Бақылау сұрақтары:
1. Реабилитацияның негізгі әдістері қандай болмақ.
2. ЛФК мәні.
3. Кинезотерапия мәні.
4. Мүгедектер спорты.
5. Еңбек терапиясының мақсаты.
6. Механотерапия мәні.
№5 дәріс
Тақырыбы: «Массаж кабинетіндегі емдеу үрдісті ұйымдастыру».
Мақсаты: Массаж кабинетіндегі емдік процестің негіздерімен танысу.
Массаж кабинетіндегі емдеу процесті ұйымдастыру.
Бөлме. Массаж жасау үшін 8м2 тұратын жұмыс орны бар арнаулы бөлме жасақталады. Егер массажист жеке бөлме алса, оның көлемі 1.2м2 аспауы шарт. Аралас массаж кабинеті ортақ каридормен біріктіріледі. Жұмыс кезінде әрбір уқалаушы-массажист жеке бөлінуі, жеке бейтарап орында жұмыс істеуі керек. Сол үшін жеңіл матадан тігіліп, темір шығырық салынып, ол төбеге бекітіледі. Кабина көлемі 2.2м2, ұзындығы 3.4м кем болмауы керек. Бұл керек төсекті ыңғайлы орналастырып, уқалаушының жан-жақтан төсекті айналып жұмыс істеуіне ыңғайлы, әрі керек инвентарь орналастырылады. Массаж кабинеті таза, құрғақ, жарық, ауа шығатын түтіктері бар болуы тиіс. Едені-ағаш, боялған немесе линолеум төселуі керек. 2м2 биіктігі бар төбе ашық бояумен боялады. Бөлме температурасы - 20-22˚С, ылғалдылығы 60%. Қол жуу үшін раковина орнатылып, салқын және ыстық су құбыры тартылады. Раковина тұсына 60*40см айна, сабын салғыш, тазалағыш (раствор дезинфицир) сұйықтық, щетка орналасады.
Құрал - жабдықтар:
Ем тиімді бояу үшін массаж столдары қойылады. Стол темір конструкциялы, мықты, жұмсақ поролон төселген, дермантинмен қапталған, үш сатыда жоғары-төмен түсірілетін, жылу беретін механизмді болуы керек. Поролон қалыңдығы 100мм. Стол көлемі: ұзындығы 1,85 - 2м, жалпақтығы 0,5 - 06м, биіктігі 0,5 - 0,7м. Пациентке ыңғайлы болу үшін, әрі аяқтың ортафизиологиялық жағдайда болуы ескеріліп, дермантинмен қапталған көлемі 0,6м, ені 0,25м домалақ жастықшалар қойылады.
Кішкене стол пациент басының ыңғайлы жағдайда болуы үшін қойылады. Стол дермантинмен қапталады көлемі 0,8*0,6*0,35м, бас қысатын құралы болады. Жылжымалы кронштейн пациент бойына қарап жылжытылады.
Басты қоюға арналған қондырғысы бар кресло. Сонымен бірге көтеріліп түсетін винтелген қондырғысымен пациент бойына сәйкестеніп орын алады.
Винтті орындық, табуретка, аяқты сәкі.
Шкафта таза орамал, халат, таза сейсеп (простыня) сабын, массаж құрал-саймандары тұрады.
Аптечкада мақта, стерильді бинт, йод спирт ерітіндісі, лейкопластырь, вазелин, залалсыздандыратын мазь, нашатр спирті, камфорлы валерианды тамшы, сепкіштер сияқты алғашқы дәрігерлік көмекке қажет заттар тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |