Тақырыбы: ««Реабилитация» туралы түсінік. Оның мақсаты, қағидасы, әдістері.»


Никовен гепариноид, бензилникотин, басқа да белсенді заттардан тұрады. Көгерген жерге, варикозды қабынуға қарсы, созылмада жағады. Никофлекс



бет16/34
Дата12.04.2023
өлшемі198.68 Kb.
#472135
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
реабилитация

Никовен гепариноид, бензилникотин, басқа да белсенді заттардан тұрады. Көгерген жерге, варикозды қабынуға қарсы, созылмада жағады.
Никофлекс лаванда майынан, капсапдн, этилникотинадтан жасалады. Сіңір тартылуда, әр түрлі жарақатта, бұлшықет ауруында тиімді. Аз мөлшерде жағып, уқалайды, терінің ашық жарақатында жағуға болмайды.
Перклузон – анальгезирлі мазь. Флебит, тромбофлебит, люмбаго, созылуда т.б. қолданады. Ауырған жерге жағып, таңады. Басқа ауруларда массаж үшін қолданады.
Пикарил-линимент метилсалицилат, хлороформ бензилникотиннен тұрады. Тіректі-қозғалу аппаратына, радикулитте, миозитте т.б. тиімді. Массаж алдында аз мөлшерде жағылады. Ол тырналған теріде қолданылмайды.
Реймон-гель белсенді компоненттерден тұрады. Периарт, ишиас, ревматикалық буын ауруында қолданылады. Гель ауырған жерге жағылып таңылады.
Реозеврол камфора мен метилсалицилат, белсенді заттан тұрады. Ишиаста, неврит пен радикулитте пайдалы. Теріге жағылып массаж жасалады.
Репарил-гель гепариннен, жылқы каштанынан тұрады да ауруды бәсеңдетеді. Гель құрамындағы белсенді бөлшектер тез арада теріге сіңіп салқындату әсерін береді, денеде жиналған су мен ісікті таратады, жылытады, антисептик көмек береді. Гельді лимфостаза, ісік, әр түрлі қабыну кезінде қолданады. Ауыр жарақат кезінде бірнеше рет жағу керек.
Спортты крем Рихтофит-спорт (Венгрия) дәрі шөптер экстратынан (жиынтығынан), майлар мен әр түрлі белсенді құрамнан тұрады. Массаж кезінде крем пайдалану бұлшықет релаксациясын дамытып, қабынуды әлсіретеді. Созылуда, миозит пен миалгияда қолданады. Ауырған жерге жағылып сүртіледі.
Троксевазин-гель белсенді заттардан жасалып, антисептик ауру бәсеңдеткіш ретінде қолданылады. Ауырған жерге жағылып, таңылады.
Финалгон 2,5% дейін бутоксилэтилді никотин қышқылы эфирінен және 0,4% нонил ванилиламид қышқылынан тұрады. Артритте, люмбаго, неврит, буындардың ревматикалық ауруында, қанайналымы бұзылғанда, радикулитте қолданылады. Ауырған жерге жағылып жақсылап сүргілінеді. Мазьді аз мөлшерде бастап пайдалану керек. Нәзік теріге жағуға болмайды. Ашық жараға, суланған жерге жақпайды. Сеанс соңынган қолды жылы сумен сабындап жуады.
Элакур ревматизмге қарсы мазь. Құрамына капсацин, пропилникотинат, метилсалицилат белсенді заттар кіреді де, ол заттар тері гиперемиясын тудырады. Миозитте, люмбаго, артрит пен миогелозда тиімді. Аздап жағылып, массаж жасалады.
Эфкамон метилсалицилат, эвкалипт және гвоздика майынан, камфора мен ментол және басқа да құрамадан тұрады. Ауруды бәсеңдетеді, люмбаго, миозит, радикулитте қолданылады. Ауырған жерге аздап жағып массаж жасайды.
Әдебиеттер:

  1. Мейірбике ісі: іскерлік тәртіп. Оқу құралы Г.К.Котельников ред басылған. н\Д Ростов: Феникс, 2007-698 б.

  2. Физикалық реабилитация: ВУЗ студенттеріне кітап жалпы редакция Проф. С.Н. Попова. Ростов на Дону Феникс, 2006-608 б.

  3. Козлова Л.В. Козлов С.А., Семененко Л.А. Медицина колледждеріне арналған реабилитация негізі: оқу құралы – Ростов н\Д. Феникс,2007-475 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет