Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер



бет13/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
НС инф аурулары

Патоморфологиясы. Жұлынның алдыңғы мүйізінде қабыну процесінің орналасуына байланысты ауруға полиомиелит кезінде жұлынның сұр затының зақымдануымен қатар бағана ядролары, ми қыртысы, қыртыс асты ядролары, мишық, мидың жұмсақ қабығы да зардап шегеді. Экссудативті – пролиферативті қабыну процесі дамиды. Нейрондардың өзгерісі қайтымды, зақымдалу екі жақты ассиметриялы және құбылмалы түрде дамиды. Параличтің дамуын мотонейрондардың 1/3 бөлігінің зақымдалуымен байланыстырады. Патологиялық процесте бірінші орынды бел жуандығының алдыңғы мүйіздері, содан кейін мойын жуандығы алады, өте сирек кеуде бөлігінің алдыңғы мүйіздері, вароли көпрінің қимылдатқыш ядролары және сопақша ми зақымдалады. Ауру өліммен аяқталған жағдайда гистологиялық зерттеу кезінде мотонейрондардың зақымдалуымен қатар ішкі ағзалар: жүрек (миокардит, эндокардит), өкпе (пневмония) зардап шегеді.
Полиомиелиттің жіктелуі

I. Нерв жүйесі зақымданбаған түрлері 1.Инаппаранты (вирусиеленушілік) 2.Абортивті түрлері (кіші ауру)

Алиментарлы фаза вирустың вирусемиясыз және нерв жүйесіне кірмей дамуы Алиметарлық және гематогендік фазалары

II.нерв жүйесі зақымданған түрлері. 1.Параличсіз немесе менингеальды түрі 2.Параличтік түрі -Спинальды -бульбарлы -көпірлік -бульбоспинальды -кең тараған түрі

Біртіндеп барлық фазаларының дамып, вирустың нерв жүйесіне кіруі, бірақ мотонейрондар субклиникалық деңгейде зақымдалған. Біртіндеп барлық фазалардың дамып, мотонейрондардың әр деңгейде зақымдалуы.

Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең 3 күннен 3-4 аптаға дейін созылады. Клиникалық көрінісінде продромалды, параличтік және қалпына келу кезеңдерін бөледі. Айығу сатысында полиомиелиттің абортивті, менингеальды және параличті түрлерін ажыратады.
Абортивті түрі: гипертермияның жедел басталуы, тамақта катаральды белгілердің болуы, ринит, жөтелу байқалады. Ішінің ауруы, құсу, ішінің өтуі болады. Абортивті түрінің ағымы жағымды жазылуы тез (5-7 күн).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет