ХI слайд
г) «Егер мен ақын болсам...» (Бұл бөлімде сыныптағы өлең шығаратын оқушылардың өлеңдері тыңдалды. Сонымен қатар басқа ақындардың табиғатқа арнаған өлеңдерін оқушылар тебірене оқыды)
Өзін-өзі тану» пәні бойынша дайындалған «Табиғат менің -Жер анам» атты видео фильмді көріп, ол туралы оқушылардың пікірлері тыңдалды.
Сабақты қортындылау кезеңі: «Тыныштық сәті» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!т.б.
Хормен :
Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат-Анаға тағзым етеді. Ән «Табиғатым»
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы
Сабақтың мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға,
қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау
қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: топтық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар ,үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру (топқа бөлу,сабақтың мақсатымен таныстыру)
«Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел көгерер»(мақалды жалғастыру)
«Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі»(табиғат туралы өлеңдер оқу)
«Табиғат- тіршілік иесі»(жұмбақтар шешу)
«Құстар-біздің досымыз»(сөзжұмбақ шешу)
«Таза болса табиғат,аман болар адамзат» ( постер қорғау)
Қорытындылау
1.Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел көгерер (мақалды жалғастыру)
Ер-елдің көркі,орман тоғай.../жердің көркі/.
Бір тал кессең,.../он тал ек/.
Дәрі.../ шөптен шығады/,дана көптен шығады.
Қорада малың болсын,көшеде.../талың болсын/
Атаңнан мал қалғанша,.../тал қалсын/.
Бұлақ көрсең.../көзін аш/.
Сулы жер құрақсыз болмас,таулы жер.../бұлақсыз болмас/.
Жылап жүріп арық қазсаң,.../күліп жүріп су ішерсің/.
Достарыңызбен бөлісу: |