Тақырыбы: ««Реабилитация» туралы түсінік. Оның мақсаты, қағидасы, әдістері.»


Кинезотерапияның теориялық негізі



бет10/34
Дата12.04.2023
өлшемі198.68 Kb.
#472135
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
реабилитация

Кинезотерапияның теориялық негізі.
«Кинезотерапия» термині гректің «кинезис» қозғалыс, «терапия» - емдеу дегенінен шыққан.
Кинезотерапия емдік реабилитацияның айнымас бөлігі, оның ішінде нозологиялық ауру салдарынан пайда болған сырқатты жеңу. Мысалы: қозғалыс мүшесі ауруы көбінесе созылмалы түрде кездеседі, оны қалпына келтіруге ұзақ уақыт қажет.
Сол үшін де травматология мен ортопедия кинезотерапиямен тығыз байланысты. әр түрлі ауруларда кинезотерапия әр түрлі белгіленеді. Сонымен бірге біркелкі ауруды жою үшін кинезотерапия уақыт өтуіне қарап әр ауруға басқалай қолданылады. (Біреудің жарақаты ескі, енді біреудікі таяуда болған). Мысалы арқа миының қабынуына әкеліп соқтыратын омыртқа жарақаты (параплегия) аурудың алғашқы сатысын да өте ауыр болады. Сол үшін де алғашында оған күтім, кәдімгі ем, тағы да басқа қалпына келтіру шаралары қолданылады. Тек, «шоктық» жағдайдан ауру шыққан соң ғана кинезотерапия өз ісіне кірісіп, емдеуді аяқтайды, әрі басты роль атқарады. Кинезотерапия мәні аурудың уақытына байланысты. Оның мақсаты ауру үйде орындай алатын жаттығуларды жасауға үйрету.
Кинезотерапия процесі нейрофизиологиямен тығыз байланысты. Осы салада үлкен роль атқаратын, әрі негізін қалаған совет физиологы П.А. Анохиннің дәлелі бойынша емдеу тәсілін төрт бөлікке бөліп салалау керек:

  1. Барлық тірі организмде алған жарақат салдарынан өз функциясын орындамайтын физиологиялық механизмдерден тұрады.

  2. Функционалды қосымша бөліктер белгілі орган істен шыққан қосылатын физиологиялық механизм.

  3. Қосымша күштер қай орган істен шыққанына қарамастан өз еркімен көмекке келіп, кинезотерапия көмегімен басқарылады.

  4. Зардап шеккен функция тұрақты қалпын сақтамайды, ол үнемі жаттығуды қажет етеді, әрі кинеститикалық анализатор көмегін керек етеді.

Әдебиеттер:

  1. Мейірбике ісі: іскерлік тәртіп. Оқу құралы Г.К.Котельников ред басылған. н\Д Ростов: Феникс, 2007-698 б.

  2. Физикалық реабилитация: ВУЗ студенттеріне кітап жалпы редакция Проф. С.Н. Попова. Ростов на Дону Феникс, 2006-608 б.

  3. Козлова Л.В. Козлов С.А., Семененко Л.А. Медицина колледждеріне арналған реабилитация негізі: оқу құралы – Ростов н\Д. Феникс,2007-475 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет