III. Декомпенсация сатысы - науқастың жағдайы ауыр, тынысы жиі, беткей, тері жамылғылары бозғылт-көкшіл түсті, алғашында акроцианоз байқалады, содан кейін, жан-жақты (жайылған) цианоз. Науқас мəжбүрлі қалыпта болады: жартылай отырады, басы шалқайған күйде, көмей ең жоғарғы экскурциясын тыныс алғанда жəне тынысты шығарғанда жасайды, тершеңдік, пульс жиі, əлсіз талу.
IV. Терминальды сатысы (асфиксия) - науқаста тез шаршағыштық, бəрі бір болады. тынысы беткей, үздік-үздік (чейна-стоке), терісі бозғылт-сұр түсті, пульс жиі, жіп тəрізді, қарашық кеңейген, содан кейін есінен танады, еріксіз зəр шығады, дефекация жəне өлім.
ДИАГНОСТИКА
Диагностика
критерийлері
Көмейдің тарылу себебі негізінен анамнез жинағына жəне көмейді қарап тексеру нəтижесіне негізделеді.
Клиникалық симптомдар көмейдің тарылуын дамытатын себептерге жəне даму жылдамдығына байланысты емес:
1. Инспираторлы ентікпе.
2. Мойын, кеуде клеткаларының т.б. бұлшық еттерінің тыныс алу актісіне қатысуы.
3. Қалқанша шеміршек экскурсиясы анықталады-төмен-тыныс алғанда жəне жоғары - тыныс шығарғанда.
4. Тыныстық ритмнің əлсіреуі ( дем алудың əлсіреуі, тыныстық үзілістің қысқаруы).
5. Көмейлік шулардың пайда болуы, дауыстың өзгеруі (сырылды немесе дыбыссыз).
6. Венозды стаз.
7. Пароксизмальды пульс (əлсіреуі немесе жəне тыныс алғанда жоғалуы).
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар жоспары
Негізгі диагностикалық жоспары:
1. Анализ жинағы жəне жалпы терапиялық шағым.
2. Жалпы терапиялық визуалды қарау.
3. Тыныс жиілігін тексеру, өкпе аускультациясы.
4. ҚҚ (АД), пульсті тексеру.
5. Қосымша зерттеу заттарымен (свет, шпотель, айна) жоғары тыныс жолдарын қарау.
Қосымша диагностикалық жоспар:
1. Қанның газдың құрамын тексеру.
2. Реаниматолог кеңесі.
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОЗ
Дифтериялық круп пен басқа этиологиялы круптың салыстырмалы диагностикасы
Белгілері
|
Нағыз дифтерий/к круп
|
Жалған круп
|
Дауыс
|
Дауыс щығуының əлсіреуі
тұрақты афонияға ауысуы
|
Тұрақсыз дауыс əлсіреуі
афония жоқ
|
Жөтел
|
Құрғақ, (дөрекі), қинайтын.
Дыбысы шықпайды, афонияға дейін
|
Қиналдыратын жөтел,
дыбысы жоғалмайды
|
Жабынды
|
Лас-бозғылт, қиын ажырайды,
жабындыны алғаннан кейін
беті қанды болып қалады
|
Беткей, тез ажырайды
|
Мойын лимфа түйіндері
|
Ұлғайған, екі жағынан да
ісінген, аздап ауырсынады,
түйін айналасындағы
клетчаткалар ісінген
|
Ұлғайған, қатты ауырады,
ісік жоқ. Лимфа түйіндері
пальпацияланады
|
Стеноздың дамуы
|
Көмейдің таралуы біртіндеп
дамиды, алғашқыда тыныс
шулы демалалмай қалады
(ұстама), өзінен өзі қайтпайды
|
Тарылуы кенеттен п.б, жиі
түнде дем алу қатты
алыстан естіледі, кейде
тарылу спонтанды өтеді
|
Достарыңызбен бөлісу: |