Тақырыбы: ««Реабилитация» туралы түсінік. Оның мақсаты, қағидасы, әдістері.»



бет9/34
Дата12.04.2023
өлшемі198.68 Kb.
#472135
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
реабилитация

Механотерапияарнаулы аппараттарда дене дамуын, шынығуын, буындар қозғалуын бақылайды. Механотерапия ЛФК көмегінсіз жүзеге аспайды. Механотерапия аппаратында жаттығу негізгі қозғалыс тірегін қалпына келтіру, алған жарақат зардабын жою.
Еңбек терапиясы – еңбекпен емдеу. Жеке ағзаның жарақат зардабын жоюға арналған реабилитацияның негізгі бөлігі. Еңбекпен емдеу медициналық емдеумен қатар жүреді. Басты ем алатын жер қимыл қозғалыс мүшесі (бел, аяқ, қол).
Еңбек терапиясын жалпы дене бітімін жоғарылатуға да қолданады, емдеу әдісін алған жарақатына қарай белгілейді. Еңбек терапиясын ЛФК (дене шынықтыру емі) толықтырады.
Суда дене шынықтыру. Су – жүзу, шомылу кезінде арнаулы емдік гимнастикасын дамытады. Ол ауаға қарағанда тығыз, сол үшін қозғалыстың биомеханикасына әсері зор. Суда қозғалыс, шапшаңдық төмендейді, денені бір қалыпты ұстауға мүмкіндік береді. Қауыздағы (бассейн) жаттығу бұлшықеттің қатаюына жағдай жасайды. «Дене салмағын жою» суда болады, адам денесі 9\10 арасалмағымен судан шығып қалады, яғни су өте тығыз, сол үшін кейбір заттар суға батпайды. Бұл аяқ қол, бет, неврологиялық аурулар үшін өте пайдалы. Су тереңдігі жерде жүру әсерінен өзгеше болған соң науқас ағзасына әлдеқайда пайдалы. Судың сыртқа тебу заңдылығы қимыл қозғалысы төмендеген аурулар үшін пайдасы зор. Емдеу бассейнінде тері жарқырайды, өзгереді, су өткізгіш қасиеті артады, бұлшықет қатаяды, кислород алу өкпе желдеуінен (вентиляция) кейін көбейеді, газ араласу өседі; Гидрокинезотерапия пайдасы осындай зор.
Мүгедектер спорты.
Кинезотерапия көмегімен ауруханада белгілі дәрежеге көтерілген ауру дене мүшесін шынықтыруды тоқтатпағаны жөн. Күнделікті өмір көрсетіп отырғандай, ауруханадан үйіне кеткен мүгедектер іш пыстыратын жаттығуды жасаудан бас тартады. Сол үшін стационарда болған мүгедекпен үздіксіз жаттығу жасаған жөн. Осы саладағы белгілі теоретик Лорензен көрсеткендей осы жаттығу кезінде емдеу әсері айқын байқалады. Осы турасында Лорензен мен Тиссонның көзқарасы сәйкес келеді, Тиссоның пайымдауынша емдік қозғалыс кез-келген дәріні алмастыра алады, керісінше, бірде-бір дәрі қозғалыстың пайдасын жоққа шығара алмайды. Анатомдық-физиологиялық әсер дәл қозғалыс қызметін атқаратын ағзада өте қажет, оған қызмет көрсетеді. Бұл үшін жалпы денені шымыр ету керек. Психологиялық - тәрбиелік сабақтар мүгедектердің қозғалыс кезінде сезінетін ауру қиыншылығын жеңуге үйретуге тиіс. Спорттық қимыл-қозғалыс мүгедектерді қиындыққа емес, жайдары ойларға жетелеуі керек. Жаттығудан ләззат алмаған мүгедек бұл қозғалыстан жеріп кетуі мүмкін, бұдан кейін ол жаттығуын доғарады. Спортты жаттығу мүгедекке эстетикалық тәрбиелі ұғым сыйлауы керек. Осы салада мүгедектің өзге жұрттан бөлінбей, дене кемдігін байқатай жаттығу жасауына көңіл бөлген жөн. Оны аз десеңіз мүгедек тек жаттығу жасап қана қоймай, қоғамның толық қанды азаматы екендігін сезінуі керек. Лорензен түсінігі бойынша мүгедектер спортын экономиканың бөлінбес бөлшегіне айналдыру қажет. Оның бірі мүгедектер жарысын өткізуге бөлінетін қаражат мөлшері. Шығын көлемі жаттықтырушы жалақысын, спорт кешендерін қамтамасыз ететіндей болғаны жөн. Үгіт насихат жұмыстарын әр елдер ғана емес континентарлық деңгейде өтуі қажет. дені сау спортшылар жарыстары сияқты мүгедектер жарыстарына да қаржы бөліну соңғы жылдарда артып келе жатыр, мұның өзі қоғамның мүгедектердің әлеуметтік мәселесіне көңіл бөлгенін көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет