Тақырыбы: «Табиғатты аялайық!»



бет13/18
Дата25.01.2024
өлшемі57.64 Kb.
#489839
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Тәрбие сағаты. Тақырыбы «Табиғатты аялайық!»

Табиғат: Ей, адамзат, сендер өздеріңді күшті сезінесіңдер. «Мені бағындырамын» деп ойлайсыңдар. Мен сандерге бағынбаймын. Менің өз заңдылығым бар. Естеріңе алыңдаршы, сендерді адам еткен мен едім ғой! Енді өз табиғат анаңды өздерің тұншықтырып жатсыңдар. Көліктің улы түтінімен былғадың, жануарларды қырдыңдар, өздеріңнен қалған қоқысты жинамадыңдар, жөн-жоқсыз табиғаттың байлығын шаштыңдар. Өз бастарыңа өздерің неше түрлі ауру таптыңдар. Мен кешірімдімін. Ертеңгі ұрпағыңның қамын ойла, жасыл орманда, тұнық суымды, таза ауаны ластамай, менімен тепе-теңдікте өмір сүріңдер!
Тақырыпты ашу.
– Бұл сөйлеп тұрған кім деп ойлайсыңдар?
– Табиғатқа нелер жатады?
– Олай болса балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзіміз өмір сүріп отырған ғаламшарымыз, оның табиғаты, ондағы адамдар әрекеті, яғни біздің табиғатқа қатысымыз туралы болмақ. Сондақтан да «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деп бекер айтылмаса керек.
Жаратылыс, жан ана,
Қарық қып суға, ауаға,
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға – дей келе, бүгінгі біздің сабағымызда табиғаттың адамзатқа тарту еткен сыйын қадірлеу, бағалау тақырыптарын сабақ барысында қарастырамыз.
Жаңа сабақ.
—Ал енді сайысымызды бастайық. Бір-бірімізге сәттілік тілейік.
(Әр топ өз топтарын таныстырып өтеді.)
«Күн» тобы
Құтты болсын сыныптас,
Алға аттаған қадамың
Білім деп соқсын жүрегің,
Жолыңа бестік шашамын
«Су» тобы
Жайнасын балбұл жүздерің,
Бір сыныптас достарым
Жайқалып тұрған көктемнің
Өмірің сенің гүл болсын
«Ауа» тобы
Шақырып алыс арманға,
Асулар күтіп тұр алда
Өмірге ұлы самғауға
Жар бола көрсін бір Алла!
Ал енді балалар сайысымызды бастамас бұрын ойымызды жинақтап алайық. (Ой қозғау стратегиясы)
Мұғалім: Егерде, Күн, Су, Ауа болмаса не болар еді?
Иә, балалар, Күн, Су, Ауа табиғаттың адамға берген ең үлкен сыйы.
Сайыс
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды,
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқаншанда нанымды,- дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет