Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, дамыған интеллект, интеллектілік біліктілікті меңгеру негіз болып табылатынын ұғыну қажет. Шығармашылық сабақты әзірлеу Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық, тап-сырмалар басым болса, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мүмкін. Педагогтың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты болады. Білім беру жемісін құруда, оқушыларды қисыңды әрекетке бастайтын, шығармашылық сабақтың жетістігі "стартты" тапсырмамен анықталады. Оқушылардың өздері орындауының шығармашылық деңгейі, тек айтылған тапсырманың мазмұнына тәуелді екенін тәжірибе көрсетеді. Егер тапсырма нашар берілсе немесе оның өзінің тәжірибесінің немесе негізгі ғылымның нақты проблематикасынан түсініксіз алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз. Әзірлеп жатқан тапсырмаларға қойылатын талаптар: - тапсырмалар оқу бағдарламасында көрсетілгендей нақты базалық сұрақтарға оқудың тақырыбына немесе объектісіне қатысты болуға тиіс; - тапсырмалардың алдымен белгілі шешімі болмауы керек; - тапсырманың тұжырымдамасы оқушылар үшін де, мұғалім үшін де сондай қызықты немесе тосын болуы керек. Ашық тапсырмаларды әзірлеуде мұғалімге оқушылар алуға тиіс нәтиже туралы өзінің түсінігінен алшақ болу қиын болады. Оқушылардың өзіндік жауаптарын сезіну — ашық тапсырма сапасының маңызды субъективті белгісі. Мысалы, "Ғарыш дегеніміз не екенін қысқаша жаз" тапсырмасын жеті жасар бала қысқаша былай орындады: "Ғарыш — бұл шексіздік". Оны орындау кезіңде баланың ойланған шығармашылық деңгейі тәрізді тапсырманың қиындығы маңызды емес. Шығармашылық сабақтар базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынады. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтежесін құру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |