Тәрбиені ұйымдастырудың негізгі қағидалары
Тәрбиенің ұйымдастырушылық тәсілдері мен мазмұны, белсенді әлеуметтік, білімді, адамгершілікті және дені сау тұлғаның қалыптасуына тәрбиесіне бағытталған қағидалар негізінде іске асырылады.
Мақсатқа бағытталған қағидаға тұлға дамуының әрбір кезеңіндегі нақты мақсатты бағдар, ұжымдық қажеттіліктердің нақты есебі, басты тәрбиелік іс-әрекеттердің түрін дұрыс тандау жатады.
Гуманистік бағыттағы қағида гуманистік ойлар мен бағыттардың алдыңғы орынға шығуын ұсынады, яғни әрбір тұлғаға сыйластықпен қарау, оның барлық күш-жігерінің дамуына қамқорлық жасау, еркіндігі мен әлеуметтік құқығын тану, мұғалімнің білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуына жауапты субъекті есебіндегі карау, сонымен қатар субъект - субъект қатынасы негізінде өзара іс қимыл жасау.
Табиғилық қағидасы тәрбиенің табиғи және әлеуметтік мәдени үрдістер арасындағы арақатынасын ғылыми тұрғыда түсінуге негізделеді, яғни оқушылар жынысына, жасына сәйкес тәрбиелейді, олардың бойында өзін-өзі дамытуда, жүріс-тұрыс әрекеттері барысында туындайтын экологиялық зардаптар үшін жауапкершіліктерін қалыптастырады.
Мәденилілік қағидасы тәрбие жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ұлттық мәдениеттің нормалары мен құндылықтарына сай, жалпыадамзаттық құндылықтарға қайшы келмейтін аймақтық дәстүрлерге сай жүзеге асады.
Әлеуметтік өзара іс-әрекеттің тиімділік қағидасы білім беру жүйесіндегі түрлі ұжымдардағы тәрбие деп ұйғарылды, ол тәрбиеленушілердің қарым-қатынас аумағынкеңейтуге мүмкіндік береді, мәдени әлеуметтік үрдістерде өзін-өзі анықтауына сындарлы жағдай жасайды, негізінен өз-өзін танытуға әлеуметтік бейімделу дағдыларын қалыптастырады.
Тұлғаның әлеуметтік мәдени білігін дамытуды тәрбиелеуді шоғырландыру қағидасы тәрбиенің түпкі мақсаты мен тактикасы балаға, жасөспірімге, жас жеткіншектің әлеуметтік мәдени тәжірбиені меңгеруіне және әлеуметтік ортада өзін-өзі еркін анықтауына көмектесуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |