Тақырыпт ық жоспар



бет14/27
Дата21.09.2023
өлшемі1.64 Mb.
#478193
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Мемлекеттік іс қағаздан ҚМЖ 2024 ке

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай себептермен адам ісі түскен кезде әкімшілікке, сотқа, нотариусқа, пошта бөліміне өз мәселесі бойынша жазбаша түрде қатынасқа кіреді.

  2. «Жеке құжаттар» деп қандай құжаттарды атайды.

  3. Кез келген құжаттан нені талап етеді.

  4. Құжаттан қандай тілдік норманы талап етеді.

  5. «Жеке» - деп неге жеке құжаттар аталады. Бақылау тапсырмалары:

  1. Келесі сөздерді аударыңыз: әкімшілік, сот, лауазымды, жазбаша түрде, жеке.

  2. Мына сөз тіркесімен сөйлем құрыңыз: жеке құжаттар.

17-сабақ. 4.9.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Жеке құжаттарды толтыру.
Азаматтардың заңды тұлғаларға көбірек жазатын құжат түрлері:
негізінен арыз, сенімхат, қолхат, өмірбаян, өтініш т. басқалары болып келеді. Жанрлық стилі құжаттың құрамын мәтіннің мағыналық құрылымын сақтауды талап етеді. Тілдік норма сөз қолданудағы дұрыстықты, әдеби нормаға сәйкес келуін, анықтықты, қысқалықты, қарапайымдылықты, сөздің эмоцияға берілмеуін талап етеді.
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Ол қолмен, кейде арнайы бланкке бірінші жақта жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және тағы басқа қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Үлгі: Мен, Исабекова Алтынай Біржанқызы, 1974 жылдың 22 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Әкем, Исабеков Біржан Сақтайұлы, 1940 жылдың 5 наурызында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келді. Қазір – зейнеткер. Анам, Исабекова Райгүл Баташқызы, 1941 жылдың 20 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келді. Қазір – зейнеткер. Ағам, Исабеков Дидар Біржанұлы, 1972 жылдың 10 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында, Қарасу ауылында туған. Ол – кәсіпкер.
1982-1992 жылдар арасында Қарасу орта мектебінде оқыдым. 1992 жылы Семейдегі педагогика институтының филология факультетіне оқуға түстім. 1996 жылы аталған институтты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, Қарасу ауылына қайтып келдім. Қазір Қарасу орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеймін.
Тұрмыстамын, екі балам бар. ұлым 15 жаста 8 сыныпта оқиды, қызым 8 жаста 2 сыныпта оқиды.
Мекен-жайым: Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, Абай көшесі, 5-үй.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет