Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары


Стоматит – ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуы. Жіктемесі



бет5/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Стоматит – ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуы.
Жіктемесі:
1. Кандидозды стоматит (уылу).
2. Афтозды стоматит (нақты себебі анықталмаған, бірнеше қоздырғыш болуы мүмкін).
3. Герпестік стоматит (жəй герпестің қоздырғышы).
Клиникалық белгілер:ұрт, қызыл иек, кейде таңдай жəне тілдің сілемей қабатындағы ауырсынулы, гиперемиялы, ісінулі, жаралы учаскелер;
-сілекей ағу;
-тамақтан жəне сұйықтықтан бас тарту;
- дене температурасының жоғарылауы.
Афтозды стоматит – шырышты қабықтың кез келген жерінде орналасқан, əсіресе, қозғалмалы бөлігінде (ұрттың шырыштысы) домалақ, ауыру сезімін тудыратын, терең ойық жаралар. Бірен-саран немесе көптеген зақымданулар, сұр үлбірмен жабылған, көтеріңкі қабынған білікпен қоршалған. 
2. Герпестік стоматит – ұрт, қызылиек, таңдай мен тілдің шырышты қабығында ауырсындыратын, қан кернеген, ісінген жəне ойық жараланған аймақтар. 40,6 С дене қызуы жəне қызба.
3. Кандидозды стоматит – ауыз қуысы шырышты қабығында ақ ірімшік тəрізді өңез. Бұл көріністер жиі ауыз қуысы бүкіл шырышты қабығының диффуздық эритемасымен қосарланады, оның құрғақтығы байқалады.
Емдеу тəсілі
Ем мақсаты:
1. Қабыну процесі, ауру сезімі синдромын тоқтату, жараны жазу.
2. Ауыз қуысының толық тазартылуы.
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Науқасты оңашалау (жеке ыдыс-аяқ, гигиениалық заттар).
2. Механикалық аялаушы сүтті - өсімдікті диета.
3. Сұйықтықты мол ішу (қайнаған су, жеміс пен көкөніс шырындары).
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Саңырауқұлақты стоматитте – метилен көгі сулы 1% ерітіндімен ауыз қуысын өңдеу, 1% май мен клотримазол кремі - күніне 2 рет (таңертең жəне кешке) жағады. Таралған процесте - 5 жастан жоғары балаларға ауыз арқылы берілетін *итраконазол ерітіндісі 5 мг/кг бастапқыда ауыз қуысын 20 сек ішінде шайқау керек, содан кейін ерітіндіні жұту керек, флуконазол 6мг/кг/тəу дозада емнің бірінші күні, содан кейін 3мг/кг/тəу, 2 апталық нəрестелерге – арасы 72 сағат, 2- ден 4 аптаға дейін – ара қашықтығы 48 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет