Тақырыпт ық жоспар



бет13/27
Дата21.09.2023
өлшемі1.64 Mb.
#478193
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Мемлекеттік іс қағаздан ҚМЖ 2024 ке

Бақылау тапсырмасы:
1.Келесі сөздермен 3 сөйлем құрастырыңыз: жалақы, демалыс күндер, құқықтары мен міндеттері
15-сабақ.
4.7.тақырып.Азаматтар өтініштері бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру Азаматтар өтініштері бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Азаматтар өтініштерін қараудың тәртібі туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы №2340 Жарлығына сәйкес жалпыдан бөлек жүргізіледі. Азаматтар өтініштері (ұсыныстар, арыздар, шағымдар, лебіздер және сұраулар) бір орталықтан есепке алынады және тіркеуге келіп түскен күнінде алынады. Лауазымды тұлғалар азаматтарды жеке қабылдаған кезде алған ауызша және жазбаша өтініштер де міндетті түрде орталықтандырылған тіркеуге алынады. Өтініш қайталанып түскен кезде оған қайтадан кезекті тіркеу нөмірі беріледі де алғашқы нөмірі көрсетіледі. Қайталанған өтініштің бірінші парағында жоғары оң жақ бұрышына «қайталанған» деген белгісі қойылады. Өтініштерге жауапты ұйым немесе құрылымдық бөлімше басшысы ауызша немесе жазбаша нысанда береді. Орындалған өтініштер тиісті құжаттарымен бірге осы жұмысқа жауапты тұлғаға қайтарылады (бір орталықтан жасақтау үшін). Азаматтар өтініштері іске ұйым қызметінің бағыттары немесе түрлері, мәселелері бойынша тіркеледі.
Бақылау сұрақтары:

  1. Азаматтар өтініштері бойынша іс жүргізу қай заңға сәйкес жүргізіледі?

  2. Өтініштер қай күннен бастап тіркеледі?

  3. Азаматтар өтініштері іске қалай тіркеледі? Бақылау тапсырмалары:

1)Берілген сөздерді, сөз тіркестерді аударыңыз: азаматтар өтініштері бойынша, ұсыныстар, сұраулар, ауызша өтініш, жазбаша өтініш, іске тіркеледі.
2) «Азаматтар өтініштері бойынша», «Жауапты тұлға» - деген сөз тіркестерімен екі сөйлем құрастырыңыз.
16-сабақ.
4.8.тақырып.Жеке құжаттар түрлері.
Күнделікті өмірге қажеттілік туған жағдайда әкімшілікке, сотқа, нотариусқа, пошта бөліміне, банкке, тағы да басқа қызмет көрсету орындарына қайсымыздың болмасын ісіміз түсуі мүмкін. Ресми құрылымдар мен ондағы лауазымды адамдарға біздің көзқарасымыз да әр түрлі болады: оларға құрметпен немесе күдікпен қарауымыз мүмкін. Соған орай ауызекі тілдесуде әр қалай қатынас орнап жатуы мүмкін. Сондықтан мәселені дұрыс шешу үшін, қызмет әдебін сақтау үшін, жазбаша түрде қалыптасқан қатынасқа жүгінгеніміз жөн. Құқықтық және этикалық жағынан жағдайға сәйкес келетін белгілі бір құжат түрін таңдаймыз.
Жеке адамның ұйымдармен қарым-қатынасындағы құжаттар жеке құжаттар деп аталады. «Жеке» деп аталатын себебі – олар жеке адамның атынан жазылады, немесе жеке адамға арналады. Мысалы: қолхат. Кез келген құжаттан шынайлықты, мәліметтердің толық болуын талап етеді. Мәтіннің тілдік нормасы дұрыстықты, анықтықты, қысқалықты, нақтылықты, сөздің эмоцияға берілмеуін талап етеді. Әр жағдайда адам өз мәселесін дұрыс шешу үшін түрлі жеке құжаттарға жүгінеді. Мысалы: ресми органдардан бір нәрсе жөнінде сұрайтын болсақ, «Өтініш» жазамыз, ал енді басқа адамның бірдеме істеуіне тапсырыс беретін болсақ, «Сенімхат» жазамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет