Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет7/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Көмей тарылуы –дыбыс саңылауы арқылы тез немесе біртіндеп үдемелі түрде ауа өтуінің қиындауына алып келетін көмей саңылауының тарылуы. ЖІКТЕМЕСІ.1. Қасқағымды. Қысқа уақыт ішінде дамиды: бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін этиология: көмей жарақаты,көмейдегі бөгде заттар.2. Жіті. Ұзағырақ уақыт ішінде дамиды: бірнеше минуттан бір тəулікке дейін. Этиология: ісік – аллергиялық жəне қабыну үрдісі кезінде (эпиглоттит, хондроперихондрит, көмей абсцессі, көмейлік баспа, мойын флегмоносы т.б.) жарақаттар (ОҚ тиген жарақат, термиялық жəне химиялық күйіктер), оперативті жолмен (сртумэктомия кезінде төменгі көмей нервісің зақымдануы), ұзаққа созылған жоғарғы трахеобронхоскопия, эндотрахеальды нархоз кезіндегі жарақаттық интубация.Улы күйдіретін заттар (мыс: хлор); жедел респираторлы вирустың инф/я кезіндегі ларинготрахеит (ерте балалық жастағы ісіктің ең жиі себебі).
3. Жітілеу. Бірнеше күн ішінде дамиды (1 аптаға дейін) этиология. Көмей дифтериясы, сонымен қатарàкөмейдің жедел тарылуына əкелетін ауру/ры.

4. Созылмалы. Бірнеше апта, ай, жəне жылдар ішінде дамиды. Этиология. Балалардағы көмей папилламотоз, көмейдің қатерлі жəне қатерсіз ісіктері, спецификалық инфекциялық гранулемаларгуммозды мерез, туберкулез, склерома; көмейдің хондроперихондрит орны секілді тыртықты өзгерістер, күйіктер, жарақаттың зақымданулар, оң тиген жарақат,екі төменгі көмей нервттың салдануына əкелетін көмейден тыс үрдістер көмейдін туа п.б. жүре п.б. мембраналары жəне кистасы.

Көмей тарылуының сатылары (дəрежелері):

I. Компенсация сатысы - демалу мен дем шығару арасындағы үзілістің қысқаруы, физикалық жүктемеден кейін инспираторлық ентігумен сипаттайды.

II. Толық емес компенсация сатысы - дем алу үшін қатты күшті қажет етеді, тыныс шулы, алыстан естіледі, тері-бозғылт. Науқас мазасыз болады, көзіне елестер көрінеді, мойын жəне кеуде клетканың бұлшық еттері тыныс алу актісіне қатысады, бұғана үсті жəне бұғана асты аралықтың, тыныс алу кезінде эпигастригі аймағы жəне қабырға аралық араларының жиырылуы. Айтылған симптомдар физикалық күштемесіз пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет