1. Массаж анамнезі:
|
а) диагноз
б) әсер ету аймағы
в) уқалаудың басқа шынығу жаттығуымен байланысы.
г) емдеу курсының ұзақтығы
|
2. Науқастың массажға дейінгі нерв жүйесінің физиологиялық жағдайы:
|
а) тыныш
б) тынымсыз
в) терлегіш
|
3. Науқастың массаждан кейін физиологиялық жағдайы, сезімдері:
|
а) ауырсыну
б) шаршау
в) қарын ашу
г) суық
|
Науқасты қарау:
|
а) түсі,
б) сепкіл саны,
в) тері қалыңдығы,
г) тері жағдайы:
құрғақ
майлы
жарақаттануы
ісік
тыртық
ауру аймағы
|
|
а) бляшки (түйіршіктер),
б) байланулар,
в) жарық сызықтар,
г) тамыр суреттері,
д) тығыздану,
е) аурушаңдығы,
ж) ауруға төзімділігі.
|
Гелоз түрлері (тығыздық түрлері), көлемі:
|
а) дөңгелек
б) бөлшекті
в) сопақша
|
Лимфа бездері (патология кезінде)
|
а) аурушаңдық ,
б) тығыздалуы,
в) өсуі,
г) теріге жабысуы.
Қалыпты жағдайда қолға байқалмайды:
|
|
а) кереге тығыздығы,
б) шиыршықтануы,
в) иректелуі,
г) бүдірлер.
|
|
а) аурушаңдығы,
б) үлпаның гиперемиясы.
|
Бұлшықет (қалыпты жағдайда):
|
а) тартылып қалу,
б) созылуы,
в) тыныштануы,
г) гипертонус,
д) гипотонус,
е) консистенция.
|
|
а) аурушаңдық,
б) қозғалыстығы,
в) деформация (қисаюы).
|
Массажға қолданылатын заттар (кремдер, гель, мазьдар).
Аурудың алдын алу мен емдеу кезінде әр түрлі арнаулы мазь қолданылады. Олардың құрамындағы компоненттер бұлшықет пен үлбіршектерге жағымды әсер береді. Суыққа қарсы мазь құрамында иісті майлар, гепарин, жылқы қаштаны, эфир майы, шалуронидаза бар. Гиперемиялық мазьдарда никотин қышқылы, метилсалицилат, камфор, капсицин, жылан және ара уы бар. Олар тамыр кеңейуіне, бұлшықеттердің қан айналымына әсері зор. Мазьдар ауруды жоюға, тез жазылуға, жарақатталған үлбіршектердің бітуіне, уқаланатын бұлшықеттің қалпына келуіне көмектеседі. Спортшыларға финалгон, дольпик, никофлекс, венорутон қолданылады. Қозғалыс мүшелерін емдеуге суық тиуге қарсы мазьдар мен гипермериялық мазьдар өзара байланыста жағылады. Мазьді жағу кезінде алған жарақатпен қозғалыс мүшелерінің ауру сатын ескеру керек. Ауру жарақат кезінде алғашқы үш күнде тек гель жағады, кейін суыққа қарсы мазь гиперемиялық мазьбен бірге жағылады. Алдымен ысытатын мазьбен уқаланып, кейін суыққа қарсы мазь жағылып таңылады.
Б ауыр жарақаты кезінде тек гелдь қолдану керек. Ол теріні тітіркендірмейді, ауруды басады. Гиперемиямен жарақат зардабын болдырмау үшін гельді ысқылап жақпайды, үстіне орналастырады. Осыдан соң жұқа полиэтипен қойылып таңады. Келесі гель жағу кезінде алдыңғы гель қалдығын мақтамен тазалап, жарақатты спиртпен сүртіп, 15-30 минуттан кейін гель мен таңады.
Ауру зардабы төмендеген соң, 4-7 күннен кейін массаж кезінде ысытатын мазь жағылады. Жарақат кезінде, аяқ-қол ауруында мазь аз мөлшерде қолданады, себебі сіңу процесі баяу жүреді. Ысытатын мазь жағылып уқаланған соң мазь сіңуі тездейді. Мазьді гель үстіне жағуға болмайды, онда мазь сіңбейді. Мазь тез сіңу үшін жылу компресі пайдаланылады: мазь қабаты үстін таңады, оны жылы сумен немесе спиртпен сылайды, полиэтиленмен жауып таңады. Тізе мен шынтақ жарақаты кезінде компресс салуда абай болу керек. Ол бүгілетін жердің жұмсақ терісін күйдіріп жіберуі мүмкін. Және финалтон сияқты ысытатын мазь жағуда абай болған жөн, күйік пайда болуы мүмкін. Спортшылар көбіне ысытатын мазьдан аллергиялық қабынулар алуы мүмкін: тері қызарып іседі. Қабылдау алдында тест жүргізіледі: аз шамада мазьді теріге жағып бақылайды. Егер бірнеше сағат ішінде еш өзгеріс болмаса, онда пайдалануға болады. Көбіне мұндай аллергиялық қабынулар бір мазьді ұзақ пайдалаған кезде шығады. Жарақат алған алғашқы үш күнде хирудоид, траксевазин – гель, опиногель жағылады. Кейінгі төрт күнде ысытатын капсо-дерма, дольпик, никофлекс суыққа қарсы мобилат, бруфен, хирудоид мазьдарымен бірге жағылады. Клиника анықтағандай ысытатын мазьдар слонц, рейневрол, никофлекс жағуда тері гиперемиясы пайда болады. Жаралы аймақ тез жазылу үшін кислород алу маңызды. Ауруды тыныштандыруға, басуға мазь құрамындағы белсенді жиынтықтар әсер етеді. Бұларды дұрыс қолд анса, емделу уақыты қысқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |