар беру. Үшіншіден берілген логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын талдап беру ұсынылуы тиіс. Төртіншіден, оқушының математика сабағына деген қызығушылығын айқындау. Осы талаптарды орындап болғаннан кейін сыныптағы логикасы жоғары оқушылардан топ құрылады. Кейін мұғалім осы оқушылармен жасалатын жұмыс жоспарларын құрып, әкімшілікпен бекітіледі.
ІІІ. Қорытынды:
Математикалық білім берудің басты мақсаты оқушыларды жалпы ойлау, логикалық тұжырымдама жасау қабілеттерін арттыру, қойылған міндеттерді түсініп, мағынасын ажырата білуге үйрету болып табылады. Әр адамға саралауды, айғақ пен болжамдарды ажырата білу, өз ойын жеткізе білу маңызды. Оқыту барысында оқушыларымызды еңбекқорлыққа, мақсатқа жетудегі табандылыққа, қиындыққа мойымауды, жігерлі болуға тәрбиелеуді көздейміз.
Осы айтылған қасиеттердің бәріне түрлі логикалық есептер шығару арқылы жетуге болады. Сол себептен дәстүрлі емес логикалық есептерді бастауыш сынып мұғалімдердің математика сабағында қолдануы қажетті деп ойлаймын.
Логикалық есептерді шығару барысында бастауыш сынып оқушыларының ойлау әдіс-айлаларының, шығармашылық қабілеттерінің, интеллект, білім деңгейлерінің өсуіне маңызы зор.
Бастауыш сыныпта орта буынға барғанда әрі қарай дамытуға болатын логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруымыз керек. Логикалық тапсырмаларды барлық сабақтарда қолдануға болады. Дегенмен, математика сабағында қолдануға болатын логикалық тапсырмалар алуан түрлі. Логикалық тапсырмаларды орындау барысында анализ, түжырымдама жасауды, пайымдау арқылы есеп шығаруды ұйренген оқушыға математика бағдарламасын меңгеру қиындыққа соқпайды.
Логикалық ойлау білген бала ойы да, ісі де нақты, жүйелі болып келеді. Әр әрекетін логикалық ойлау арқылы жүзеге асыра білген оқушы барлық пәндерден табысқа жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |