Қабылдау. Егер түйсіну айналадағы заттар мен қүбылыстардың жеке қасиеттерімен сапаларының мидағы бейнесі болп саналса, ал қабылдау сол заттар мен қүбылыстардың мидағытүтастай бейнеленуі болып табылатын тікелей танымдық процесс. Қабылдау түйсінудегідей бір ғана талдағыштың қызметі емес, ол бірнеше талдағыштардың (көру, есту, дэм, иіс т.б.) өзара байланысып жүмыс атқаруымен жасалады.
Қүбылыстар мен заттарды қабылдау процесінде баланың бүрынғы тәжірибесінің көлемінің мэні өте зор. Өйткені, тәжірибе қабылдауға ғана эсер етіп қана қоймайды, ол баланың ойлау мен іс-эрекетінде билейді.
Кеңістікті жэне уақытты қабылдау АҚШ-тың кибернетик ғалымы дәлелдегендей, адамның денесі, эсіресе ішкі ағзалары сағат тэрізді қызмет атқарады. Мүнымен қатар кеңістіктегі заттарды жэне уақытты қабылдау көбінес адамның ішкі субъективті ойынына тэуелді. Сондықтан адамның эрқилы жастағы кезеңдерінде оқиғаларды есте қалдыру жэне жаңғыртуы да түрліше
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы мен оның санасында жетекші рөл атхқаратын процесс - ес. Бүд кезеңде бала
есінің дұрыс дамуы эртүрлі тітіркендіргіштерді қабылдау мен сөйлеуіне және ойлау эрекетіне негізделіп, жалпы даму қарқынын күрделендіре түседі.
«Ес - ақыл қоймасы». Ана тілімізде «ес» деген сөздің екі түрлі мағынасы бар. Біріншіден ол «ақыл-ой» деген мағынада қолданылса, екіншіден, «жады» деген мағынаны береді. Мэселен, «жаттау», «жаттығу» деген сөздердің түбірлері осы «жады» сөзінен шыққан. Сондықтан, еске ақыл-ой, оның сапасы, ауытқу үлкен эсер етеді.
Ес принциптерініц түрлері. Оқу материалдарын, естігенін есте қалдыру немесе еске түсіру, сезім мүшелеріндегі рецепторлардың түріне қарай әр түрлі келеді: біреулер көзімен көргенін нем есе оқығанын, екіншілері күлағымен естігенін, ал үшіншілері қолыменүстағанын, албасқаларыосырецепторлардың бәрін біріктіре қолданғанда ған тиісті мағүлыматтарды есте сақтай алады. Осыған орай, балалар көргенін есте қалдырғыш, естігенін есте қалдырғыш жэне мағлүматтарды естіп, қозғалыс жасау арқылы есте қалдыратынтиптер деп бөлінеді. Интеллектуалды дамуы зақымданган балаларда осы аталған типтердің бірде-біреуі толық қалыптаспаған.
Мектеп жасындағы балалар санасының дамып жетілуінде жетекші процесс - ойлану әрекеті. Ойлану әрекетінің бүл кезеңде қарқынды дамуы бала санасының өзге де психикалық процесстерінің шапшаң дамып, оның танымдық эрекеттерінің тереңдеуіне қолайлы жағдай тудырады. Ойлау деп - мэселені шешудегі толғану процессін айтады. Ойлану - дамушы қүбылысжәне ол балалар арасындаүнеміжүмыс күйінде кездеседі. Мида болып түратын үздіксіз ойлану жэне оның нэтижесі - үғымдар мен сөйлемдер бір емес.
Жалпы психологиялық процесстердің дамуы мен өзара ықпал етуі нэтижесінде бала психикасының жаңа сапалары қалыптасады. Егер тэрбиелеу, оқыту, бейімдеу жүмыстары баланың үгымталдық кезеңіне сай жүргізілетін болса, оның нэтижелері барынша жемісті болады. Ал кемтар балалардың ақыл-ойын жетілдіру үшін олардың бойындагы барлық мүмкіндіктерін оятып, жүмылдыру қажет. Осы багытта тиісті арнайы шараларды қолданып, оның ішіндекөрнекі қүралдарды, арнайы эдістерді пайдалана отырып, түрлі іс-эрекеттерді сапалы орындауга бағыттау керек. Осы эдістерді қолдану нәтижесінде кемтар балалардың ақыл-ойы өрістеп, тәжірибелік іскерліктері артады, жүре келе еңбектің жеңіл түрлерін де меңгеретін болады, сонымен қатар олар сөйлеу және ойлау процесстері де қалыптаса бастайды.
Психикалық процесстердің бүзылуы кемтар балалардың категорияларына сэйкес эр түрлі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |