Тақырыбы: Тәрбие жұмысына бағытталған ҚР нормативті құжаттары Жоспар



бет2/10
Дата29.02.2024
өлшемі37.02 Kb.
#493253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тәрбие жұмысына бағытталған ҚР нормативті құжаттары лекция

Күтілетін нәтижелер.
Тәрбие жұмысының жаңа моделі бойынша сынып жетекшісі, тәлімгер, әлеуметтік педагог, психолог қызметкерлері жұмыстарының мониторинг өлшемдерін анықтап ендіру.

  1. Білім беру мен тәрбие процестерін жүзеге асыруда ата-аналардың, оқушылардың, сынып жетекшілерінің, тәлімгерлердің, әлеуметтік педагогтардың және психолог-педагогтардың бестік одақ жұмысын қарастыратын тәрбие жүйесінің жаңа моделін дамыту.

  2. БҰҰ бала қүқығы туралы Конвенциясына сай, еліміздің балалар бұқарасын құқықтық біліммен сауаттандыру, ересектер мен балалардың салауатты өмір салты туралы білімін көтеру, темекі мен есірткі заттарын жастар арасында пайдалануға жол бермеу және алдын алу.

  3. Білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесінің жаңа моделін тарату.

  4. Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағын, саяси және әлеуметтік маңыздылығын өзектілендіру;

  5. Балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне толеранттылық, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым қатынасты тәрбиелеу;

  6. Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;

  7. Кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін өзі іске асыруына және өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау



Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
I. Орта білім беру ұйымдарында тәрбие процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.
Әрбір бала өзінің балалық шағын мектепте өткізеді. Кішкене бала болып келеді де, өсіп-жетілген соң адам болып шығады. Осы аралықта ол өзінің психологиялық әрекетін игеріп, азаматтық құқық пен еңбек, кәсіби білімді меңгереді. Қазіргі заманда мектеп оқушысының оқу үлгерімін ғана емес, оқушының тұлғалық даму процесінің маңызды жақтарын қарастырады, яғни мектептің басты міндеті әр оқушыны тәрбиелеудегі мақсатқа бағыттай тәрбиелеу. Оқытуда білім, білік, дағды қалыптастыру тәрбиенің негізгі құралы болуда. Сондықтан әрбір педагог тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында төмендегі Қазақстан Республикасының нормаларын, ережелерін, заңнамалары мен актілерін басшылыққа алу міндетті:
1) Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
3) Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі;
4) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;
5) Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
6) Қазақстан Республикасының «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-VI Заңы;
7) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
9) Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет