Массаждың гигиеналық негізі.
Пациентке қойылатын талап:
Массаж алдында пациент жылы сумен душ алуы керек. Ондай мүмкін болмаған жағдайда аяғын жуып, денесін сулы орамалмен сүртеді. Массаж жасалатын дене бөлігі одеколон немесе спиртпен сүртіледі. Сеанс кезінде іш киім рұқсат етіледі, дегенмен енм дұрыс болуы үшін киім кимей жалаңаш денемен жатқан жөн. Егер адам денесі түкті болса, оны ауыртпау үшін жұқа мата жабуға болады.
Денеде жарақат, сызат, тырнақ ізі болса оны йодпен, зеленкамен, БФ-6 клейімен тазалап, бұл араны уқаламаған жөн. Кейбір тері аурулары (экзема, қышыма) болса, массаж алуға болмайды. Массаж кезінде пациент денесін бос ұстап, ыңғайлы орналасуы керек, бұл сақталмаған жағдайда уқалау өз жерін бермейді. Массаж алудың өзекті мәселесі-уқаланатын дене бөлігінің орнықты болуы. Бұндай ереже сақталмаған жағдайда дене бұлшықеттері босаңсымай, пациент аяқ-қолын қатты тырыстырып ұстайды. Көптеген зерттеулер көрсеткендей дененің бүгілуі орта физиологиялық жағдайда болуы шарт. Егер массаж алушы шалқасынан жатса, оның ортафизиологиялық қалыпта денені сақтауы үшін аяқтарын көлденеңінен 35° лайықталынып, тізесін 45° бұрышпен бүгуі керек. Иықты 45° бұрып, шынтақты 110°, білекті 100° бұрып, дененің жоғарғы бөлігін ортафизиологиялық жағдайда ұстайды. Егер массаж алушы ішімен жатса, аяқтарының бұлшықетін босату үшін валик төселеді. Массаж столының биіктігіне қарай тізе бүгілуі 25° тен 40° аралығында болады. Тізе бүгілуінің қаншалықты болуы массаж жасаушының бойына да байланысты.
Массаж жасаушыға қойылатын талап:
Уқалаушыға ыңғайлы болуы керек. Пациент үшін ол ыңғайлы тұруы керек, столдың дұрыс биіктікте болуын қадағалауы жөн, екі қолын бірдей істетуі керек, орта ауырлықты бір аяқтан екіншіге уақытында ауыстыруы керек, демінің таза болуына назар аударуы шарт. әр сеанстан соң 5-7 минут дем алуы керек. 3-4 сеанстан соң 20мин үзіліс жасап, аяқтарын жоғары көтеріп отыруы керек. Жұмыс кестесін дұрыс пайдалануы дұрыс: өте ауырп сеанстарды (май басқан семіз денені) ерте жасап, жұмыс аяғына қарай жеңілдету керек. Уқалаушы өз гигиенасына ұқыптылықпен қарауы керек, асептик пен антисептик қағидасын ұстануы жөн, қолының терісінің бірқалыпты болғанын қадағалап, оған көптеген аурулардың жұғу мүмкіндігін естен шығармаған жөн.
Олардың ішінде аяқ тамырының қабынуы (варикоз), тендовагиниттер, радикулит, периартрит, остеохондроз, маймақтық (плоскостопия). Уқалаушыларға суық жиі тиеді, мұндай жағдайда ол уақытша қызметін тоқтатуы керек.
Уқалаушы үнемі аурулармен істес болады. Көбіне олар ашуланшақ талап қойғыш келеді. бұл турасында студент медиктер, дәрігер, уқалаушылар ұмытпауы керек. Егер уқалаушы өз деңгейін көтергісі келсе, ол пациентпен тіл табыса алуы керек. Өз ісінің білгір маманы болғанда ғана оны жұрт силайды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Ол өзінің мәдениеттілігін, білімін, көпшілдігін көрсете білуі керек. Коллегасы турасында бір екі ауыз жаман сөз, әсіресе, ауруды бұрын емдеген массаж жасаушы жөнінде, оның қадірі түседі. Уқалаушы ісінің жемісті болуы үшін, өз әрекетін қадағалауы керек. Кейбір кедергілер орын алған жағдайда ол міндетті түрде коллегаларымен, массаж тағайындаған емдеуші дәрігермен ақылдасушы керек. Егер ауру жағдайы күрт төмен десе, ол дәрігер бұл турасында айтуы керек. Сеанс кезінде пациентті бөтен дыбыстар алаңдатпауы керек, музыка қосуға болады, егер ауру қарсы болмаса. Бөтен адамдар кіруге болмайды, пациентпен сөйлесу болады, бірақ ол тек уқалаушының ғана сөзі болмауы керек, ауруға еріксіз тыңдату керек емес, сөйлесу уқалауы «демін бөлсе», онда массажды үнсіз жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |