Тақырыбы: логикалық тапсырмалар



бет2/7
Дата26.11.2023
өлшемі51.09 Kb.
#484480
1   2   3   4   5   6   7
zhoba-6

Зерттеудің жаңалығы:
Оқу тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, жаңа технологияларды тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың логикалық ойлау қабілеті артып, әлеументтік тұлғасы қалыптасады.


Зерттеудің әдістері: сауалнама салыстыру, жинақтау, талдау.


І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен іс-тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптстыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау - деп атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда оқытушылар алдында оқушыларға тек дайын білімді репродуктивті (білімді есте сақтау, жаттау, қайталап айтып беру) әдіс арқылы оқыта салмай, жүйелі түрде білімді өзі меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, өзгеше ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс - әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім , іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, сонымен қатар оқушылардың логикалық ойлау қабілеттіліктерін шыңдап, тығырықтан жол таба білетін құзіреттілігі жоғары тұлға тәрбиелеу екендігін баса айтты. Осыған орай әлемдік оқу үрдісінің шыңыша шығу өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Сондықтан заман талабына сай жан-жақты, құзіреттілігі жоғары, логикалық ойлау қабілеті шыңдалған бала тәрбиелеу үшін, жаңа технологияның әдіс-тәсілдердін мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.
Білім сапасын арттыру мақсатын көздеген оқытушылар заман талабына сай оқушыларды жан-жақты түлға ретінде дамыта отырып, оқыту үрдісінде педагогикалық жаңа технологияларды пайдалануда. Шығармашыл тұлғаны шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушы ғана қалыптастыра алады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін шығармашылық ойлауы мен шығармашылық тұрғыда жұмысын дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі-педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі іліміне сүйене оқыту болып табылады. Нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетілдіріп, логикалық ойын шыңдайды. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек. Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек. Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар. Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушы өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды. Төртінші деңгейлік тапсырма дарынды, қабілеті жоғары балаға арналады, тақырып беріп, ізденуге өзі мақсат қояды. Мұғалімнің көмегісіз барлығын өзі орындай біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет