Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер



бет14/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
НС инф аурулары

Менингеальды түрі: жедел дамиды. Кернигтің, Брудзинскийдің менингеальды симптомдары, желке бұлшықеттерінің сіресуі, құсу, басының ауруы, жалпы гиперестезия пайда болады. Менингорадикулярлы түрінде Ласегтің, Вассерманның, Мацкевичтің, Неридің симптомдары қосылады. Белдік пункция кезінде жұлын – ми сұйықтығының қысымының жоғарлағаны анықталады. Ликвор мөлдір, түссіз. Цитоз біркелкі жоғарлайды (1 мкл-де 100-300 клетка), белоктың мөлшері 0,6 6-0, 99-1,65г/л. Сонымен қатар қанттың жоғарлауы анықталады(0,85-0,9г/л). Біртіндеп нейтрофильдер саны азайып, содан кейін лимфоциттер азаяды. Менингеальды түрінің ағымы қатерсіз, жазылуы мен ликвордың толық қалпына келуі 2-4 аптаның аяғында болады.
Параличтік түрі: полиомиелиттің ауыр түрі. Параличтің дамуына абортивті және менингеальды кезеңдер әсерін тигізеді. Дене қызуы қалпына келген соң параличтер дамиды. Зақымдалу ошағының орналасуына байланысты (жұлынның алдыңғы мүйіздерінде, ми сабығының қимылдатқыш ядроларында, ми қыртысында, мишықта) спинальды, бульбарлы, көпірлік және энцефалиттік түрлерге бөледі. Спинальды түрі жиі кездеседі. Ол атрофиялық былжыр параличтермен сипатталады. Аяқ-қолдардың, тыныс алу бұлшық еттерінің шеткері параличі байқалады. Параличтер асимметриялы болады. Жұлынның кеуде жіне жоғарғы мойын сегменттерінің зақымдалуы қатерлі, себебі тыныс алу қызметі бұзылады. Параличтер 2-4 күндерң басталып, 10-14 күндерінде атрофияның алғашқы белгілерін анықтауға болады. Тексергенде бұлшық еттер гипотониясы, сіңір рефлекстерінің төмендеуі анықталады, сезімталдық бұзылмайды. Электромиографиялық зерттеуде алдыңғы мүйіздерінің зақымдалғаны анықталады. Рентген суреттемеде жайылмалы остеопароз болады.
Жұлын-ми сұйықтығының өзгерісі менингеальды түріндегідей, қан пен белок жоғарылайды, клетка-белокты диссоцияция белокты – клеткалы диссоцияцияға ауысады. Тұрақтану кезеңінің ұзақтығы ір қилы, яғни жедел сатыдағы зақымдалу ошағының ауырлығы мен көлеміне байланысты болады.
Көпірлік түрі: кенеттен дамиды, көбінесе бір жақты мимикалық бұлшықеттердің шеткері салдануы болады. Дене қызуы болмайды, жұлын – ми сұйықтығының өзгерісі елеусіз. Осы кездерде полиомиелитті анықтау қиынға түседі. Дигноз қою үшін серологиялық және вирусологиялық зерттеулердің қорытындысыа сүйенеді. Қызметін қалпына келтіру бет жүйкесінің ядроларының зақымдалуының тереідігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет