2. Адамның қоғам мүше ретінде қалыптасуында тілдің мәні, оның қызметі мен құрылысының даму жолдары.
Тіл эр түрлі материалдық субстанцияларда қызмет етеді; дыбыстық, графикалық, қозғалыстық. Тілмен кез-келген материалдық обьект сияқты жұмыс жүргізуге болады. Тіл арқылы біз белгілі-бір деңгейде тани аламыз. Бірақ тілмен байланысты емес,тілдің көмегімен сыртқы өмірденДшкі өмірге, психикаға ауысуға болады.
Тілді меңгерумен бірге тілдік-логикалық ойлау, ұғымдар мен логикалық операциялар дамыды. Оның көмегімен индивидтің ой мазмұны қоршаған ортадағыларға жетеді.
Тіл туа біткен қабілет емес, онтогенез процесіне баланың функционалдық жэне ақыл-ойының дамуымен қоса жүреді. Шартты рефлекс арқылы қалыптасады.
«Тіл» дегеніміз-азаматтық қоғамдық тарихи тэжірбиесінің қорытындысы ретінде адамдарға берілетін қүрал, яғни қарым-қатынас қүралы.
Сөйлеу тілінің қүрамының негізгі бөліктері дыбыстар, сөздік және граматикалық қүрлысы болады. Ауызша сөйлеу тілінің диалогтық жэне монологтық түрі болады. Диалогтық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше адамның тікелеу қатысуымен пайда болатын жэне негізінде кезектесіп сөйлеуден қүралатын сөйлеудің ең қарапайым түрі. Ал монолоялық сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйені дэйектілікпен бір кісінің байланыстыра баяндауы.
Жазбаша тіл дегеніміз сөйлеу тіліндегі жинақталған дыбыстардың бейнелеуі негізінде графикалық бейнеленуі. Сөйлеу тілі бүзылған балаларда міндетті түрде жазуы бүзылады.
Тілді меңгеру үшін фонематикаылқ есту қабілетінің дамуы жэне ана тілі фонемасын сөйлеуде дағдылануы, сөздік қорын жэне синтаксистің дүрыстығын меңгеру, сөзлеу тілінің мағыналық жағын игеру.
Баланың сөйлеу тілінің дамуы заттық іс-эрекеттен алынып,жинақтал-ған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болып табылады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері түрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нэрестелік шақтан-ақ басталған қарам-қатынас қажеттілігінің ары қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни оны үлкендер түсінікті сөйлеп өз ойын айқын сөздермен қүра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың эрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сэбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады, нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсібірсебептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айрылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілінің дамуымен қарқынды шүғылдану керек..
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикасының дамуының негізі болады.
Біздіңтіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Сондықтанда біз баланың тілін дамытумен бірге бізде оның ойын дамытамыз. Адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана туып және сол арқылы қолданылады. Сөз қорының таяздығы, тілдің толық жетілмеуі ақыл-ойдың дамуын кешеу іл д ендіре д і.
Достарыңызбен бөлісу: |